Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі



бет59/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: жеке құрылымдарға бағдар беру; білім мазмұнының


206


207




сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

  • әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді;

  • деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

  • деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

  • деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық) , бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Оқытудағы саралау әдісінің әдістік негіздері

  • оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;

  • алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;

  • оқу үдерісінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;

  • бағалаудың жетелеушілік қасиеті;

  • дамыта оқытудың әдісі

Деңгейлеп-саралау негізіндегі педагогикалық технология әдістемесі. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - білім алушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу.
Саралай оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б.Ананьев, Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В.Давыдов, Л.Занков, т.б. зерттеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсінуі керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес нәтижеге жетеді.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалану. Бастауыш сыныптар да жаңаша оқыту


даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Кез келген бастауыш сынып мұғалімі әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеп, әдістемелерін жинақтауы керек. Ол үшін:

  • оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;

  • деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін

қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау;

  • оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру керек.

Егер деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, ғылыми-әдістемелік құжаттармен, ұсыныстармен қамтамасыз етілсе, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

  • оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі;

  • оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды);

  • оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады;

  • оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойыла- ды;

  • дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады;

  • танымдық үдерістерді, оқушылардың танымдық қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді;

  • олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Бастауыш сынып оқушыларының дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен, олардың ықылас-жігерін, ынтасын, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, жалпы білім деңгейін зерттеуі керек. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды, т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға,


208


209




суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үдерісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысында бастауыш сынып мұғалімі өзіне лайық әдіс енгізеді.
Өзіндік әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер көзделеді:

  • бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу;

  • бастауыш мектептің оқу үдерісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау;

  • әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру;

  • білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.

Бастауыш мектепте деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану Деңгейлеп-саралап оқытудың негізінде сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу әрекетіне қойылатын келесі талаптар анықталады:
Сабақтың схемасы. Жаңа материалды түсіндіру.

  1. кезең. Өткенді қайталау.

Әр түрлі қиындықтарға байланысты оқушылардың өзіндік жұмысы.
Бірінші топ: тапсырманы түсінуде, талап ететін өзіндік шығармашыл жұмысты орындайды; 2-ші және 3-ші топтардың жұмыстарын бақылайды, қиыншылық туған жағдайда оларға көмекке келеді; 2-ші және 3-ші топтар үшін қайталанған материал бойынша қорытынды жеке тапсырмалар жасайды.
Екінші топ: өткен сабақта 1-ші топ оқушыларының дайындаған тірек схемаларының ережелерін жасайды, үлгі бойынша жұмыс жасайды; жаңа материалды меңгеруге қажетті ережелерді қайталай отырып, 3-ші топ оқушыларының үй тапсырмаларын тексереді.
Үшінші топ: жатталған ережені тәжірибеде қолданады, алдыңғы сабақта 1-ші және 2-ші топ оқушылары жұмыс істеген тірек схемалары бойынша өз бетімен жұмыс істейді, жаңа материалды түсіндіру үшін материалды қайталайды.

  1. кезең. Жаңа білімді тәжірибеде қолдану әдісіне байланысты барлық топ оқушыларына мұғалімнің материалды фронталды түсіндіруі (барлық топ жұмыс істейді).


  1. кезең. Барлық топ оқушыларының білімді меңгеру сапасын анықтау және меңгерген материалды тәжірибеде қолдана білуі.

Бірінші топ: білімін кеңейту және тереңдетуде өзіндік жұмысы, оқушылар өздерінің уақыты мен күшін керексіз қайталауға жұмсамау керек.
Екінші және үшінші топ: тірек схемаларын қолданып, негізгі сұрақтар бойынша жаңа материалды екінші рет түсіндіру.
Екінші топ: тірек схемасы және үлгі бойынша өзіндік жұмысы.
Үшінші топ: жаңа материалды түсіндіруі бойынша түзету:

  1. оқулық бойынша теориялық жағдайы; 2) оқу жұмысының дағдыларын меңгеру мақсатында мұғалімнің жетекшілігімен тақырыптық жаттықтыру жаттығулары.

  1. кезең. Өзіндік жұмысты орындаудың нәтижесін тексеру үшінші топтан басталады, сосын екінші бірінші топпен аяқталады. Жаңа тақырыпқа байланысты өзіндік тапсырманы үшінші топ екі рет тыңдайды, бірінші топтың өзіндік жұмысының орындалуын екінші және үшінші топ тыңдайды.

  2. кезең. Барлық топқа арналған бірдей өзіндік жұмыс. Сосын барлық топқа қосымша тапсырмалар беріледі (әр түрлі күрделілігіне байланысты).

  3. кезең. Үй тапсырмасы екі түрлі болады: күрделілігі және мазмұны бойынша әр түрлі, күрделілігі бойынша немесе мазмұны бойынша әр түрлі.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша бастауыш сынып оқушылары оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш топқа бөлуге болады.
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.
Сондықтан сынып оқушыларының жеке бас ерекшелігін және жалпы ой-өрістерінің даму деңгейін анықтау үшін Р.Аметхауердің интеллектік құрылымға арналған тестілердің әдістері негізінде педагогикалық-психологиялық тест жүргізген пайдалы. Бұл тест төрт топтан тұрады:

  1. тест. Сынаушыдағы мәнді, маңызды заттар мен құбылыс- тарды екінші дәрежелі маңызсыз заттар мен құбылыстардан жіктеп алу.


210


211




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет