Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан



бет88/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектепке дайын болу психологиялық-педагогикалық сөздікте мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу мен оқытудың қорытындысы және мектепке мақсатты түрде жүйелі дайындаудың нәтижесі деп анықталады. Мектепке дайын болу – мектепке дейінгі ересек жастағы баланың мектепте жүйелі ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін жемісті қамтамасыз ететін морфофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Ол бала организмінің, жүйке жүйесінің өсіп жетілуі себепті, психикалық процестің даму деңгейінен, бала тұлғасының қалыптасқандығы себебінен болады. «Дайындық» және
«дайын болу» терминдері себеп-салдар қатынасымен байланысты: дай- ын болу тікелей дайындық сапасына тәуелді және сонымен анықталады. Мектепке дейінгі педагогикада баланы мектепке дайындау нәтижесімен байланысты тағы да бір термин бар – мектеп жасына толу. Бұл ұғымның мазмұнын әртүрлі авторлар өзінше түсіндіреді. Оны біреулері мектепке дайын болудың синонимы десе, басқалары «мектеп жасына толу» және «мектепке дайын болу» деп бөледі. Көбінесе мектеп жасына толу дегенді морфологиялық және функционалдық дамудың сондай деңгейі, онда бала мектепте жүйелі оқудың талаптарын орын- дай алады (биологиялық, функционалдық, жетілгендік, физиологиялық функциялардың дамуы, денсаулық жағдайы) деп түсінеді. Мектеп жасына толу баланы дамытудың психикалық және физикалық жақтарын біріктіреді. Бұл дайын болудың басқа түрлеріне (тұлғалық, адамгершілік, әлеуметтік, интеллектуалдық) негіз болады. Мектеп жасына толу организмнің жетілуінің психикалық-физиологиялық
аспектісін көрсетеді.
Баланы мектепте оқуға дайындаудың мақсаттарын, мазмұнын және әдістемесін көрсеткенде тағы да бір – «сабақтастық» термині қолданылады.
Сабақтастық – дамудың әртүрлі кезеңдерінің арасындағы ерек- ше байланыс, оның мәні тұтасты жүйе ретінде өзгерткенде оның элементтерін сақтауда.
Балаларды мектепке дайындау процесінде мектепке дейінгі меке- ме мен мектептің сабақтастығы – мазмұнды, екі жақты байланыс, ол бірінші жағынан, мектепке дейінгі мекеме іс-әрекетінің мектептің та- лаптарына бағытталғандығын, екінші жағынан, – мұғалімнің мектеп- ке дейінгі ересек балалардың қол жеткізген даму деңгейіне сүйенуіне, ары қарай мектепте оқығанда бала тәжірибесін белсенді пайдалануына бағытталатындығын көздейді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет