Мемлекеттік қадағалау
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – бұл ӨҚ-ның шығарылуына, жағдайына және қолданылуына, ӨЖӘ-нің қолданылуына, метрологиялық нормалардың, ережелердің сақталуына қадағалауды ҚР Мемстандартымен жүзеге асыратын қызмет.
Заңнамалық база:
1) «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы» заңдарды толығымен алмастырған ҚР-дың «Техникалық реттеу туралы» заңы;
«Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы;
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР заңы;
Әкімшіліктік кодекс,
Азаматтық кодекс;
Қылмыстық кодекс.
Ұйымдастыру және жүргізу реті ҚР СТ 2.15-2000 «Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау» стандартына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері:
ҚР-ға әкелінетін өнімдердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және сертификаттау ережелеріне сәйкестігіне тексеру жүргізу;
Өнімді өндіру кезеңінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына тексеру жүргізу;
Тұрғындарға қызмет көрсетуде және жұмыс жүргізуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізу;
Аккредиттелген сынау зертханаларының және сертификаттау органдарының қызметіне тексеру жүргізу;
Аккредиттелмеген зертханаларда өнімдерге сынау жүргізуде нормативтік құжаттар талаптарының, метрологиялық ережелердің сақталуына және ӨҚ–ның жағдайына тексеру жүргізу;
Сертификаттау ережелерінің және нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының бұзылуын анықтау бойынша жекелей және көтерме саудамен айналысатын өндірістерге рейд жүргізіп тұру;
Аккредиттеу және аттестаттау алдында сынау зертханаларына, сертификаттау органдарына тексеру жүргізуге қатысу;
Қолдану мен өндіруге жарамсыз болып табылған өнімдер мен тауарларды қайта өңдеу немесе жою жұмыстары бойынша комиссияларға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |