226
7-сурет –
БҰБӘ жіктеу
БҰБӘ-нің екінші тобына басқару ықпалының әдістері жатады.
Олар белгіленген ұйымдастыру қатынастарын күнделікті қолдану
мен жұмыс жағдайын өзгерткенде, бірен-саран түзетуді бейнелейді.
Басқару ықпалының негізінде өкілеттіліктер мен міндеттемелер
жатады.
Үшінші топ – тәртіпке салып ықпал ету әдістері. Олар тәртіпке
салу талаптары мен жауапкершілік жүйесі
арқылы ұйымдастыру
қатынастарының тұрақтылығын ұстауға арналған.
БҰБӘ-нің төртінші тобы басқарушылық ықпалы сипаты
бойынша екі топқа бөлінеді: ұзақ ықпал жасау құралдары және
әдістері, тәсілдері.
Басқару органдары немесе жекелеген
қызмет орындарындағы
адамдарға қысқа мерзімді басқарушылық әдістері жедел
ұйымдастыру бұйрығының заңды нысаны болып табылатын бірлі-
жарым әкімшілік өкілдер арқылы жүзеге асады.
Ұзақ басқарушылық әдістердің әсер етуі ұйымдастыру жүйелерін
құруға немесе жетілдіруге байланысты. Олар заңдық,
құқықтық
күші бар ұзақ іс-әрекеттік әкімшілік актілерінің, директивалар мен
ережелердің, жарғылар мен қағидалардың, нұсқаулықтардың және
т.с.с. көмегімен іске асады.
Тәжірибе басқару жүйесінің әрбір деңгейінің өзіндік
ұйымдастырушылық әсер ету ерекшеліктері бар екендігін және
олардан осы деңгей үшін ең тиімді
болып бөлініп шығатынын
көрсетеді.
Басқару жүйесінің деңгейлері бойынша БҰБӘ дұрыс саралау
(дифференциациялау) басқарудың теориясы мен тәжірибесінде
маңызды рөл атқарады. Ол басқарудың
орталықтану деңгейін
көрсетеді, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ұйымдастыру
227
қатынастарын ең толық есепке алуға мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: