Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Орта мектептерге арналған үздіксіз информатика



Pdf көрінісі
бет37/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

4.3 Орта мектептерге арналған үздіксіз информатика 
курсы мазмұнының тұжырымдамасын қалыптастыру
Көптеген ғалым-педагогтар, алғашқы оқу бағдарламасын 
дайындаушылар мойындағандай мектептердің жоғарғы сатысында 
ғана информатиканы оқытудың жеткіліксіздігі уақыт өткен сайын 
сезіліп келеді [16].
1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептер-
ден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бас-
тама) тəжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде 
информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа 
құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» жəне төменгі 
буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші 
жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің 
базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ре-
сей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу 
жоспарларында [17] көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз 
оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.
Жинаққа енгізілген бағдарламалардың ішінен екі бағдарламаны 
қарастыруға аламыз: Роботландия программалық-əдістемелік 
жүйеге негізделіп, бастауыш мектептердегі информатика курсының 
бағдарламасы жəне орта мектептің базалық буынына арналған ин-
форматика курсының бағдарламасы.
Бұл бағдарламаларға жасалған талдау, оқыту мазмұнының 
қалыптасуына сол кездерден-ақ қалыптасқан сатылап оқытудың 
алынғанын, сондай-ақ əртүрлі жастағы оқушыларды информатикаға 
оқыту мазмұнын қалыптастыруға қандай тенденция керектігін 
түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына 
арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны 
жасағандар: (А. М. Гольцман, А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман,
Ю. А. Первин).
Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік 
тəсілдерін дамыту, əлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік 
қалыптастыру, іс-əрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде 
меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын 
қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:


93
1. Дүниетанымдық (ақпарат – сөзі төңірегінде). Бұл жерде 
ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (ақпаратты өңдеу, сақтау жəне 
беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нəтижесінде дүниенің 
ақпараттық мəнін көре білуді, ақпараттық үдерістерді танып, талдай 
білуді қалыптастыру қажет.
2. Практикалық (компьютер сөзі төңірегінде). Мұнда 
компьютерді əмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ 
қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс 
істеуге дағдыланады.
3. Алгоритмдік (негізгі сөз – алгоритм, орындаушы, программа). 
Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. 
Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды 
басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса 
да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік 
есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау 
арқылы жүзеге асырылады. Нəтижесінде алгоритмдер, оны жазу 
жəне орындау туралы түсінік қалыптасады.
4. Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың 
мазмұнымен əдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын 
қалыптастыруға бағытталған.
Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, 
бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі 
– оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық 
құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни 
компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, 
машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың 
сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. 
Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын 
берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану 
ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ 
мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары 
– мəтіндік редактор, графикалық жəне музыкалық ақпарат жəне 
басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды 
пайдаланып орындайды.
Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пəндерді оқу 
барысында компьютерді еркін жəне сауатты пайдалана алады деп 
есептелген.


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет