87
метада немесе спорада белгілі бір геннің тек жалғыз ғана аллелі, ал
жоғары сатыдағы өсімдіктердің жəне жануарлар мен адамның дене
жасушаларында ондай геннің екі аллелі болады. Сондықтан көп
аллельдердің ажырауы əрқашанда моногибридті болып қалады. Енді
көп аллельділіктен біраз мысалдар келтіреміз.
Үй қоянында жүні мен көз айнасы қабықшасының түстеріне жа-
уапты С генінің көп аллельдері болатындығы белгілі.
Келесі кестеде
сол аллельдердің кейбіреулері арқылы анықталған фенотиптердің
сипаттамасы берілген.
11-кесте
Үй қояндары түгінің түстерінің анықтамасы
Аллель
Генотип
Фенотип
С
CC,Сс
ch
,Сс
h,
Сс
Жабайы тип (агути)
с
ch
с
ch
с
ch
, с
ch
с
h
, с
ch
с
Ашық-сұр (шиншилла)
с
h
с
h
с
h
,
с
h
с
Гималай
с
сс
Альбинос
Бұл жағдайда əрбір атап көрсетілген аллельдер өзінен кейінгі -
лерге
басымдылық көрсетіп отырады, оны былайша жазуға болады
С >с
ch
> с
h
>
с. Жабайы типке тəн С аллелі қалған үшеуіне қарағанда
доминантты болып келеді. С гені бойынша гомозиготалы немесе
жоғарыда көрсетілген кез келген аллельдермен С
гені арқылы гете-
розиготалы үй қояндарының жүні жабайы қояндардікі сияқты сұр
(агути) түсті болып келеді. с
ch
аллелі бойынша гомозиготалы
дарабастардың түсі шиншалланың түсіне келеді жəне жабайы түріне
қарағанда біршама ашықтау болады. Ал с
ch
аллелі с
h
жəне с аллель-
деріне толымсыз доминанттылық көрсетеді.
Гомозиготалы с
h
с
h
пен
гетерозиготалы с
ch
с
болып келетін қояндардың фенотипі гималай
тəрізді, яғни башпайлары мен құйрығының ұшы, құлақтары жəне
тұмсығы қара да, денесінің қалған жерлері ақ болады. Ал С аллелі
бойынша гомозиготаларында пигмент мүлдем
болмайды, олар таза
ақ түсті келеді.
Адамда болатын көп аллельділіктің мысалы ретінде қан топта-
рын анықтайтын АВО аллельдерін алуға болады (12-кесте).
Адамда қанның төрт тобы болады: О,А,В жəне АВ. Олар бір
геннің үш түрлі аллельдері арқылы анықталады: І
А
, І
В
жəне і. І
А
жəне І
В
аллельдері і
аллеліне қарағанда доминантты, бірақ олар бір-
біріне
кодоминантты болып келеді, яғни І
А
жəне І
В
аллельдерінің
екеуі де гетерозиготаларда бірдей мөлшерде байқалады.