436
сұраныстарды құрастырудың ережелері, сайт мекен-жайын дұрыс
көрсетуді, толық жауап құрастыра білуі керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. а) жəне ə) пунктеріндегі талаптарға сəйкес
екі тапсырма
дайындаңыз.
2. Əр тапсырманы орындауға қажетті білім мен біліктілікті
атаңыз.
3. Элементтер тізімін көрсетіп, тапсырма құрылымдаңыз.
4. Бағалау критерийлерін құрастырыңыз.
2-жағдаят. “Компьютерлік коммуникациялар” тақырыбын
оқыту тəжірибесінен: “Информатика пəні сыныппен салыстырғанда
кейбір оқушылардың алдына көп ұзап кететін пəндердің бірі болып
табылады”. Əдеттегі қарапайым мектептің қарапайым сыныптарын-
да осындай жағдайлар болады. Біздің
сыныптада осындай жағдай
болды, аталған тақырыпты оқу кезінде оқушылардың кейбіреуі
тақырыпты жақсы білетіндерін байқатты. Сол себепті оқушылардың
осы тобымен қашықтықтан жұмыс істеуге, ал қалғандарымен
сабақта жұмыс істеуді ойладым. Осындай жұмыста бастысы –
сабақтар кестесінің жақсы құрылуында. Біздің мектепте информати-
ка сабағында сынып екіге бөлінеді: бірінші топта сабақтар алғашқы
2 сабақ, ал екінші топта осы күнде соңғы 2 сабақ болады.
Осылай екінші жыл жұмыс істеп жатырмын, былтырғы оқу жы-
лында 3 оқушы, ал биыл 9 оқушы болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сіздің пікіріңіз бойынша қашықтықтан оқытудың формасының
табыстылығы неге байланысты?
2. Сіздің ойыңызша сыныптағы тапсырмалар мен қашықтықтан
жұмысқа арналған тапсырмалардың айырмашылығы болу керек пе?
3. Қашықтықтан модульдік оқытудың
тақырыптық жоспарын
жəне мазмұның дайыңдаңыз.
4. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда қандай этикалық,
тəрбиелік сəттерді есепке алу керек?
5. Оқушы үшін жəне мұғалім үшін осындай сабақта
ұйымдастырудың жағымды жəне жағымсыз жақтарын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: