Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет38/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   205
Акмеология

72
73
3. Адамның іс-əрекетіне қатысты құзырлылықтар: 
• танымдық іс-əрекет құзырлылығы: танымдық міндеттерді қою 
жəне шешу; стандартты емес шешімдер, проблемалық жағдаяттар – 
оларды құру жəне шешу; тиімді жəне репродуктивті таным, зерттеу, 
интеллектуалды іс-əрекет; 
• іс-əрекет құзырлылығы: ойын, оқу, еңбек; іс-əрекеттің құрал-
дары мен тəсілдері: жоспарлау, жобалау, модельдеу, болжау, зерттеу 
іс-əрекеті, іс-əрекеттің алуан түрлеріне бағдарлану; 
• ақпараттық технология құзырлылығы: ақпаратты қабылдау, 
қайта өңдеу жəне беру; ақпаратты қайта құру (оқу, конспектілеу); 
бұқаралық медиялық, мультимедиялық технологиялар, компьютерлік 
сауаттылық; электронды Интернет-технологияны меңгеру. 
Қазіргі жағдайда білім берудің маңызды мақсаттарын – 
өзбетінділікті жəне өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін дамыту; өзінің 
құқықтарын қорғау шеберлігі; ынтымақтастыққа дайындық; қайта 
құрушы іс-əрекет ету қабілетін дамыту; басқа адамның пікіріне 
шыдамдылықты қалыптастыру, мазмұнды келісімге келуді табу 
сияқты мақсаттарды ескере отырып, Еуропа Кеңесі кең ауқымда бес 
топқа бөлінген түйінді құзырлылықтарды анықтады жəне көрсетті: 
1. Саяси жəне əлеуметтік құзырлылықтар, олар өзіне жауап-
кершілікті алу қабілетімен, шешімдерді бірлесіп қабылдауға 
қатысумен, зорлық-зомбылықсыз кикілжіңдерді реттеумен, де-
мократиялық институттардың қызметі мен дамуына қатысумен бай-
ланысты болады. 
2. Мəдениаралық құзырлылықтар, олар көпмəдени ортада 
өмір сүруге көмек береді. Нəсілшілдіктің, ксенофобияның пайда 
болуына, шыдамсыздық ахуалын таратуға кедергі болу үшін, білім 
беру аталған құзырлылықтардың қатарында айырмашылықтарды 
түсіну, басқа мəдениеттегі, тілдегі, діндегі адамдармен тіл табысу 
қабілеті жəне құрметтеу сияқты құзырлылықтарды қалыптастыру 
қажет. 
3. Ауызша жəне жазбаша қарым-қатынас тілдерін меңгеруді 
анықтайтын құзырлылықтар, атап айтсақ, жұмыста жəне қоғамдық 
өмірде маңызды бірнеше тілдерді меңгеру, бұл тілдерді меңгермесе, 
адамға өмір сүрудің көптеген салаларынан оқшаулану қаупі туады. 
4. Ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құ-
зырлылықтар: жаңа технологияларды меңгеру, оларды қолданудың 
мүмкіндіктерін түсіну, бұқаралық ақпарат құралдарының арналары 
арқылы таратылатын ақпаратты сыни тұрғыда қабылдау қабілеті. 
5. Кəсіби тұрғыда, жеке жəне əлеуметтік өмірде үздіксіз дайын-
дық негізі ретінде, өмір бойы оқуға деген тілекті жəне қабілетті 
жүзеге асыратын құзырлылықтар. 
Құзырлылықтарды қалыптастыру білім беру əрекетінің нəти-
желері мен мақсаттарын білдіреді. Білім берудің мазмұны төмендегі 
құрылымдық элементтерді қамтитын, адамзат мəдениетінің құ-
рылымына тең, əлеуметтік, педагогикалық бейімделген тəжірибені 
білдіреді: 
• іс-əрекеттің таныс тəсілдерін үлгі бойынша əрекет ету түрінде 
жүзеге асыру; 
• шығармашылық іс-əрекет – проблемалық жағдаяттарда тиімді 
шешімді қабылдау білігі түрінде;
• эмоционалдық-құндылық қатынасты тұлғалық бағдар түрінде 
жүзеге асыру; 
• танымдық іс-əрекет, оның нəтижесі – білім түрінде тіркеледі. 
Бұл элементтерді меңгеру студенттердің құзыреттілігін анық-
тайтын əрекеттің күрделі, мəдениет құраушы түрлерін жүзеге асыру 
қабілеттерін (əлеует) қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Білім беру стандарттарында жоғары білімді маманның қаланған 
бейнесін сипаттауда, «құзыреттілік» ұғымын қолдануға өту, 
төмендегі келесі жағдайлармен негізделуі мүмкін (В.И. Байденко):
1. Білім беру стандарттарында қазіргі кезде қолданылатын 
«білім», «біліктер», «меңгеру» сияқты терминдерге қатысты 
«құзыреттілік» ұғымының жалпылама, біріктіруші сипатын ескере 
отырып, мұндай өту нақты пəндер мен еңбек объектілерінен 
дерексізденген сапаның жалпылама үлгісін қалыптастыруды 
қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде маманның іс-əрекетінің аса 
ауқымды өрісі туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл еңбек нарығында 
жас мамандардың ұтқырлығын арттыру үшін маңызды. 
2. Құзыреттілік тұғырға негізделген ЖОО-ның түлегінің 
үлгісінің оны білім, білік жəне дағдылар арқылы сипаттауда 
құрайтын элементтерінің біршама аз саны болғандықтан, бұл 
біріншіден, пəнаралық деңгейде мамандарды даярлаудың білім беру 
бағдарламасында ірі блоктарды (модуль) айқындауға мүмкіндік 
береді, екіншіден, жекеленген пəндер бойынша емес, сол модульдер 
бойынша алуан түрлі білім беру бағдарламаларын салыстыруға 
мүмкіндік береді. Бұл білім беру жүйесінде студенттердің 
ұтқырлығын арттыру үшін маңызды. 
3. Еуропа мемлекеттерінде жəне Қазақстанда білім беру 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет