258
аударғанда «қампаю», «ісіну» деген мағынаны береді.
Алғаш рет
Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде
пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі
үдерісін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда
қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі
ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың
орта кезінде көрінді.
Инфляция – бұл бағалардың жалпы деңгейінің өсуі нәтижесінде
ақшаның сатып алушылық қабілетінің
төмендеуі және оның
құнсыздануын білдіретін көпфакторлы экономикалық құбылыс.
Инфляцияға қарама-қарсы құбылысты, яғни бағалардың жалпы
деңгейі
мен шығындардың төмендеуін дефляция деп атайды, ал
бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеу құбылысы
дезинфляция деп
аталады.
Бағалардың өсуі екі себептен туындайды – сұраныстың ұсыныстан
артып кетуінен (сұраныс инфляциясы) және өндіріс шығындарының
өсуінен (ұсыныс инфляциясы).
Достарыңызбен бөлісу: