Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ерекшеліктері:
оқу-таным іс-әрекеті ойынмен тығыз байланысты;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мектептегі сияқты сабақта емес, әртүрлі формада жүзеге асырылады (саяхаттарда, ой- ындарда, әртүрлі іс-әрекет барысында, күнделікті өмірде, күнделікті режимдік процестерде және т.с.с.);
мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде балалар ғылым негіздерін оқымайды, қоршаған орта жөнінде жүйеленген түсінік пен оқу туралы дағдылар алады (тәрбиешіні тыңдау, сұрақтарға жауап беру, сұрақ сұрай білу, нұсқау бойынша әрекет жасау, ересек мектеп жасында – оқу-танымдық міндеттерді қою және оларды шешу, оның жетістіктерін жоспарлау, өз нәтижелерін бағалау, оларды басқалармен салыстыру);
оқыту іс-әрекеттің барлық формаларында және түрлерінде
өзінің әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде беретін үлкен адамдардың жетекшілігімен жүреді;
мектепке дейінгі жаста балалар басты нәрсе мен қосалқы нәрсені ажыратуда қиындық көреді;
оқыту процесінде балалардың заттар мен өзінің айналасын-
да болып жатқан құбылыстардың қасиеттерін дұрыс қабылдауын қамтамасыз етудің қажеттілігі;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық,
үлкен адамдардың мақұлдауы мен тілектестігі, процестің жоғары эмоционалдық толыққандылығы, жағымды эмоционалдық ахуал сияқты факторлар ерекше маңызды;
балалардың жоғары эмоционалдық қабылдағыштығы, ес көлемінің аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын, әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын анықтайды;
психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы
оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды:
кіші жаста оқу-танымдық тапсырмаларды педагог сатылап (қадамдап) балалардың орындай алуына қарай береді;
сезімнің оянуының тежелуден артықшылығы тапсырмаларға қысқа, нақты нұсқаулар жасау, қарапайым тапсырмалардың санын арт- тыру қажет екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |