326
ақпаратты өңдеу үдерісінде алдын ала дəстүрлі түрде
қойылатын
қандай да бір ақпараттық тапсырма шешіледі: қандай да бір
мəліметтер жиынтығы берілген – бастапқы ақпарат. Қандай да бір
нəтижені алуды талап ететін – қорытынды ақпарат. Берілгендерден
нəтижеге ауысу өңдеу үдерісі болып табылады.
NJǩǺǻǩǸáȄ
ǩáǸǩǹǩǻ
æãǭǮǼǭȎ
ǗǙǤǖǍljǜǡǤ
âǷǹȄǻȄǶǭȄ
ǩáǸǩǹǩǻ
11.1-сурет. Ақпаратты өңдеу үдерісінің жалпы схемасы
Өңдеуді жүзеге асыратын нысан мен субъект,
өңдеуді орындау-
шы деп аталуы мүмкін. Орындаушы адам болуы мүмкін, сонымен
қатар техникалық құрылғы, соның ішінде компьютер болуы мүмкін.
Ақпаратты өңдеу – бұл мақсатқа бағытталған үдеріс. Ақпаратты
өңдеуді табысты орындау үшін орындаушыға өңдеу тəсілі белгілі бо-
луы керек, яғни қажетті нəтижеге жетуге бағытталып орындалатын
əрекет тізбегі. Мұндай əрекеттің тізбектілігін информатикада
өңдеу
алгоритмі деп атау қабылданған.
Ақпаратты өңдеу туралы əңгіме базалық курстың сəйкесінше
алгоритмдеу тарауында қарастырылады. Мұнда біз алгоритмдер
тақырыбы информатиканың негізгі іргелі ұғымдарынан – ақпараттық
үдерістер ұғымынан шығатындығына назар аударғымыз келіп тұр.
Оқушылар ақпаратты өңдеуге байланысты
жағдайларға мысалдар
келтіре білуі тиіс. Мұндай жағдайларды екі типке бөлуге болады.
Өңдеудің бірінші типі: жаңа ақпаратты, білімнің жаңа мазмұнын
алумен байланысты өңдеу. Бұл өңдеудің типіне математикалық
есептерді шешу жатады. Бұған логикалық ойлауды қолдану жолы-
мен əртүрлі тапсырмаларды шешуді жатқызуға болады.
Өңдеудің екінші типі:
пішіннің өзгеруімен байланысты, бірақ
мазмұнын өзгертпейтін өңдеу. Ақпаратты өңдеудің бұл типіне, мы-
салы мəтінді бір тілден екіншісіне аудару жатады. Пішін өзгереді,
бірақ мазмұны сақталуы тиіс.
Информатика үшін өңдеудің маңызды түрі
кодтау болып табы-
лады. Кодтау – ақпаратты сақтау, тасымалдау, өңдеу үшін ыңғайлы
символдық пішінге түрлендіру. Кодтау техникалық құралдардағы
ақпаратпен жұмыс барысында жиі қолданылады (телеграф, радио,
компьютерлер).
327
Ақпаратты өңдеудің басқа түрі – берілгендерді құрылымдау.
Құрылымдау ақпаратты сақтау орнында арнайы реттілікті енгізумен,
реттілікті ұйымдастырумен байланысты. Берілгендерді алфавиттік
ретпен орналастыру, жіктеудің қандай да бір белгілері бойынша топ-
тастыру, кестелік немесе графикалық көрсетуде қолдану – бұлардың
барлығы құрылымдаудың мысалдары болып табылады.
Тағы да бір ақпаратты өңдеу түрі – іздеу.
Іздеу міндеті былай
тұжырымдалады: ақпаратты сақтау орны бар – ақпараттық массив
(телефон анықтамалығы, сөздік, поезд кестесі жəне т.б.), одан арнайы
іздеу шартын қанағаттандыратын (аталған ұйымның телефоны,
берілген сөзді ағылшын тіліне аудару, аталған поездың жүру уақыты)
қажетті ақпаратты табу талап етіледі.
Іздеу алгоритмі ақпаратты
ұйымдастыру тəсілінен тəуелді. Егер ақпарат құрылымданған бол-
са, онда іздеу жылдам жүзеге асырылады,
тиімді алгоритм құруға
болады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– ақпаратты өңдеудің жалпы схемасын, «кодтау» ұғымын
білуі
Достарыңызбен бөлісу: