Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Марқакөл, Шығыс Африка көлдері шығу тегі жағынан тектоникалық  көлдер болып табылады. Мұздық-тектоникалық көлдер



Pdf көрінісі
бет200/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Марқакөл, Шығыс Африка көлдері шығу тегі жағынан тектоникалық 
көлдер болып табылады. Мұздық-тектоникалық көлдер төрттік мұз 
басулар барысында мұздықтар тереңдетіп, өңдеген тектоникалық 
қазаншұңқырларда орналасады. Солтүстік Америкадағы Ұлы 
көлдер, Фенноскандия көлдері осындай көлдер қатарына жатады. 
Мұздық көлдер мұздың қазу жəне сырғу əрекеті нəтижесінде 
қалыптасқан қазаншұңқырларды алып жатыр. Мұздық көлдер Альпі 
мен Кавказда, басқа да таулы аудандарда таралған, олар көбінесе 
кішігірім болады. 
Бір кездегі аса ірі теңіз алабының орнында қалған көлдерді 
қалдық көлдер деп атайды. Олардың қатарына дүние жүзіндегі ең 
үлкен көл – Каспий теңізі жатады. Африкадағы Чад көлі де шығу 
тегі жағынан қалдық көл болып табылады.
Режиміне қарай ағынды (өзен ағып шығатын көл) жəне ағынсыз 
көлдер (өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды) болуы мүмкін. 
Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едəуір ащы болады. 
Ағынды көлдердің суы негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық 
көлдер көбінесе ащы келеді. 
Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен 
айырмашылық жасауы мүмкін. Балқаш көлінің батыс бөлігіне келіп 
құятын су мөлшері шығыс бөлігіне қарағанда, 5 есе көп, сондықтан 
батысы тұщы болып келеді. 
Көлдер суындағы тұздылық көрсеткіші 14-тен 300 г/л-ге дейін 
жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі 
Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады. 


281
Өлі теңіз – ұзындығы 80 км, ауданы 940 км
2
болатын тұзды 
көл. Ол екі қазаншұңқырдан тұрады: оңтүстік бөлігінің тереңдігі 
бірнеше метр ғана, мұнда калий тұзын өндіріледі. Ал солтүстік 
қазаншұңқырдың тереңдігі 403 метрге жетеді, бұл Жер шарындағы 
теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер. Өлі теңіздің əрбір литр 
суында 322 г тұз бар, яғни тұздылық 322
0
/
00
-ге жетеді. 
Егер бұл көл кеуіп қалған болса, оның орнында қалыңдығы 21 м 
тұз қабаты қалар еді. Ғалымдар Өлі теңіздегі еріген тұз мөлшері 44 
млрд т шамасында екенін айтады. Өлі теңіздің минералды тұздары 
мен саз балшықтары қазіргі кезде емдік мақсатта кеңінен пайдала-
нылады (131-сурет).
131-сурет. Өлі теңіздегі тұз кристалдары
Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром 
жəне т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің 
қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық 
шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланы-
лады. 
Тұщы көлдер елді мекендер мен кəсіпорындарды сумен 
қамтамасыз етеді, тұзды (минералды) көлдерді емдік мақсатта пай-
даланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы əсер етеді; 
климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арт-
тырады. 
Адамның шаруашылық əрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің 
шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі (күкіртсутектің 
пайда болуы) əсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттегінің 
мөлшері азаяды. Бұған егістік алқаптардан келетін, құрамында 
фосфор мен азот бар қалдық сулар, көлдің су жинау алабындағы 
антропогендік өзгерістер де себепші болады.


282


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет