Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Дамытушы ортаны құру принциптері



Pdf көрінісі
бет109/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Дамытушы ортаны құру принциптері.
Дамытушы ортаны құру принциптерінің мазмұны (В. А. 
Петровский)
Дамытушы ортаны құру принциптерінің мазмұны (М. Н. 
Полякова)


196
1. Арақашықтық принципі – үлкендер мен баланың өзара 
әрекетіндегі позициялар:
- қарым-қатынастағы серіктестік;
- оңашалану мүмкіндігі.
2. Белсенділік, өзінділік және шығармашылдық принциптері:
- балалар іс-әрекетінің өзіндігі мен шығармашылдығы үшін жағдай;
- баланың іс-әрекет нәтижелерін сыйлау.
3. 
Тұрақтылық 
принципі 
– 
қоршаған 
кеңістіктің 
динамикалылығы: топтық орындарда ортаны жайлы етіп өзгерту 
мүмкіндігі.
4. Комплексиялау және ыңғайлы аймаққа бөлу принциптері:
- белсенділіктің қиылыспайтын сферасын құру;
- функционалды орындар дайындауды ұйымдастыру.
5. Әр бала мен үлкен адамның эмоционалдық жағдайының 
жақсы болу принципі: оңашалану бұрыштары, әр бала үшін жеке 
кеңістік.
6. Ортаны эстетикалық тұрғыда ұйымдастыруда үйреншікті 
және ерекше элементтерді үйлестіру принципі: өнердің әр түрінде 
эстетика санаттарын үйлестіру.
7. Әр балаға ортаның ашықтық-жабықтық принципі: қоғамға, 
табиғатқа, мәдениетке, өзінің «Мен»-іне ашықтық.
8. Ортаның компоненттерін қалыптастырғанда және оны 
толтырғанда жыныстық және жас айырмашылықтарын ескеру 
принципі.
1. Баланың сұранысына сыйластық принциптері (қозғалыстағы, 
қарым-қатынастағы, танымдық, қолдаудағы, өз беттілігіндегі сұраныс):
- еркін кеңістіктің болуы;
- жабдықтың қолжетімділігі және оның көптүрлілігі;
- топтық орындардың аймақтарға икемді (қатаң емес) бөлінуі.
2. Баланың пікіріне сыйластықпен қарау принципі: ортаны құрғанда, 
оны өзгерткенде, байытқанда балалардың пікірлнрі мен ұсыныстарын 
ескеру.
3. Заттық-кеңістіктік ортаның функционалдылық принциптері:
- балалар талап еткен және әртүрлі дамытушы функциялар орын-
дайтын материалдар мен жабдықтарды жинақтау;

уақыттың 
ағымына 
сәйкес 
материалдардың 
өзара 
ауыстырылымдығы;
- құралдар көпфункционалды, комбинаторлық, нұсқалы болуы 
тиіс.


197
4. Білім берудің озықтық сипаты: топтық орындарда материалдардың 
15%-ы келесі жас сатысындағы балаларға бағытталуы керек (диагно-
стика үшін негіз, дамудың әртүрлі деңгейіндегі балаларға бағдарлау 
мүмкіндігі, танымдық белсенділікті жеделдету).
5. Ортаның динамикалық-статикалық принциптері:
- орта жағдайлы, тартымды бола отырып баланың өзгеруіне қарай 
өзгеруі тиіс;
- баланың ортаны өзгертуге өзі өзгеріс енгізе алатындай, оны өзіне 
ыңғайлайтындай мүмкіндігі болуы керек.
Айтылған көзқарастарды талдай келе, олардың кейбір ортақ 
тұстарын, көптеген принциптердің мазмұны жағынан үндес екендігін 
атап көрсету қажет. Олар педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік 
бағытталғандығы, балаларды тұлғалық-бағдарлық тәрбиелеу мен оқыту 
мақсаттарын жүзеге асыруды көздейтіндігі, мектеп жасына дейінгі 
балалардың тұлғасын және іс-әрекетін дамыту үшін көпфункционалды 
кеңістік құру. Дамытушы ортаны құру принциптерін анықтаудағы 
әртүрлі көзқарастың болуы мектепке дейінгі мекеме педагогтарына 
өз көзқарасын білдіруге және соның негізінде дамытушы шарттардың 
оңтайлы кешенімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Баланың даму ортасын жобалау процесі үздіксіз, оны аяқталды деу-
ге болмайды. Мектеп жасына дейінгі бала өседі, дамиды, барлық салада 
онда өзгерістер болады (мотивациялық, физикалық, интеллектуалдық, 
коммуникативтік, креативтік). Баламен бірге оны жаңа белсенділік 
түрлеріне жетелейтін қоршаған кеңістік өзгереді. М. Н. Полякова педагог 
құрған бастапқы орта өз функцияларын екі айда орындайтындықтарын, 
одан кейін оның түрленіп өзгеретінін айтады. Оның үстіне статикалық 
кезең бойы баланы қоршаған кеңістікке түрлі өзгерістер енгізіп тұру 
қажеттігін атап көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ортасын жобалағанда және 
құрғанда педагог мынаны түсінуі керек. «…балалардың өмір сүретін 
ортасындағы жағдай оларды тәрбиелеуде еш нәрсемен салыстыруға 
келмейтін зор рөл атқарады. Орта жағдайы әсер етпейтін тәрбиенің 
ешқандай жағы жоқ, баланың тікелей нақты қоршаған ортасының 
тәуелді емес қабілеті жоқ…» - деп көрсетеді Е. И. Тихеева.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет