Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет147/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   295
Экономикалык теория

2. Ерекшеленген жер рентасы – бұл құнарлылығы жоғары, 
нарыққа жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары 
төмен болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір 
түрі. Жалгерлер осындай жерлерден үстеме пайда алып отырады. 
Ерекшеленген жер рентасының өзі екіге бөлінеді:
1) Бірінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – жердің табиғи 
құнарлылығына байланысты және оны экстенсивті жолмен игеру 
әдістері арқылы алынатын төлем
2) Екінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – бұл жердің 
құнарлылығын жасанды түрде игеру және оның сапасын арттыру 


180
арқылы интенсивті жолмен игеру әдістері бойынша алынатын төлем. 
Бұл жерде тыңайтқыштар, жаңа құрал-жабдықтар, жоғары сұрыпты 
тұқымдар, биотехнологияның дамыған әдістері қолданылады.
Кейбір жерлерге жеке меншік болғандықтан, олар тауар ретінде 
сатыла алады. Жер сатылатын жағдайда оның бағасын анықтауға 
тура келеді. Жердің бағасы жер рентасына және банктің пайыз 
мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады және ол рентаның пайызға 
қатынасы ретінде анықталады:
Жердің бағасы (Р
N
) = 
жер рентасы (R) / пайыз мөлшерлемесі (i) × 100%.
Жердің бағасы жер рентасының капиталдандырылған құны болып 
табылады. Өйткені жерді сатқаннан түскен табысты банкке салып 
үстінен пайыз алу сол жерден алынатын жыл сайынғы рентаның 
мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Олай болса, пайыз мөлшерлемесі жер 
рентасының баламалы құны болып табылады. Мысалы, айталық, 
жерден алынатын жыл сайынғы рентаның шамасы 2000 теңгеге тең, 
ал пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Онда жердің бағасы мынаған тең:
Р
N
= 2000 теңге / 10 × 100% = 20 000 теңге.
Егерде, жерді сатқаннан түскен 20 000 теңгені берілген пайыз 
деңгейінде банкке салсақ, онда жыл сайын рентаның көлеміне тең 
табысты алып отыруға болады.
Сонымен, еңбек, капитал және жер сияқты өндіріс факторларын 
пайдаланғаны үшін алынатын жалақы, пайыз және рента түріндегі 
факторлық табыстың түрлері қалыптасып отырады. Өндіріс 
факторлары нарықтарында фирмалар осы табыстарды олардың 
иелеріне төлейді немесе олар шығындалады, ал үй шаруашылықтары 
пайда көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет