Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет87/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Екінші кіші топта бала рөлді меңгеруге қабілетті. Рөлдік болмысы 
рөлдегі еліктеушіліктен рөлді саналы түрде ойнау диапазонына дейін, 
әртүрлі байланыстар мен қатынастарды оған қосқанға дейін қамтиды.
Рөлдік болмысты меңгеру өзіне ойын ролін алуынан және оны 
серіктесіне беруінен тұрады. Рөлді меңгеру шартты заттық амалдарды 
орындау, рөлдік диалог орнату, ойын барысында серіктесінің роліне 
қарай рөлдік болмысты өзгерту, іске қосылған сюжетке байланысты 
ойын ролін өзгерту білігінен тұрады. Бұл білік біртіндеп қалыптасады. 
4 жастағы бала үшін ойын ролін алу мен белгілеуді білу, серіктес-
ойыншыққа бағытталған ойын амалдарын орындау, қос рөлдік өзара 
әрекетті орындау, құрбысымен қарапайым рөлдік диалог жүргізу 
жеткілікті.
Педагогтың міндеті – олармен бірге ойынды барлық назар рөлдік 
болмыста болатындай етіп құру керек. Баланың ойыншықпен істеген 
амалдарын серіктес-үлкенмен өзара әрекеттестікке аудару маңызды.
Бала үлкен бастаған рөлдік диалогқа түседі, әртүрлі рөлдерді орындау 
және дамыту тәжірибесін алады. Тәуелсіз (құрылысшы, жүргізуші, кос-
монавт, өрт сөндіруші) және өзара бірін-бірі толықтыратын (дәрігер, 
медбике, ауру) рөлдер анықталады. Рөлдік болмысты қалыптастыру 
үшін педагог балаларға түсінікті өзара бірін-бірі толықтыратын 
рөлдерді пайдаланып, балалармен ойынды бастайды. Қосақ бірін-бірі 
толықтыратын рөлдер балаларды сюжетті іске қосу үшін рөлдік диалог 
құру қажеттілігіне тап қылады. Басында серіктестік қосағында жетекші 
рөлді педагог орындайды, ал кейін ол басқа балаға жол береді және 
балаларды біріне-бірін бағыттайды. Рөлдер әртүрлі жоспарланады – 
ең қарапайымнан (ана - қыз) кез келген әлеуметтік рөлге және ертегі 
кейіпкерлеріне дейін. Ойынды бала бастауы мүмкін, педагог баланың 
не істейтінін «табады», ойынға кіріседі, соның ішінде әрекет жасайды, 
баланың жеке мүддесіне сүйене отырып сыпайы түрде рөлдік әрекеттері 
орындайды. Өз ролі тұрғысынан педагог сұрақтарымен және ой таста-
уымен баланың сөзін белсенділендіреді. Басты назар диалогта болу 


144
үшін ойында ойыншық барынша аз пайдаланылады. Педагог сөйлеу 
жағдаяттарын ойында «телефонмен сөйлесу» типінде беруіне болады, 
онда тәрбиеші диалогқа қатысады және жауаптардың мазмұнын айтып 
бере алады. Сол сияқты «Бауырсақ», «Шалқан» сияқты белгілі ертегілер 
бойынша ойын-импровизацияларды тиімді пайдалануға болады.
Сонымен, тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, балалардың рөлдік 
болмысқа кіруіне тікелей араласады. Ол үшін қос рөлді байланыстар 
мен рөлдік диалогтың сюжеттері пайдаланылады. Баланың рөлдік бол-
мысы серіктесіне бағдарланады (алдымен үлкенге, ал кейін құрбысына).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет