Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері



Pdf көрінісі
бет124/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері.
1. Ақпараттық үдерістер ерекшеленетін, əдеби шығармаларының 
қорын құрыңыз. Бұл фрагменттерге сұрақтар құрастырыңыз жəне 
оларды білімді жəне оқыту үдерісіндегі əрекеттер тəсілдерін қолдану 
кезеңінде пайдалану əдістемесін жазыңыз.
2. «Ақпарат саны. Ақпарат санын өлшеу бірліктері» тақырыбы 
бойынша электрондық тапсырмаларды дайындаңыз. 
ІV. Рефлексия.
Синквейн (француз тілінен аударғанда «бес» дегенді білдіреді) 
– бұл қысқа өрнек түрінде ақпарат синтезін талап ететін бес жол-
дан тұратын өлең. Синквейндерді жазу ережесі: 1) бірінші жол 
тақырыпқа теңестірілетін бір зат есім сөзінен тұрады; 2) екінші – 
тақырыпты нақтылайтын жəне түсіндіретін екі сөз сын есімнен 
тұрады; 3) үшінші жол етістік пен есімше арқылы өрнектелетін
таңдалған тақырып аясындағы əрекетті сипаттайтын үш сөзден 
құрастырылған; 4) төртінші жол – синквейн авторының тақырыпқа 
қатынасын бейнелейтін төрт сөзден құралған фраза; 5) соңғы жол 


335
– тақырыптың мазмұнын бейнелейтін бір сөзден тұратын синоним 
мен метафора.
Мысал.
Ақпарат.
Пайдалы, сенімді.
Сақталады, өңделеді, қолданылады.
Қазіргі қоғамның қажетті ресурсы.
Білім.
Əдістемелік нұсқаулар
Электрондық тапсырмалар мыналарды қамтуы тиіс: тапсырма-
лар нұсқалары жəне олардың шешімдері, оның қолданылуы бойын-
ша мұғалімге арналған əдістемелік нұсқау. Бұл тапсырманы құру 
студенттер жұмысының топтық формаларын ұсынады жəне оқу 
ақпаратын құрылымдауға бағытталған №2 тапсырманы орындау 
нəтижелеріне сүйенеді.
Əдебиеттер
1. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика: Жалпы білім беретін 
мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген. – Ал-
маты: Атамұра, 2012. – 224 бет, суретті, кестелі.
2. Шевчук Е. В., Кольева Н. С. Информатика. Жалпы білім беретін 
мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 
2008. – 128 бет.
3. Угринович Н. Д. Информатика и ИКТ. Базовый курс. Учебник для 8 кл. 
/ Н. Д. Угринович. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.
4. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика. 7-сынып. Мұғалімдерге 
арналған əдістемелік нұсқау. – Алматы: Атамұра, 2012.
5. Китов Г. Д. Понятие информации. Его роль в природе и обществе/ 
Г.Д.Китов, Г. Ф. Кравченко //Информатика. – 2004.  № 10, 12.
6. Подласый И. П. Педагогика. Новый курс. В 2 кн. Кн.1 Общие ос-
новы. Процесс обучения: учебник для студ.высш.учеб.заведений/
И.П.Подласый. – М.: Владос. – 2001.


336


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет