357
Қартаю – бұл организмде жас өзгерістерінен заңды түрде
туындайтын физиологиялық үдеріс. Қартаю үдерістеріне əртүрлі
жүйелерде əртүрлі жылдамдықта
байқалатын жас шамалық
өзгерістердің дамуы тəн.
Кəрілік – адамның тарихи-эволюциялық дамуының əртүрлі
сатыларында жəне əртүрлі экологиялық-популяциялық жəне
əлеуметтік топтар ішінде шартты жəне шекаралық түрде ауысып
тұратын биопсихологиялық жəне əлеуметтік тарихи түсінік.
Гериатрия – (грек.
geron жəне
iatreia – емдеу ілімі) кəрі жəне
қарттық жастағы адамдардың ауруларын зерттейді.
Геронтология – қарттық кезеңнің психикалық ерекшеліктерін
зерттейтін даму психологиясының саласы.
Геронтологияның мақсаты – кəрілікке
байланысты ту-
ындайтын кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені əрбір жас
тобының əлеуметтік мəртебесі мен
қоғамдағы орны сол топтың
экономикалық «жетістіктерімен» тығыз байланысты.
Жас ерекшелік дағдарыс – адам
ағзасы мен психикасындағы
тұрақты кезеңінің барысында орын
алған сандық өзгерістердің
сапалы өзгерістерге алмасатын
адамның өмірлік циклінің
барысындағы нормативті, заңды кезең.
358
2-ҚОСЫМША
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ
СҰРАҚТАРЫ
1. Даму психологиясы нені қарастырады?
А) баланың іс-əрекетін
В) жұмыртқаның ұрықтану сатысынан
жеке өмірінің бітуіне
дейінгі адам психикасында болатын өзгерістерді
C) өзге адамның жан дүниесін
D) қарым-қатынасты
E) күнделікті өмірде жəне зерттеуле белгілі бір түйінді шешу
2. Балалар психикасының зерттеуінің негізгі əдістері:
А) интеллектуалдық тестер
В) тест
C) əңгіме жəне əңгімелесу
D) бақылау жəне эксперимент
E) əлеуметтік өлшем əдісі
Достарыңызбен бөлісу: