166
[9,10,11,3,4]. Оқыту əдістерін таңдап алу: оқу пəнінің мақсатына,
пəннің ерекшелігіне, оқушылардың мүмкіндіктеріне,
оқыту
құралдарына жəне т.б. байланысты анықталады. Тұлғаға-бағыттап
оқыту жағдайында информатиканы оқыту əдістерін таңдаудың негізгі
факторы оқушылардың өнімді іс-əрекеттерін ұйымдастыру мəселесі
болып табылады. Оқушылардың өз бетінше (самостоятельность)
жəне ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері бойынша оқыту
əдісінің екі: өнімсіз жəне өнімді топтарын бөліп көрсетуге болады.
Оқыту əдістері жеке элементтерден – əр түрлі əдістерде
қолданылтын əдістемелік тəсілдерден жинақталады. «Мен сияқты
жаса!» қағидасы (оның негізіне өнімсіз əдіс жатады)
алгоритмдеу
негіздері мен программалауды оқытуда, программалық құралдарды
функционалдық толықтыруда табысты іске асырылады. Жергілікті
желінің мүмкіндіктері, интерактивтік тақтаның болуы іс-əрекет
тəсілдерін көшіру идеясын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді,
бірақ бұл жағдайда білім беру үдерісінің соңғы түпкі ойы «Мен
сияқты жаса!» қағидасынан «Өзің жаса!» нұсқауына өту екендігін
ұмытпау қажет.
Өнімсіз əдіс – оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс
істейді. Оған əңгіме, түсіндіру, дəріс, демонстрация,
оқулықпен,
компьютермен жұмыс жəне т.б. жатады. Бұл əдіс информатика
сабағында
программалық-жаттықтырушы
(пернетақталық
жаттықтырушы), оқыту, бақылау программаларымен жұмыс
жасағанда, кіріспе жаттығулар программалық құралмен алғаш
танысқан кезде, яғни мұғалімнің жетекшілігімен жаттығу орындаған
кезде қолданылады.
Мысалы, графикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіріп,
демонстарция жасағаннан
кейін оқушылар сызық, қисық сызық,
шеңбер жəне т.б. сəйкес шартбелгілердің көмегімен салып көреді.
Мысалы, оқушылар мəтіндік редакторды жүктегеннен кейін
жəне өз файлдарын шақырғаннан кейін меңзерді экранның нүктесіне
қойып, пернелерге немесе пернелер комбинациясына баса отырып,
экранның қалпын бақылайды да, өздерінше қорытынды жасап, оны
дəптерлеріне жазады.
Өнімді оқыту əдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау,
жартылай-іздену (эвристикалық),
зерттеушілік, қателер əдісі, жо-
балар əдісі т.б. жатады. Өнімді əдістердің ерекшеліктері іздеу есебі
сияқты бар оқу проблемасы болып табылады, оны шешу үшін жаңа
білім өнімін (креативтік нəтиже) алуда оқушыларға жаңа білім қажет.
167
Танымдық есеп түрінде мұғалім қойған проблеманы шешу үшін
оқушылар белсенді түрде жұмыс істейді. Немесе мұғалім оқушының
алдына проблема қояды жəне оны шешу жолдарын көрсетеді,
оқушылар проблеманы шешу үшін əрекет жасайды.
Мысалы. Оқушыларға электрондық кестемен жұмыс жасағанда
мынадай проблема қояйық. Мектеп жəрмеңкесінде өздерінің жасаған
заттарын сату керек болсын. Сатқанда Х теңге алынуы керек болсын.
Оқушылар осы ақшаны жасаған затын сату барысында қалай өндіріп
ала алады?
Ол үшін мыналарды анықтап алу керек:
1. əр тауарға қандай баға қою керек;
2. тауардың қанша түрін қандай бағамен сату керек?
Алдымен оқушылар электрондық кестені толтырып алады:
тақырыбын көркемдеп жазады, қажетті бағаналарды мəліметтермен
толтырады (тауардың саны мен олардың бағасын енгізеді). Со-
сын проблеманы шешуге кіріседі. Талап етілген нəтижені алу үшін
енгізілген мəліметтерді бірнеше рет өзгертеді, аралық қосынды мен
соңғы нəтижені талдайды.
Информатика сабақтарында проблемалық мазмұндауды қолдану
көбінесе қоршаған болмысты тануға бағдарланған оқушылардың
ақпарат, ақпараттық үдерістер, жүйелер, технологиялар мен
модельдер жайлы ғылыми түсініктерінің
негізін құраушы білім
жүйелерін меңгеруге бағытталған. Бұл əдіс бастауыш мектепте
информатиканы оқыту кезеңінде бірін-бірі толықтырушы екі
əдістемелік тəсілді: көңiл ортақтығы (эмпатия) (ойлау қабілетін жəне
құбылысты əртүрлі көзқарас тұрғысынан түсінуді дамытады) жəне
«мағыналық көріну» (нысанның мəнін түсінуге мүмкіндік береді)
қолданғанда іске асырылуы мүмкін. Мысалы, компьютер үшін мəтін
– символдар тізбегі екені жайлы нақты түсінік қалыптастыру талап
етілгенде [12, б. 173].
Жартылай-іздену əдісі оқушылар қиын проблеманы өз
беттерімен басынан аяғына дейін емес, тек жартылай ғана шешуді
ұсынады. Мұғалім оқушыларды іздеудің жеке кезеңдерін орындауға
қатыстырады [13].
Оқушыларды болжам жасауға, танымдық есепті
шешу үшін бақылау, эксперимент жасауға, жоспар құруға немесе ал-
горитм құруға қызықтыру болып табылады.
Эвристикалық сұрақтарды қабылдау оқушылардың танымдық
іс-əрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
168
Мынандай жеті кілттік сұрақ қойылады: кім? не? неге? қайда?
немен? қалай? қашан? Сұрақтарды жұптап үйлестіре қолдануға
да болады. Мысалы, компьютерді кім ойлап тапты? компьютердің
көмегімен не істеуге болады? монитор (принтер, тышқан жəне
т.б.) неге керек? компьютердің «миы»
қайда орналасқан сияқты
сұрақтар топтарын талқылау нəтижесінде оқушылар компьютердің
аппараттық қамтамасыз ету құрылғыларымен танысады.
Формальдау жəне модельдеу қабілеттерін қалыптастыру
мен дамыту үшін, нысан мен оның символдарының арасындағы
байланысты құру, құрылған символдарды түсіндіруден тұратын
Достарыңызбен бөлісу: