Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


ІІ. «Игеріп оқу» теориясы



бет57/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

ІІ. «Игеріп оқу» теориясы. «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз сыныптық оқыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу және дер


кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету тұрғысындағы теория.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:

  • оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;

  • оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.

«Игеріп оқу» теориясы өте өнімді оқыту тәсілі болып саналады, оның ең өзекті мәселесі - көп санды оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы кемістігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету шарт жағдайымен қамтамасыз ете алғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нәрселерді игере алады, оқытудың міндеті тек қана оқушыларға оқыған пәнін игеруге қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
«Игеріп оқу» теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай бірнеше жақтардан көруге болады:

  1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалім де оқыту үміті, оқушы да оқу сенімі болады.

  2. «Игеріп оқудың» сәтті болу-болмауы оның «кері байланыс пен толықтыру» барыстарының сәтті орындалу-орындалмауына байла- нысты. Блум: дәстүрлі сыныптық оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал дербес оқытудағы «дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру, үйренуді дұрыс жолға салуды» сыныптағы оқытуға шеберлікпен қолданса, қызықты оқыту ортасы қалыптасып, біліміне қарай оқыту, барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды.

«Игеріп оқу», «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теория- сы анықтаған оқыту нысанасына сай жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.

  1. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша


200


201




баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату құралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға қысым түсіру емес, қайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.

  1. «Игеріп оқу» теориясы оқушылардың үйрену барысындағы жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар оқушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.

Нысаналы оқыту барысы

  1. Байқап көру және толықтау барысы. «Байқап көру» дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз. Толықтау дегеніміз - байқап көру негізінде анықталған кемшіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын көрсетеді.

Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену оқып кеткен білім негізінде, оқушының тырысып үйренуі арқылы орындалады, басқаша айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзсіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзқарасы бойынша, оқушының игерген білімі оның жаңа үйренуіне 50% (пайыздық) ықпал жасайды. Міне, бұл оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.

  1. Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру. Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны оқыту мазмұнының темірқазығына айналдыру.

Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол темірқазықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының оқыту және оқу қимылының әрі шығар жері, әрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сәйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдын ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейнемагнитофон, ко-


доскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.

  1. Нысанаға жету. Жаңа сабақ өткізу - сынып оқытуының ең өзекті мәселесі. Ол алдын ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ қимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.

Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана төңірегінде үйренуді ұйымдастыру арқылы нысанаға жету үшін белсенді түрде ортақ қимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толықтыру оқыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды құралы болып саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұнына жету мәселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында әр түрлі оқыту формаларын пайдаланып жетуге болады. Мысалы, «түсіну» мазмұнында оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы «түсіну» нысанасына жетуге болады; «есте сақтау» мазмұнында оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, одан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы «есте сақтау» нысанасына жетуге болады; «игеру» мазмұнында оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; «қолдану, талдау және жинақтау» нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар қою, жаттығулар мен есептер беру арқылы жетуге болады.

  1. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанага салыстыру арқылы жүйелеп есте сақтайды.

Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзеуіне көмектеседі және оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді. Әдетте бұған минуттай уақыт беріледі.


202


203


  1. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру. Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқылықтар байқалса, толықтырулар жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.

Тапсырма беру. Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. Бұған әдетте 1-2 минуттай уақыт ажыратылады.
Қорыта келгенде, «Нысаналы оқыту технологиясы» қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жақсы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет