229
(ғылыми-техникалық прогресс) нәтижесі.
Функцияның мәнін бейнелейтін көптеген анықтамалар бар.
Олардың бірі: «Функция – объективті қажетті, тұрақты қайталанатын
іс-әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы
біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі».
Басқаруды жиынтық ретінде түсіндіру көп мәселелерді
табысты шешуге мүмкіндік берді. Бастапқыда басқаруды бөлікке
бөлген А. Файоль, мұнда функцияларды
уақыт ішінде өрістету
үрдісінің дәйектілігі тұрғысынан: алдын ала болжау, ұйымдастыру,
басқарушылық, келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша бөлді.
Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскелерінің,
көбінесе, мотивация функцияларының мазмұнын тереңдетіп
жасауға мүмкіндік берді.
Дегенмен басқарудың ең басты функционалды түсіндірмесі –
бұл тұтас алғанда да, әрбірін жекелей алғанда да өндірісті басқару
органдарын құру үшін объективті негіздеме.
Басқарудың функциялары жұмыстың дербес түрлері болуымен
және белгілеуге сәйкес біртекті және қайталануымен өндірістің
(өндірушілердің өздерінің) субъективті
факторы мен объективті
факторларының (оның материалдық-заттық элементтері) өзара
әрекетінің ерекше типі болып табылады.
Бұл өзара іс-әрекетте субъективті фактор анықтаушы болады. К.
Маркс буржуазиялық идеологтарды «Өндірістің заттық элементтерін
алға шығарады және олардың мәнін субъективті элементпен, жанды,
тікелей еңбекпен салыстырғанда асыра бағалағаны» үшін сынайды.
Басқару функцияларының орны басқару ғылымының негізгі
категорияларымен қатар мынадай жүйемен анықталады:
Қоғамдық өндіріс заңдары – базистік қондырмалық қатынастар
– басқару қатынастары – басқару функциялары – басқару құрылымы
– басқару әдістері – басқару үрдісі – басқару объектісі.
Өндірісті басқарудың функциялары
басқару ғылымының
басқару қатынастарын жүзеге асыратын формаларының бірі болып
табылады.
Дәл сол басқарудың функциялары басқару жүйесінде – кім не
істеп жатыр немесе кім не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: