171
Антропогендік процестер жəне жер бедері.
Адамның
шаруашылық əрекетінің күннен-күнге белең алуы нəтижесінде
туындаған түрлі процестер мен құбылыстар жиынтығы қазіргі
жер бедерінің өзгеруіне күшті ықпалын тигізіп отыр. Осы процесс
антропогендік морфогенез деп аталады.
Қазіргі кезде табиғаттың əр саласында антропогендік əсерлер
күшейе түсуде. Оның əсері табиғи
ортаның барлық құрамдас
бөліктерінен – жануарлар мен өсімдік дүниесінен, топырақ
жамылғысы
мен атмосферадан, геологиялық құрылыс пен жер
бедерінен, жерасты жəне жерүсті суларынан, түптеп келгенде адам
өмірінен анық байқалады.
Табиғи ортаның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – жер бедері.
Адамзаттың ғасырлар бойғы дамуына байланысты жəне əртүрлі
өндірістік-шаруашылық, инженерлік-құрылыстық əрекеттерінің
өркендеуі нəтижесінде жер бедері қарқынды түрде
өзгерістерге
ұшырауда.
Адам əрекетінің нəтижесінде пайда болған жер бедері пішіндері
Достарыңызбен бөлісу: