382
383
əрекетті
меңгеру деңгейі, абстракция дəрежесі, автоматтандыру,
меңгерудің саналылығы.
Кəсібиаралық құзыреттілік кəсіптердің бірқатарын орындау
үшін қажетті, тұлғаның білімдерді жəне
сапаларды меңгеруінен
құралады (жоспарлау қабілеті, жетістік мотивациясы, икемді
кəсіби ойлау, кəсіби іс-əрекетті жобалау қабілеті, кəсіби оқытылу).
Тұлғаның бағыттылығы – тұлғаның мінез-құлқының басты бағытын
анықтайтын, қажеттіліктері мен мотивтерінің жиынтығын білдіретін
ұғым.
Кəсіби құзыреттілік – кəсіби білімдер мен біліктердің, сонымен
бірге кəсіби іс-əрекетті орындау тəсілдерінің жиынтығы.
Кəсіби бірдейлік – өзіндік «Меннің» бірегейлігін жəне кəсіби
стереотиптерді қамтитын кəсіби «Мен-бейнесі»; өзін кəсіби «Мен»
бейнесімен ұқсастығын саналы ұғыну.
Кəсіби тұтастық – қызметкердің орындалатын өндірістік
тапсырмаларды алмастыру дайындығы жəне қабілеті, техникалық
жəне технологиялық қайта құрулардың əсерімен туындайтын жаңа
мамандықтар мен өзгерістерді меңгеру қабілеті.
Кəсіби жарамдылық – тұлғалық сипаттамалардың профес-
сиограмманың зерттелетін талаптарына сəйкестігі, оның аталған
кəсіби іс-əрекетті меңгеру қабілеті.
Кəсіби əлеуметтендіру – маманның кəсіби мінез-құлықтың
топтық
нормаларын, құндылықтарын, ережелерін меңгеруі;
маманның өзін кəсіппен теңдестіруі.
Кəсіби өзін-өзі анықтау – кəсіпті таңдаудың белсенді жəне
ұзақ мерзімді үдерісі, ішкі психологиялық негіздемелер жəне осы
үдерістің нəтижесі. Кəсіби өзін-өзі анықтаудың мазмұны – кəсіп
əлемі,
оларды таңдау жолдары, кəсіпті меңгеру тəсілдері туралы
хабардарлық; өзіндік талдау жəне өзіндік бағалау.
Кəсіби профиль – маманның тұлғасын бағалаудың кри-
терийлерінің жиынтығы. Іс-əрекет түрлерін, кəсіби маңызды са-
паларды, түйінді біліктіліктерді, əлеуметтік-кəсіби рөлдерді жəне
мінез-құлық тəсілдерін қамтиды.
Кəсіп – жұмыс тəжірибесі
мен даярлығы, арнайы білім
нəтижесінде меңгерілетін, белгілі білім жəне біліктерді талап
ететін еңбек іс-əрекетінің түрі. Кəсіптің атауы қолданылатын еңбек
құралдарына сүйеніп (машинист, краншы, токарь), еңбек заттарына
сүйеніп (машина жасаушы, кенші), еңбек затына əсер ету тəсіліне
сүйеніп (штамп басушы, бұрғышы)
немесе еңбектің мазмұны мен
сипатына қарай анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: