Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет183/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Тынық мұхит құрамына: Беринг теңізі, Охот теңізі, Жапон 
теңізі, Ішкі Жапон теңізі, Сары теңіз, Шығыс-Қытай теңізі, Оңтүстік-
Қытай теңізі, Филиппин теңізі, Ява теңізі, Сулу теңізі, Сулавеси 
теңізі, Бали теңізі, Флорес теңізі, Банда теңізі, Серам теңізі, Хальма-
хера теңізі, Молукка теңізі, Маржан теңізі, Фиджи теңізі, Росс теңізі, 
Амундсен теңізі, Беллинсгаузен теңіздері кіреді.
Тынық мұхит құрамына: Аляска шығанағы, Калифорния 
шығанағы, Панама шығанақтары; Беринг бұғазы, Лаперуза бұғазы, 
Татар бұғазы, Цугару (Сангар) бұғазы, Корея бұғазы, Тайвань 
бұғазы, Малакка бұғазы, Сингапур бұғазы, Зонд бұғазы, Макасар 
бұғазы, Торрес бұғазы, Кук бұғазы, Магеллан бұғаздары кіреді.
Тынық мұхит құрамына кіретін ірі теңіздерінің қысқаша 
физикалық-географиялық сипаттамасы.
Беринг теңізі – ең солтүстіктегі (51 жəне 66°с.е. аралығы) аса 
үлкен жағалық теңіз, ауданы 2 млн 315 мың км
2
, ең терең жері 4097 
метр. Теңіз оңтүстігінде мұхит суларынан Алеут жəне Командор 
аралдарын құрайтын жанартаулық жоталар тізбегі арқылы бөлініп 
жатыр. 
Бұл аралдар сейсмикалық жағынан өте белсенді, жер сілкінулер 
жиі болып тұрады. Соның нəтижесінде пайда болған цунами 
толқындары бірнеше мыңдаған километр қашықтыққа дейін тарала-
ды. Теңіз субарктикалық аймақта орналасқан. 
Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық ауа массалары 
басым əсер етеді, теңіз бетінде қыста қалыңдығы 2 метрге жететін 
мұз қатады. Мұз теңіз бетінің 80%-ға жуығын жауып жатыр, су өте 
қозғалмалы болғандықтан жəне шығыстан Алеут жылы ағысының 
келуіне байланысты біртұтас мұз жамылғысы қалыптаса алмайды. 
Жаз кезінде беткі су 6
0
С, ал оңтүстікте 10
0
С-ге дейін жылына-
ды. Теңіз суында 300-ден астам балық тіршілік етеді, оның 30-дан 
астамының кəсіптік маңызы жоғары. Сүтқоректілерден итбалықтар, 
калан, теңіз мысықтары көптеп кездеседі. Азық іздеген мұртты кит, 
кашалот пен касаткаларды да кездестіруге болады. 


260
Жағалаулар жаз кезінде құс базарына айналады. Теңіз суы 
өнеркəсіпті аудандардан қашық орналасқандықтан ластануға 
ұшырамаған, сондықтан табиғи орта жақсы сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет