Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет28/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144
Еріксіз көндіру. Өз көзқарасын қалай да болса, қабылдауға 
көндіру болып табылады. Бұл стиль бағыныштылардың ынтасын 
төмендетеді.
Келісімге келу. Келесі жақтың көзқарасын белгілі бір дәрежеде 
ғана қабылдау.
Блэйк пен Мутонның айтуынша, мұндай келісімге келу тек дау-
жанжалдан қашу болып табылады.
Мәселені шешу. Екі жаққа да қажетті іс-қимыл мен әрекетті 
таба білу. Бұл стильде өз мақсатына басқалар арқылы жетуге 
тырыспайды, керісінше шиеленісті шешу жолдарын қарастыру 
арқылы жетеді.
Лэрри Грейнер ұйымдық өзгерістерді басқарудың моделін 
жасап шығарған. Ол келесі кестеде көрсетілген және алты кезеңнен 
тұрады.
І кезең. Қысым және іздену. Басшы ұйым өзгерістің қажеттілігін 
сезінуі керек және оны өткізуге дайындалуы қажет. Бұл қысым 
бәсеке, экономикадағы өзгерістер сияқты сыртқы факторлармен 
көрсетіледі. Өзгерістер ішкі факторлардың өнімділіктің төмендеуі, 
шығынның өсуі сияқты құбылуынан пайда болады.
ІІ кезең. Делдалдық пен қайта хабардар ету. Басшы өзгеріс 
қажеттілігін сезінгенімен, проблемаға дәл талдау жасап немесе 
өзгерісті жүргізе алмайды. Жағдайды объективті түрде бағалау 


54
үшін, сырттан сарапшылардың шақырылуы мүмкін.
ІІІ кезең. Диагностика және ұғыну. Бұл кезеңде басшы қажетті 
ақпараттарды жинақтайды, проблеманы өзгертуге тиісті жағдайдың 
пайда болу себебін анықтайды. Күрделеген мәселелер ауқымын 
анықтау, нақты проблемаларды сезінуге мүмкіндік береді.
ІҮ кезең. Жаңа шешімді табу және оны орындау міндеттемесі. 
Мәселенің бар екендігі анықталып, мойындалғаннан кейін 
басшылық жағдайды түзетудің тәсілдерін іздестіреді. Осының 
негізінде келесі кезеңнің қажеттілігі туындайды, яғни жаңа әрі 
керемет шешімдерді іздестіру кезеңі.
Ү кезең. Тәжірибе жүргізу және ізденіс. Әрбір ұйым тәуекелге 
бару үшін, жоспарланған өзгерістерді сынақтан өткізуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет