415
үдерісті модельдеу болатын оқытудың əдістері мен құралдарының
жүйесі.
Мəселелік жағдай деген алдын ала алынған білімдер жеткіліксіз
жəне жаңа білімдерге субъективті
қажеттілік пайда болған
жағдайларда тəжірибелік немесе теориялық тапсырмаларды орын-
дау.
Мəселелік жағдайларды жасаудың негізгі тəсілдері:
1) мəселелік жағдай оқушылардың бұрын алған білімдерін жаңа
тəжірибелік тапсырмаларды орындау барысында қолдану қажеттілігі
болған кезде пайда болады;
2) мəселелік жағдай есепті шығаруда мүмкін теориялық тəсілі
мен оның тəжірибелік жүзеге асуы
арасында қарама-қайшылық
болған жағдайда пайда болады;
3) мəселелік жағдай оқушылардың əрекеттерді орындау
барысында негіздеме жасау немесе саналы түрде
қабылдауда
қиыншылық туу кезінде пайда болады;
4) мəселелік жағдай оқушылардың берілген есепті шығару
барысында шешу тəсілдерін білмеу кезінде пайда болады.
Мəселелік жағдайларды мəселенің
деңгейіне байланысты
былайша жіктеуге болады:
а) тəсілдерге байланысты емес туындайтын жағдайлар;
ə) мұғалімнен болатын жəне мұғаліммен шешілетін жағдайлар;
б) мұғалімнен болатын жəне оқушымен шешілетін жағдайлар;
в) мəселені өзіндік қалыптастыру жəне оны шешу;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып,
информатика пəнінен зерттеу сабағын ұйымдастыру жəне жүргізудің
мүмкін технологиялық тізбегі келесідей:
1) ұйымдастыру кезеңі;
2) мəселелік жағдайды жасау, болжамдарды анықтау, мақсаттарды
қою;
3) болжамдары тексеру (АКТ құралдар
көмегімен модельдеу
жəне оқушылар бұл жағдайда мұғалімнің жетекшілігімен топта
өзіндік жұмыстар орындайды);
4) зерттеудің
қорытындысын
шығару,
қорытынды,
үй
тапсырмасы.