Адамзаттың мыңдаған жылдық тарихында жас ұрпақты тәрбиелеудің екі тармағы қалыптасты: отбасылық және қоғамдық. Бұл тармақтардың әрқайсысының өз алдына тәрбие жөніндегі бір әлеуметтік институт бола тұрып, бала тұлғасын қалыптастыруда ерек- ше мүмкіншіліктері бар.
Ерте уақыттан бері тұлғаның қалыптасуындағы бастысы: отбасы немесе қоғамдық тәрбие (балабақша, мектеп) деген талас пікірлер бар. Кейбір ұлы педагогтар отбасының пайдасына ыңғайланады, басқалары басымдықты қоғамдық мекемелерге береді. Мысалы, Я. А. Коменский анасының қолы мен аузынан білім жинағын ана мектебі деп атады. Ана сабақтары – оқу кестесіндегі үзіліссіз, демалыссыз және каникулсыз. Баланың өмірі неғұрлым жан-жақты және мағыналы болған сайын, солғұрлым ана қамқорлығының аясы кеңи түседі.
Заманауи ғылым бала тұлғасын дамыту үшін шығынсыз отбасы тәрбиесінен бас тарту мүмкін емес екендігін куәландыратын көптеген деректерді біледі, себебі оның күші мен ықпалдылығы ешқандай, тіпті балабақша мен мектептегі өте жоғары деңгейде деген тәрбиемен салыстыруға келмейді.
Мектеп – баланың және отбасының өміріндегі жаңа саты. Бала да, ата-ана да жаңа статус алады. Баланың мектепте жақсы оқуы көбінесе, оның қаншалықты дайындалғандығына байланысты. Көпшілік жағдайда мектепке дайындық дегенді баланың жазуды, оқуды, санау- ды үйрену деп түсінеді. Бала әріптерді буынмен қойып, сөз құрастырса ата-ана оған өте риза болады. ал мектепте оқуға дайындық деген
ол мүлдем басқа екендігін ойламайды. Мектепке дайын болуды қалыптастыру мамандардың да, балалардың ата-аналарының да қатты назар аударуын қажет ететін кешенді проблема.
Отбасымен жағдайда баланың мектепке дайын болуын қалыптастырумен Т. А. Березина, Т. И. Бабаева шұғылданды. Олар психологиялық және әлеуметтік дайын болуды, психофизиологиялық функциялардың дамуын, отбасы жағдайындағы танымдық іс-әрекетті қарастырды. Көптеген авторлар жанұяда оқу іс-әрекетінің мотиваци- ясын қалыптастыру қажеттігін көрсетті. Ф. А. Сохин баланы мектепке отбасында дайындау заңдылықтарын қарастырды.
Баланы мектепке дайындау – педагогиканың, заманауи білім берудің аса бір маңызды және өзекті проблемаларының бірі. Балаларды тәрбиелеу, өмірінің алғашқы күнінен бастап бала тұлғасын
қалыптастыру – ата-ананың негізгі міндеті. Отбасы балаға ықпал етеді, өмірге араластырады. Баланың басты тәрбиешілері - ата-аналары. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін жанұя – оның өмірін қоғамдық ортамен байланыстыратын бірінші және негізгі буын және бұл өте маңызды. Заманауи отбасы әлеуметтік ортаның ықпалымен емес, тек қана өзінің ішкі өмірімен өмір сүруі мүмкін емес.
Ата-ана бала үшін бірінші мұғалім және еліктеу үлгісі бола- ды. Баланың адамгершілік-еріктік аясын қалыптастыруда (бала тұлғасын жан-жақты қалыптастырудың маңызды шарты) отбасына жетекші рөл беру маңызды. Баланың адамгершілік-еріктік тұрғыда тәрбиеленгендігінен оның мектепте жақсы оқуы ғана емес, өмірлік ұстанымының қалыптасуы да байланысты. Дегенмен мектепке дай- ын болу ұғымы баланың тек қана адамгершілік-еріктік қасиеттерінің қалыптасқандығын қамтып қана қоймайды, басқа элементтерді де қатыстыратын білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынының болуын да қарастырады. Бұған мотивациялық та, тұлғалық та дайындық, еріктік және интеллектуалдық, «оқушының ішкі ұстанымы» кіреді. Басты нәрсе көптеген ата-аналар үй жағдайында баланы балабақша педагогта- рындай мектепке дайындай алмайды. Көбінесе ата-аналар баланы мек- тепке дайындаймын деп тәртіптің «қате сценарийін» таңдайды, соның салдарынан балаларда мектепке деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды, қорқыныш пен күйзеліс пайда болады. Үйде тәрбиеленген балалар бірінші сыныпқа «оқушының ішкі ұстанымының» оқуға құлықсыз және оқу іс-әрекеті жөніндегі дұрыс емес түсініктерімен келеді.
Сонымен, баланың мектепке дайын болуының ең оңтайлы нұсқасы отбасы мен мектепке дейінгі мекеменің өзара тығыз әрекеті, баланы мектепке дайындаудың барлық аспектілері бойынша серіктестігі бо- лып саналады. Тәрбиеші өз жұмысында отбасы көмегіне, ал ата-ана- лар – өз жұмысын жалпы нәтижеге – баланы мектепке дұрыс және толық дайындауға жету үшін балабақша жұмысымен келісіп жүргізуі тиіс, өйткені бұл тек ата-ана мен балабақша жұмысының бірлігі мен серіктестігі жағдайында ғана мүмкін болады.
Баланы мектепке дайындауда ата-ананың рөлі зор: жанұяның ере- сек мүшелері ата-ананың да, тәрбиешінің де және мұғалімнің де фун- кияларын атқарады. Бірақ ата-аналардың бәрі мектепке дейінгі меке- меден қол үзгендіктен баласын мектепте оқуға, мектеп бағдарламасын меңгеруге дайындауды толық, жан-жақты қамтамасыз ете алмайды. Балабақшасында болмаған балалардың мектепке дайындық деңгейі балабақшаға барған балалардікінен төмен болады. «Үй» балаларының
ата-аналарының мектепке дейінгі мекемеге барған, балабақшада мектепте сабақтарда арнайы дайындалған балалардың ата-анала- рына қарағанда әрқашан мамандармен кеңесуге мүмкіндіндігі бола бермейді де, оқу-тәрбие процесін өзінше құрады. Дайындау кезінде олар басты назарды арнайы дайындықты қалыптастыру жағына (оқи білу, жаза білу және т.с.с.) аударады да, ал өзінділік, тиянақтылық, жауапкершілік, жинақылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге аса бір үлкен маңыз бермейді. Ойлау, адамгершілік, еріктік, эстетикалық және дене даму дайындығын қалыптастыруға аз көңіл аударылады. Балалардың мотивациялық, оқу білігі мен қасиеттерінің қалыптасуында қайшылықтар байқалады. Дегенмен барлық ата-аналар балаларды мек- тепке дайындау проблемасына кездеседі, бірақ бәрі бірдей оны шеше алмайды.
Қазіргі кездің жанұясы жағдайында баланы мектепке дайындау- ды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар үшін кешенді материалдар мен ұсыныстардың жеткіліксіздігі байқалады, соның салдарынан мектеп- ке дейінгі мекемеге бармаған балаларды мектепке дайындау мәселесі туындайды. Қолда бар ата-аналарға арналған құралдардың кешенді сипаты жоқ, балаларды мектепке дайындаудың жекелеген тұстарын ғана қарастырады, ол ата-аналарға тұтас процесті көруге мүмкіндік бермейді.
Баланы отбасы жағдайында мектепке дайындау аса қажет. Оның жемісті болуы бірқатар ұйымдастырущылық-педагогикалық шарттар- ды орыдауды қарастырады.
Басты шарты – баланың отбасы мүшелерімен тұрақты бірлестігі.
Баланың қиыншылықтарды жеңе білуін қалыптастыру. Баланы бастаған ісін міндетті түрде аяқтауға үйрету қажет. Көптеген ата-аналар баланың оқуға қаншалықты құлықты екенін түсінеді, сондықтан оған мектеп туралы, мұғалім мен мектепте алатын білім туралы айтып береді. Осының бәрі мектеп туралы жағымды көзқарас туғызады. Ары қарай баланы оқудың оңай емес екендігі жөнінде дайындық жүргізеді. Бұл қиындықтарды жеңуге болатындығын түсіну баланың сәтсіздіктерді дұрыс түсінуіне себеп болады.
Үлкендер баланың сабақтарын, ойынын, шамасы келетін жұмыстарды және басқа да іс-әрекеттерін басқаруы, мадақтауы ұйымдастыруы тиіс. Ата-аналар баланы мектепке дайындауда баланың жеке өзіндік іс-әрекетінің маңызды екендігін түсінуі керек. Сондықтан баланы мектепке оқуға дайындаудың рөлін тек сөзбен нұсқау беру дәрежесінде түсінбеу қажет.
177
12–7463
Баланы мектепке дайындаудың және жан-жақты дамытудың тағы бір қажетті шарты, М. М. Безрукихтің пікірінше, жетістікке жету. Үлкендер балаларға міндетті түрде жетістікке жететіндей іс-әрекет жағдайын жа- сауы керек. Бірақ жетістік шынайы, мақтау – оған тұрарлықтай болуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындауда эмоционалдық- еріктік сфераны байыту, сезімді тәрбиелеу, жаңа жағдайға бейімделе білуі ерекше орын алады. Өзіндік сананың өсуі өзін-өзі бағалауда айқын көрінеді, яғни бала өзінің жетістіктерін басқалардың бағалауына қарай отырып, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін қалай бағалайтындығын көрсетеді. Бұл мектепке психологиялық дайын болу көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізінде соған сәйкес мадақтау және ескертулер жасау көзқарасы қалыптасады.
Таным қызығушылығын қалыптастыру, іс-әрекетті және эмоционалдық-еріктік сфераны байыту – мектеп жасына дейінгі балалардың белгілі бір білімді, білікті, дағдыларды жақсы меңгеруінің алғышарттары болып табылады. Өз кезегінде, қабылдауды, ойлауды, есті дамыту баланың білім алу тәсілін қалай меңгергендігіне, оның қызығушылығының бағытталғандығына, жүріс-тұрысының еркіндігіне байланысты.
Баланы мектепке дайындағанда ата-аналар оны салыстыруға, қорытынды жасауға және жалпылауға үйретеді. Ол үшін бала оқып берген кітапты, үлкендердің әңгімесін мұқият тыңдауға, өз ойын дұрыс және жүйелі айтып беруге, сөйлемді сауатты құруға үйренуі тиіс. Оқығаннан кейін баланың қалай түсінгендігін анықтау керек. Бұл оқығанын талдауға, баланы адамгершілікке тәрбиелеуге, сонымен бірге қисынды жүйелі сөйлеуге үйретеді, сөздік қорында жаңа сөздер болу- ын қамтамасыз етеді. Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ата-аналардың өнегесінің маңызы үлкен. Ата-аналардың күшімен және олардың көмегінің нәтижесінде бала дұрыс сөйлеуге үйренеді, яғни ол мектепте оқуға, жазуға дайын.
Мектепке келген баланың эстетикалық талғамын дамыту керек, бұл жерде ең басты рөл отбасына тиесілі. Эстетикалық талғам баланың на- зарын күнделікті өмір құбылыстарына, айналадағы тұрмыстық заттарға аудару процесінде де дамиды.
Отбасында ойын әрекеттерін дамыту мен жетілдіруге ықпал ету қажет. Баланың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы көбінесе ойынның даму деңгейіне байланысты. Ойында орын басу процесі дамиды, бала оны- мен мектепте математиканы, тілді оқығанда кездеседі. Бала ойнай жүріп
өз әрекеттерін жоспарлауға үйренеді, бұл келешекте оқу іс-әрекетін жоспарлауға көмектеседі.
Сурет салу, жабыстыру, қию, құрастыруды білуі керек. Осыларды жасау арқылы бала өз әсерін, эмоционалдық күйін бейнелей отырып, шығармашылығынан қуаныш алады. Сурет салу, құрастыру, жабыстыру баланы айналасындағы заттарды көре білуге, талдауға, олардың түрін, түсін, пішінін, шамасын, бөліктерінің қатынастарын дұрыс қабылдауға көмектеседі. Бұл бір мезгілде баланы жүйелі іс-қимыл жасауға, өз ісін жоспарлауға, олардың нәтижелерін берілгенімен салыстыруға мүмкіндік береді. Барлық осы білік мектепте аса қажет болады.
Баланы оқытып тәрбиелей отырып, сабақты көңілсіз, жағымсыз, ата- аналардың балаға мәжбүрлеуі және баланың өзіне де керексіз әрекетке айналдырмау керек. Ата-аналармен қарым-қатынас, оның ішінде бірлескен жұмыс балаға ләззат және қуаныш әкелуі тиіс, танымдық белсенділігін арттыруы, оқу-танымдық мотивация қалыптастыруы қажет.
Баланың ақыл-ойына артық жүк түсіруден қорқатын ата-аналар дұрыс жасамайды. Сол сияқты, баланың санасына көп мөлшердегі әртүрлі және жасына сай келмейтін «ақылды» деректермен салмақ түсіру де дұрыс емес. Ата-аналар бала жыл сайын дамиды деп есептейді. Тексергенде олардың жеңіл, үстірт, шашыраңқы, ал кітап кейіпкерлері жөнінде үлкендерден естігендерін айтады. Тіпті өмірлік жағдаяттарда бәрін білгіш сияқтанып көрініп, үлкендерден естіген дайын сөздерін мағынасын түсінбей қайталай береді. Баланың білуге құштарлығын алғашқы күннен бастап байқап және оларға түсінікті де- ректер арқылы мектеп «ертеңіне» дайындаған ата-аналар дұрыс жасай- ды. Балаларын тәрбиелей бастағанда, олар негізінен болашақ мектеп оқушысын дайындай бастайды: оның алдыңғы жинақтаған тәжірибесі оқудың жемістілігін анықтайды.
Баланы мектепке дайындау – бұл тек қана белгілі бір түсініктер санын қамтамасыз ету емес, оның оқуға психологиялық дайындығын – жаңаны білуге ынтасы мен сұранысын, еңбексүйгіштігін, тиянақтылығын, наза- рын, есін, логикалық ойлауын, ерік күші қабілетін қалыптастыру. Ал бұл арнайы сабақтар жолымен ғана емес, айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде – ойындарда, еңбекте, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады. Мектепке дайындау кешенді жұмысты талап етеді: өсіп келе жатқан ақыл-ой белсенділігі есебінен баланың
«ақылды» болуына, қол жетімді білімнің белгілі бір қорын, сол сияқты алған психологиялық қасиеттерін жинақтауға көмектесу керек.
Заманауи отбасы баланы мектепке дайындауға толыққанды жауапкершілікке дайын емес, себебі ол педагогикалық сауаттылықтың тиісті деңгейін жеткілікті меңгермеген. Мектепке оқуға дайындаудың оқу, жазу, санаудан басқа да көптеген түрлері болатындығын кез кел- ген ата-ана біле бермейді. Бүгінгі күнде біздің елімізде балаларды дамытудың көптеген орталықтары бар, мектепке дейінгі мекемелер жанынан қысқа мерзімді топтар, мини-орталықтар, мектептер жа- нынан дайындық курстары және басқа да мекемелер ашылып жатыр, онда баланы мектепке дайындаумен мамандар айналысады. Бірақ, біздің пікірімізше, ата-аналар баланы мектепке дайындауды тұтас педагогтарға жүктеп қоймаулары керек. Баланы мектепке дайындауды неғұрлым толыққанды қамтамасыз ету үшін жұмыс екіжақты жүруі тиіс.
Сонымен, мектепке дейінгі балалық шақта баланың дамытуда үлкендердің әрекетінің рөлі үлкен. Ол балаларға әлеуметтік тәжірибені жеткізуші функциясын орындайды. Баланың мектепте оқуы оны мек- тепке дайындау процесін ұйымдастырудағы үлкендердің мотивациясы мен дайындығына байланысты.
Отбасы жағдайында баланы мектепке дайындауда ата-аналардың қиыншылықтарын, сол сияқты бұл дайындықтың мақсаттары мен міндеттерін, баланы мектепте оқуға дайында түрлерін талдай келе, Т. И. Бабаева, Т. А. Березина отбасында жүзеге асырылуға қажетті бірқатар міндеттерді көрсетеді. Ол функциялар мыналар:
Баланы мектепке дайындаудағы отбасының мотивациялық функци- ясы -мектепте оқуға, жаңаны білуге, адам өміріндегі мектепте оқудың маңыздылығын түсінуге баланың мотивациясы. Бұл баланың мектеп, мұғалім, оқу әрекеті, оның әлеуметтік рөлін білу негізінде болады.
Отбасының интеллектуалдық функциясының мәні балаларға қоршаған орта жөнінде қандай да бір білім жүйесін беру: тыңдауға, жауап беруге, қорытынды жасауға, сұрақтар беруге, объектілерді салыстыруға, оларды жіктеуге, олардың ерекше белгілерін анықтай білуге, нұсқауға сәйкес және өз ойынша әрекет жасауға үйрету; та- ным процестерін дамыту (қабылдау, ойлау, елестету, еске ұстау). Бұл құраушылардың барлығы мектеп жасына дейінгі баланың мектепте оқуға дайындау компоненттері болып табылады.
Жанұяның әлеуметтік функциясы баланы үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауға, тәртіп нормалары мен ережелерін саналы түрде түсінуге, балалар тобының мүддесі мен салт- тарына бағыну білігін қалыптастыруға, басқалармен бірігіп жұмыс істей
білуге, мектеп үшін қажетті тұлғалық қасиеттерін көрсетуге (мақсатқа жетуге ұмтылушылық, табандылық, жауапкершілік, өзбеттілік) үйрету. Жанұяның ұйымдастырушылық функциясы баланы мектепке дай- ындау процесі, педагогикалық әдебиеттерге, диагностика нәтижелеріне сүйене отырып өз әрекеттерін жүйелеу; баланы мектепке дайындауға көмектесетін білім беру мекемесін, консультациялық орталықты таңдау. Баланы мектепке дайындаудағы отбасының өзіндік білім алу функциясы балаларды мектепке дайындауда ата-аналардың негізгі психологиялық-педагогикалық білімдіжәнедайындаудыңәр түрлерін да- мытуды бағалау әдістемелерін (адамгершілік-еріктік, интеллектуалдық, физикалық, психологиялық, сөйлеу) өздігінен меңгеруі; ата-аналардың өздігінен педагогикалық білім алуы балаларды мектепке дайындау са-
пасын арттыруға, оның жан-жақты бағытталуына ықпал етеді.
Балаларды мектепке дайындау процесінде ата-аналар саналы түрде, ал кейде көбінесе, ситуациялық жағдайда, жоғарыда аталған функци- яларды жүзеге асырады. Бірақ баланы мектепке жүйелі түрде дайын- дайтын қосымша білім беретін басқа да мекемелердің бар екендігін ұмытпау керек (балаларды дамыту орталықтары, мектептердегі дайындық сыныптары, мини-орталықтар). Олар да белгілі бір функ- цияларды орындайды: балаларды мектепте оқу мотивациясын, оның барлық компоненттерін қалыптастырады, (оқу, танымдық, әлеуметтік); интеллектуалдық функциясын – қоршаған орта туралы білім береді, та- ным процестерін дамытады.
Анықталған функцияларға сәйкес жанұяда мектеп жасына дейінгі ересек балаларды мектепке дайындау процесін ұйымдастыру пробле- масын шешу үшін ата-аналар үшін мынадай педагогикалық ұсыныстар жасауға болады.
Мотивациялық функцяларды жүзеге асыру барысында:
мектеп туралы, мектепте сабақтағы тәртіп ережелері, сабақтың өзі туралы, мектеп құрал-жабдықтары туралы айтып беріңіз;
баланы мектепке саяхатқа апарыңыз (мүмкіндігінше өз баратын
мектепке), мүмкін болса болашақ мұғалімімен таныстырыңыз;
баланың мектеп оқушысы ретіндегі жаңа әлеуметтік позицияны қабылдауына дайындығын қалыптастырыңыз;
оқу-маңызды қасиеттерін қалыптастырыңыз (оқу мотивтері;
көру арқылы талдау; оқу міндетін қабылдауы; кірісу дағдылары; графикалық дағдысы; іс-әрекетін реттеуінің еріктілігі; оқи алатындығы);
баламен сөйлескенде көп заттардың атын, белгілерін атаңдар,
олармен қалай жұмыс істеу керек екендігін айтыңыздар;
оның достарының бірімен немесе мектепке барып жүрген ере- сек туыстарымен сөйлесіңіздер.
Интеллектуалдық функцияларды орындағанда мыналар қажет:
баламен тек қана сюжетно-рөлдер, конструктивтік ойындар емес, дамытушы ойындар да ойнау керек;
баланы үнемі кітапханаға апарып тұрыңыз;
баламен танымдық кітаптар оқып, оқығаныңызды талдаңыз;
баланың танымдық – қабылдау, ес, ойлау, елестету процестерін дамыту;
баланың сұрақтар беруге ұмтылысын, білуге құштарлығын мадақтау;
балада жаңа әсерлердің туындауына, олар жөнінде айтып бере алуына қамқорлық жасау;
Егер отбасында мынадай жағдайлар болса, әлеуметтік функция қамтамасыз етіледі:
басқа балалармен ойынын мадақтаса;
үлкендермен қатынасын мақұлдаса;
баламен қоғамдағы тәртіп нормалары мен ережелері туралы сөйлессе;
ережелерге сәйкес үлкендермен және құрбыларымен өзара
қарым-қатынас орнату білігін дамытса;
қажетті тұлғалық қасиеттерді тәрбиелесе (мақсатқа жетуге ұмтылушылық, табандылық);
баланың өз күшіне сенімін ұялату, өзін-өзі бағалауының
төмендеуіне жол бермеу. Ол үшін баланы жиі-жиі мақтап тұру, ешқашан да жіберген қателері үшін ұрыспау, нәтижені жақсарту үшін тек оны қалай жөндеуді көрсету керек.
Ұйымдастырушылық функция іске асады, егер ата-аналар:
баламен ұдайы шұғылданса;
балаға нақты және анық талаптар қойса;
құбылыстарға қарапайым және ұғымды түсініктер берсе. Анық, айқын, нақты грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлессе;
бала шаршағанда немесе көңіл-күйі болмаған кезде бірнәрсе істеуге мәжбүрлемесе;
шыдамдылық көрсетсе, баланың ойын бөлмесе, бала айтып біткенше бұрылып кетпесе;
мектепке дайындауда жақсы нәтижелерге жету үшін бала қосымша білім беру мекемесіне барса (балаларды дамыту орталығы, мектептегі дайындық сыныбы).
Өз бетімен білім алу функциясын орындау үшін:
ата-аналарға мектепке дайындау, оның түрлері, компоненттері, әдістері, әдістемесі жөнінде өз білімдерін көтеруі қажет, яғни өздік білімін көтерумен шұғылдануы тиіс;
өздік білімін көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді пайдалануы керек;
әлеуметтік әдебиеттің көмегімен баланың жас ерекшеліктерін
зерттеуі тиіс;
мектепке өздігінен дайындалғанда баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеруі үшін арнайы диагностиканы, баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау мақсатында тестерді пайдалану қажет;
арнайы ойындар мен әдістемелер арқылы психофизиологиялық функцияларды (фонематикалық есту, ұсақ моторика, кеңістіктікті бағдарлау, координация) дамыту керек;
баланы мектепке дайындау жөнінде мамандармен кеңесіп оты- ру қажет.
Сонымен, баланы мектепке дайындау процесі – кешенді және жан- жақты. Мектепке дайындықтың әр түрін қалыптастыру міндеттері жанұяның, мектепке дейінгі мекемелердің, бастауыш мектептің, ар- найы топтардың және мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балаларды дайындау орталықтарының өзара әрекетінің бірлігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |