Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет197/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   205
Акмеология

380
381
гуманистік мазмұнымен – ілгері, тұлғалық-кəсіби дамуымен 
айрықшаланады. Акмеологиялық технологиялардағы басты əдіс 
ретінде, акмеологиялық əсер алынады. 
Акмеологиялық деңгей – еңбек субъектісінің тұлғаның жəне 
іс-əрекеттің кəсібилігінің жоғары деңгейіне жетуінің сипаттамасы 
(А.А. Деркач). 
Əдіснама – (грек тілінен. Methodos – зерттеу жолы жəне logos – 
ұғым, ілім) – 1) іс-əрекеттің құрылымы, əдістері мен құралдары, оны 
логикалық ұйымдастыру туралы ілім; 2) ғылыми танымды құрудың 
формалары мен тəсілдері туралы ілім, сонымен бірге белгілі бір 
ғылым саласында қолданылатын əдістердің жиынтығы туралы ілім. 
Бəсеке – (латын тілінен. concurro – қашу, қақтығысу) басқа ин-
дивидтермен немесе топтармен мақсаттары мен қызығушылықтары 
бойынша күреске түсу жағдайында, жеке немесе топтық мақсаттарға 
жетумен 
сипатталатын, 
тұлғааралық 
өзара 
əрекеттестікті 
ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі. 
Білім беру сапасы – білім беру үдерісінің қандай болу керектігін 
жəне оның қандай мақсаты болатыны туралы қоғамда тараған 
ұғымдардың сəйкестік шамасын көрсететін, білім беру үдерісі мен 
оның нəтижелерінің интеграциялық сипаттамасы. 
Гуманитарлы технология – оқытуда, дамытуда жəне іс-əрекетте 
тұлғаның білімділігін жəне мəдениетін, гуманитарлы білімдерін 
жүзеге асырудың тəсілдері мен механизмдері (А.С. Гусева).
Даралық – адамды басқа адамдардан айрықшалайтын дара 
сапаларының өзіндік үйлесімі. Адамның даралығы тəрбие үдерісінде 
тұқым қуалаушы нышандар негізінде қалыптасады, бір мезгілде бұл 
адам үшін ең бастысы – өзіндік дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру жəне 
саналы өзіндік тəрбие арқылы қалыптасады. 
Даму – материя мен сананың қайтарымсыз, бағытталған, заңды 
өзгеруі, олардың əмбебап қасиеті. Сыртқы жəне ішкі, басқарылатын 
жəне басқарылмайтын факторлардың əсеріне негізделген, ағзадағы, 
психикадағы, адамның интеллектуалды жəне рухани саласындағы 
сандық жəне сапалық өзгерістер үдерісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет