Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет33/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жергілікті түсірілім деп карта жəне план жасау үшін орын-
далатын жұмыстар жиынтығы аталады. Түсірілім тек қана картаға 
түсірілетін аумақ бойынша дала жұмыстарын жүргізіп қана қоймай 
зертхана жағдайында далалық өлшеу нəтижелерін ғылыми өңдеуді 
қажет етеді.
Топография бойынша жазғы практика бағдарламасында далалық 
карта түп нұсқасын салудың жалпы принциптерімен, түсірілім жа-
сау негізінде қолданылатын дəстүрлі құралдар мензула, кипрегель, 
нивелирмен таныстыру қарастырылған. 
Студенттерге өз алдына қарапайым түсірілім түрлерін жүргізу 
ұсынылады: нивелирлеу, буссольдық, көз мөлшерлі түсірілім, оларды 
мектеп жағдайында оқушылармен жүргізу қолайлы. Осылайша сту-
денттер жергілікті жерде бағдарлауға дағдыланады жəне қарапайым 
əдістермен объект туралы сандық, сапалық сипаттама ала алады.
Буссольдық (компастық) түсірілім. Буссольдық түсірілім план 


41
түріндегі түсірілімге жатады. Ол геодезиялық құрал тұсбағдар не-
месе буссоль көмегімен жасалады (4-сурет). 
а 
ə 
б 
4-сурет. Компастардың түрлері: 
а-қарапайым компас, ə-Адрианов компасы, б-туристік компас
Буссольдық 
түсірілім 
жергілікті 
жердің 
болашақтағы 
жоспарының негізін жасау үшін қажет. Өндірісте буссольды жабық 
жерде жиі қолданады. 
Бұл түсірілім түрін жасау үшін студенттер бригадасы 3 адамнан 
тұрады. Əрбір студенттің компасы немесе буссолі, журналы болады. 
Жергілікті жер планын түсіру үшін тірек бағыттар жасала-
ды. Бағытты құруда түсірілім жасаушы бір нүктеден көрінетін 
объектіден басқа объектілерге дейін қозғалып, магниттік азимутпен 
түсірілім жасалатын арақашақтықты өлшейді. Бақылау үшін тура 
жəне кері азимут бағыттарының мəні алынады, ал арақашықтықты 
барлық студент бригадалары өзара өлшейді.
Арақашықтықты өлшеудің ең қолайлы жолы – қадаммен 
өлшеу. Əдетте, бір түсірілім нүктесінен басқа нүктеге дейінгі 
арақашықтықты басып өтетін жұп қадам санын санайды. Барлық 
есептелген нəтижелер журналға жазылады (1-кесте). Бір жұп 
қадамның метрмен алғандағы ұзындығын біле отырып, нүктелер 
арасындағы арақашықтықты метрмен есептеп шығаруға болады.
Жергілікті жер планын жасау үшін орташа қадам ұзындығын 
қолданады. Бригада алаңға шығып, көзбен планды белгілейді. Бағыт 
тұйық болу керек, бастапқы нүкте соңғы нүкте болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет