236
оқушылармен əңгімелер ұйымдастырып, сауалнама жүргізуге, жаз-
баша жұмыс материалдарын пайдалануға болады.
Бұл жұмысқа
оқушылардың ата-аналарын да тарту қажет.
Жоспардың орындалуын директор мен оның орынбасарла-
ры қадағалап отырады. Олар сыныптан тыс жұмыстарға қатысып,
мұғалімдермен отырып, оларды талдайды,
сонымен қатар сы-
ныптан тыс жұмыстың сапасы жағынан сұрақтармен алмасып,
педагогикалық кеңестері айтылады.
8.3.4 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың ерекшеліктері
Информатикадан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екі
бағытын атап көрсетуге болады: бағдарлама материалын меңгеруден
қалып қойған, сыныптан қалып қалған оқушылармен жұмыс;
информатикаға аса қызығушылық танытқан оқушылармен жұмыс.
Бірінші бағыт бойынша информатика курсы бойынша үлгермей
артта қалған оқушыларды уақытысында анықтау қажет.
Сыныптан қалып қойған оқушыларға сыныптан тыс жұмыс
ұйымдастырудың кезеңдері:
1. Аз баладан құралған топпен
информатикадан қосымша
сабақтар өткізу. Бұл топтағы оқушылар білімі өзара шамалас болуы
керек.
2. Балаларға берілетін тапсырмаларды жекелендіру. Əр балаға
алдын ала дайындалған бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалар беруді
ұйымдастыру.
3. Аптасына бір реттен кем емес қосымша өткізу.
4. Өтілген тақырып бойынша қорытынды бақылау алып,
тақырып бойынша бағалау жасау.
5. Информатикадан қосымша сабақтар үйретуші сипатта болу
керек.
6. Информатика пəнінің мұғалімі оқушының материалдан қалып
қою себептерін анықтап отыру керек.
Екінші бағыт – информатикаға аса үлкен
қызығушылық
танытатын оқушылармен жұмыс, олар мына төмендегі негізі
мақсаттарға сай болуы керек:
1. Информатикаға тұрақты қызығушылық тудыру;
237
2. Бағдарлама материалы бойынша білімдерін кеңейту жəне
тереңдету;
3. Оқушылардың қабілеттерін тиімді дамыту мен олардың
ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдыларын анықтау;
4. Ойлау мəдениетін дамыту;
5. Оқу жəне ғылыми танымал əдебиеттермен өз бетінше жəне
шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу дағдысын дамыту.
6. Қоғам өміріндегі информатиканың практикалық маңыздылығы
туралы кең жəне терең түсінік беру;
7. Əлемдік ғылымда информатиканың рөлі мен мəдени
тарихи
құндылығы жөнінде кең əрі терең түсінік беру;
8. Оқушыларда ұжымдық сезімді дамыту жəне ұжымдық жұмыс
пен жеке жұмысты енгізуге үйрету;
9. Информатика мұғалімі мен оқушы арасында тығыз байланыс
орнату.
10. Берілген сыныптың ұжымы ішінен информатиканың
тиімділігін арттыруға көмектесе алатын мұғалімнің белсендісін
анықтау.
Осы мақсаттар сабақтарда жекелеп жүзеге асады. Бірақ,
сыныптық тапсырмалар үдерісінде уақыт та бағдарламада оқумен
шектелген, бұл жұмысты толыққанды ете алмайды.
Оқу-тəрбие жұмысы мен
сыныптан тыс жұмыс арасында
тығыз байланыс бар: оқу тапсырмалары, білімге деген оқушы
қызығушылығын арттыру жəне керісінше сыныптан тыс жұмыс
кезінде оқушылар алған теориялық білімдерін
практикада кеңінен
қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: