Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері және мазмұны оны жүзеге асырудың түрлерінің, әдістерінің және құралдарының өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Түрлері, әдістері мен құралдары тәрбиелеу процесінің процессуалдық жағын құрайды. Бұл құралдар іс жүзінде тәрбиелеу әрекетін іске асыруға, мек- теп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге мүмкіндік туғызады. Биенің тиімділігі педагогикалық проце- сте бұл компоненттерді дұрыс таңдап алуға, мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде балаларды тәрбиелеудің заңдылықтары мен принциптеріне бағдарлауға байланысты.
Тәрбиелеу түрлері – тәрбиелеу процесінің сыртқы көрінісі. Мектепке дейінгі педагогикада тәрбие түрлері дара, кіші топтық, топтық болып бөлінеді. Тәрбиенің нақты мақсаты мен міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің түрі таңдалады.
Мысалы, баланың нақты бір қылығы бойынша этикалық әңгімені онымен жеке өткізуге болады, этикалық әңгіме соңынан талқылау түрінде өткізілуі де мүмкін – топтық түрі; эстетикалық циклдағы сабақтар топтық және кіші топтық түрде өтуі мүмкін; еңбек әрекеті жеке тапсырмаларды орындау (кіші топтарда өсімдіктерді күту, бөлмені топ болып жинау) түрінде өтуі мүмкін. Ерте жаста негізінен барлық тәрбие процесі үлкендер жағынан назар аударуды талап ететін күн тәртібі про- цестерден басқасы жеке түрде немесе кіші топтарда өткізіледі.
Тәрбиенің бұл түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері
«Педагогика» курсында ашылған. Қайталау қажет болған жағдайда осы курстың оқулықтарын пайдаланыңыздар («Тәрбие түрлері» бөлімін қараңыздар).
Тәрбие түрі әртүрлі құралдардың көмегімен орындалатын тәрбиенің әдістері мен тәсілдерінің кешенін қамтиды.
Тәрбиелеу әдістері – тәрбиелеу мақсатына жетуге бағытталған үлкен адамдар мен балалардың өзара байланысты әрекетінің тәсілдері. Тәрбиелеу әдістерінің көмегімен балалардың тәртібі түзетіледі, тұлғалық қасиеттері қалыптасады, олардың іс-әрекет, қарым- қатынас, өзіне және айналасындарға көзқарас тәжірибесі байытыла- ды. Әдістер мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің әртүрлі жағдаяттарында, бала іс-әрекетінің түрлерінде пайдаланған жағдайда,
сол сияқты педагог оларды бірге және ұдайы алмастырып қолданған жағдайда тиімді болады.
Әдістерді алмастырып тұру тәрбие тәсілдерін керек етеді, олар әдістің бөлінбес бөлігі, бұл тәрбиешінің нақты әдісінің ішіндегі жеке амалы. Мысалы, жазалау әдістерінің тәсілдері – уақытты созып жа- залау, ұжым болып талқылау түрінде жазалау, үлкеннің жақтырмаған көзқарасы, жақсы көретін ісінен айыру.
Тәрбиелеу тиімділігі сол сияқты тәрбиелеу заңдылықтары мен оларды есепке алуды білуге байланысты. Мектепке дейінгі педагоги- када мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бүтін бір кешені айтылады. Тәрбиелеу әдістерінің бірнеше классификациясы бар.
Олардың біріншісі тәрбиенің барлық әдістерін тұлғаға ықпал көзіне қарай бөледі: көрнекілік, сөздік, практикалық. Екінші классификацияның негізіне адам (оның ішінде баланың да) іс-әрекетінің құрылымы жа- тады. Бұл классификацияны Ю. К. Бабанский ұсынған. Бұл бала- ны тәрбиелеу мен дамытуға іс-әрекеттік көзқарастың мағынасын көрсетеді. Оның мәні тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту оны іс-әрекеттің және айналасындағылармен қарым-қатынастың әр түріне қатыстыру процесінде тиімді түрде жүзеге асады. Тәрбиелеу әдісі 4 топқа бөлінеді:
тұлғаның санасын қалыптастыру әдісі;
іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
тәрбиеленушілердің тәртібі мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
тәрбие процесін бақылау мен оның тиімділігін талдау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |