141
аздаған түзетулер енгізіп оны қайталайды. Мұндай ойындар баланың
ықыласын төмендетеді. Оның үстіне, педагогтар ойын тақырыбын
бергенде жылдан жылға, көбінесе уақыттың
өзгеруіне байланысты
баланың талғамын, мәдениетін ескермейді.
Қазіргі кезеңдегі баланың өмірі көпжақты, әртүрлі әсерлерге толы,
олар педагог тарапынан тым қатаң жетекшілік болмаған жағдайда ой-
ында көрінеді. Балалар ойындарын зерттеген көптеген зерттеушілердің
ойынша жалған барлық балалар бір уақытта бір ойынды ойнауы тиіс
«ойынның ұжымдық сипаты» ұғымды сынға алды. Ойынның ұжымдық
сипаты туралы бұл ұстанымды балалардың өз еріктерімен әрқайсысы
үшін өзінше қызықты іс-әрекет деп түсіну керек. Басқа жағдайларда
педагогикалық процесті дараландыру балалардың бос уақыттарында
белсенділік түрін өз еріктерімен таңдауына сәйкес іске асады.
Ойнап жүрген балалар әлеміне баланың өзі кіруі шынайылау бола-
ды. Бұл баланың әртүрлі жастағы және ойын тәжірибелері де әртүрлі
балалардың тобына кіргенде болады. Мұндай
ортада бала біртіндеп
ойын білігі туралы өз тәжірибесін жинақтай бастайды. Ол өзінен кіші
балаларға ойынды жеткізуші болады. Мектепке дейінгі мекемеде әртүрлі
жастағы балалар сирек кездеседі, жастары әртүрлі балалар әрқашанда
бөлектеніп жүреді. Мұндай жағдайда педагог балаға жетіспей тұрған
ұжымды ауыстыруы қажет, балаға ойын білігін
меңгеруге көмектесуі
тиіс.
Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова осыған байланысты былай деп
жазады: «Балаларға сюжеттік ойындарға қатысты сәйкес педагогикалық
ықпал жүргізу үшін оның ерекшелігін жақсы түсіну қажет, оның
дамытушылық маңызы жөнінде түсінік болуы тиіс, әрбір жас кезеңінде
ол қандай болуы керек, сол сияқты мектепке дейінгі жастары әртүрлі
балалармен кәдімгідей ойнай білу керек».
Сюжеттік ойын кесте түрінде заттар мен шартты амалдар тізбегі
сияқты құрылады; күрделі түрде – ерекше рөлдік өзара ықпал тізбегі, ал
одан да күрделі түрде – әр алуан оқиғалар тізбегі. Ойын әрекетін бұлай
күрделендіру балаларда тиісті ойын білігі бар болған жағдайда мүмкін
болады. Ендеше, неғұрлым баланың әрекетінде ойынды құрудың
барлық
тәсілдері толығырақ болса, соғұрлым ойын білігінің реперту-
ары кең, балаларға ұсынылған мазмұн әртүрлі, балалардың өздерін-
өздері көрсетуге мүмкіндіктері үлкен болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын әрекеті деңгейін бағалаудың
негізгі критерийі ретінде теорияның авторлары ойынды құру тәсілі,
бұл тәсілдерді құрастыра алу мүмкіндігі, баланың ойынның түпкі ой-
142
ына сай заттар мен шартты амалдарды енгізу білігі, рөлдік диалогтар,
әртүрлі оқиғаларды сабақтастыру басымдық
алатын ойын білігінің
даму деңгейі деп есептейді.
Ойынға қатысты педагогикалық ықпалдың мақсаты білімді
ұжымдық түрде жасау емес, балалардың өздігінен ойнауын қамтамасыз
ететіндей ойын білігін қалыптастыру, мұнда олар әртүрлі көрсетілімдерді
орындайды, кішігірім ойын бірлестігінде құрбыларымен өзара қарым-
қатынасқа түседі.
Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова мектепке дейінгі мекемедегі
сюжеттік ойындарды ұйымдастыру принциптерін анықтады. Сол
принциптерді көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: