Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет189/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

129-сурет. Атлант мұхитының кең бөліктері


266
Атлант мұхиты құрамына 13 теңіз кіреді, олардың əрқайсысы 
адамзат қоғамындағы өзіндік орнымен жəне өзіне тəн табиғат 
ерекшеліктерімен сипатталады.
Солтүстік теңіз – Атлант мұхиты қайраңында орналасқан 
шеткі жас теңіз. Ол қоңыржай белдеуде, Еуропаның солтүстік-
батыс жағалауы бойымен, 50° жəне 61°с.е. аралығында жатыр. 
Оның ауданы (Скагеррак бұғазымен бірге) – 565 мың км

құрайды.
Теңізге 50-100 метр аралығындағы тереңдіктер тəн. Табанының 
жер бедері күрделі, тегіс бөліктері таяз сулы қайраңдар, терең ой-
ыстармен кезектесіп келеді. Табанында Рейн, Темза, Эльба сияқты 
өзендердің ежелгі аңғарлары айқын байқалады. Ұлыбритания мен 
Нидерланд жағалауларында кеме жүзуге өте қауіпті таяз құмды 
қайраңдар таралған. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 
созылған ұзын қайраңдар (тереңдігі 3-5 метрден аспайды) Па-
де-Каледен Рейн сағасына дейінгі бөлікті алып жатыр. Олардың 
ішіндегі ең таязы – Доггер-Банка (неміс тілінде, banka – қайраң 
деген мағына береді) қайраңы (тереңдігі 3 метр) болып саналады.
Солтүстік теңізде 2800 метрге дейінгі тереңдікте палеоген мен 
бор жыныстарында шоғырланған 100-ден аса мұнай мен газ кен 
орындары барланған. Өндіруге болатын мұнай қоры 3 млрд т, газ 
қоры 2,5 трлн м
3
деп есептеліп отыр. Оларды өндіру мен барлау 
оңайға түспейді, мұнда жиі-жиі қатты дауылдар мен күшті толысу 
ағыстары байқалады. 
Жылына 120 млн тонна мұнай мен 100 млрд м
3
газ өндіріледі. 
Оларды өндіретін орындардан Германия, Ұлыбритания, Норвегия 
жəне басқа елдердің жағалауларына дейін диаметрі 1 м болатын 
құбырлар тартылған. Жүздеген скважиналар бұрғыланып, платфор-
малар, мұнайшылардың үйлері, айлақтар мен тікұшақ қонатын 
алаңдар, қоймалар орналасқан көптеген бұрғылау қондырғылары 
жұмыс істейді.
Тенізде солтүстік теңіздерге тəн нəлім, майшабақ, табанбалық, 
ұсақ шабақтар жəне оңтүстік теңіздерге тəн анчоустар, сардина, 
ставрида, скумбрия кездеседі. Қарқынды аулаудың нəтижесінде 
балық қорлары едəуір азайған, дегенмен, жылына 3,5-4 млн 
тоннаға дейінгі мөлшерде балық ауланады.
Солтүстік теңіз бен оның порттары – Германия, Ұлыбритания, 
Бельгия, Нидерланд, Швеция, Норвегия, Дания сияқты елдерді 
дүниежүзілік нарыққа шығаратын басты су жолы. Теңіз арқылы 
Балтық бойына шығатын бірден-бір теңіз жолы өтеді.


267
Солтүстік теңізде мұнай-газ өнеркəсібі, теңіз транспорты, балық 
аулау жəне теңіз табиғатын қорғауды тиімді үйлестіру мəселесін 
шешу міндеті түр. Сонымен қатар жуықтағы жүз жыл ішінде 
мұхиттың деңгейі болжанған мөлшерден 2-3 метр көтерілсе, су та-
суы апатты сипатқа ауысуы мүмкін. Сондықтан жағалау мен порт-
тарды қорғау қажеттілігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет