талаптар
Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп, оқушылардың
белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды
ескереді:
а) дидактикалық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты,
мазмұнының
бағдарламаға
сайлығын
игерілетін
іскерлік
дағдыларының айқындығы, қабылдауға əзірлеу, түсіну, ой елегінен
өткізу);
ə) дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатының
айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамашылдығын,
өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мəдениеті мен
іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту);
б) тəрбиелік талаптың (тəрбиелік мақсатының нақтылығы, білім
мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік
қасиеттерін,
жүйелі
еңбегін
қалыптастыру,
мамандығына
сүйіспеншілігін арттыру, т.б.);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу-
құралдарының, тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын,
жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі;
көрнекі құралдарға, дəптерге, жазуға қойылатын талаптар)
сақталуын ескеру;
г) психологиялық талаптың (білімге ынталандыру), танымдық
белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл-күйін тудыру, қабылдау,
зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескерілуі;
ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен
тұрады:
I кезеңі: Сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар
негізгі жəне қосымша əдебиеттерді, əдістемелік жəне көркем
шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
II кезеңі: Пəн бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау.
Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тəрбиелік мақсатын, оған
сай нақты білім көлемін анықтау, əдіс-тəсілдерін таңдау сабақ-
тың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық
байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Əдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы
жатады. Мұғалім оқытудың əдіс-тəсілдерін біліп қана қоймай, тиімді
пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып,
терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту əдісін таңдау үлкен
шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қорытындылау,
жаңамен байланыстыру, жадыда бекітуге арналған жаттығулар
мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс
пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау,
жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін,
ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне
(педагогикалық ептілігі, икемділігі, шамамен сезе білуі, əдептілігі,
тапқырлығы, мəдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап
қоя білуі, жылы қарым-қатынасы) байланысты шешілетін мəселелер.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын,
нəтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кəсіптілігінің қалыптасуы
жəне даму болашағының қажеттілігін анықтайтын əлеуметтік
категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды
оқыту мен тəрбиелеу қызметтерінің əртүрлі көрсеткіштерінің
жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен əдістері
бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының
108
109
ерекшілігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім
беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол – өз жұмыс
орнында жəне бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз
өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының)
тұлғасын қалыптастыру. Оқу үдерісінің əдістері мен түрлерін
жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында
көрініс табады: В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің
еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованның оза оқыту, П.Эрдниевтің
ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың дамыта оқыту, Л.С.Выготскийдің
жақын даму аймағы, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |