Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет213/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1) продуценттер (өндірушілер) бейорганикалық заттардан 
органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер;
2) консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы 
органикалық 
затпен 
қоректенетіндер, 
жануарлар 
мен 
саңырауқұлақтар;
3) редуценттер (қалпына келтірушілер) – осыған дейін түзілген 
тірі организмдердің тіршілік өнімдерін жəне олардың қалдықтарын 
бейорганикалық заттарға дейін ыдырататын микроорганизмдер.
Бейорганикалық заттарды пайдаланып, өсімдіктер дүниесі 
органикалық заттарды түзуді одан əрі жалғастырады. Осылайша 
биологиялық айналым үздіксіз жүріп отырады.
Жер шары бойынша жүріп жатқан фотосинтез процесі 
нəтижесінде бір жылда жасыл өсімдіктер 480 млрд тоннадан астам 
көмір қышқыл газы мен суды бойына сіңіре отырып, 248 млрд тонна 


299
оттегін атмосфераға шығарады жəне 238 млрд тоннадан астам тірі 
зат түзе алады. Сондай-ақ есептеулар бойынша биосферадағы фото-
синтез процесі кезінде айналымға 1 млрд тонна азот, 260 млн тонна 
фосфор, 200 млн тонна күкірт қатысады.
Даму кезеңдері. Ноосфера ұғымы. Биосфера ұзақ эволюциялық 
даму кезеңдері нəтижесінде қалыптасты. Миллиардтаған геология-
лық жылдар аралығында тірі организмдер мұхит суларының 
химиялық құрамына əсер етті, оны фильтрациядан өткізді. Тірі 
организмдердің саны артып, құрамы күрделенді. Олар біртіндеп 
құрлыққа шығып, атмосфера құрамын өзгертті. Оттегі мөлшері 
көбейіп, керісінше, көмір қышқыл газының концентрациясы 
төмендеді.
Тірі организмдер литосфераға да белгілі дəрежеде əсер етті. 
Олар үгілу процесін жылдамдатты, органикалық шөгінді жыны-
стар мен кейбір пайдалы қазбалардың түзілуіне (əктас, таскөмір, 
шымтезек, мұнай жəне т.б.), жер бедері пішіндерінің қалыптасуына 
(маржан аралдары) себепші болады. Тірі организмдердің, əсіресе аса 
маңызды табиғат компоненті болып табылаты – топырақты түзудегі 
рөлін ерекше атап өту қажет.
Биосфера құрамындағы тірі организмдердің тұрақты дамуы мен 
өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуіне, ноосфераға өтуіне 
себепші болады. Ноосфера ұғымы гректің «ноос» – сана деген 
сөзінен шыққан, яғни бұл сатыда табиғат пен қоғам арасындағы 
өзара байланыс адамзаттың саналы іс-əрекетінің толық бақылауы 
жағдайында жүргізілетін болады.
Алғаш рет бұл ұғымды 1927 жылы француз ғалым-математигі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет