Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет69/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   144
«Әлеуметтік жүйелер» мектебі
«Әлеуметтік жүйелер» мектебі ұйымның орта жағдайына 
әсерін тигізетін, әрқилы қажеттіліктері (талап-тілектері), белгілі 
бір бағыты бар, ұйымда әлеуметтік бағдарланған «адамдық қарым-
қатынастар» мектебі тұжырымдарын пайдаланады. Сонымен бірге, 
қажеттіліктерді қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді.


149
Бұл мектеп адамдардың ұйымдасуын өзара байланысты және 
өзара ықпалдасатын факторлардың күрделі кешені ретінде, ал 
ұйымдағы адамды – оның бір факторы ретінде қарастырады. 
Адамның қажеттілігі мен ұйымның қажеттілігі бір-бірімен сәйкес 
келмейтінін анықтап берді.
«Әлеуметтік жүйелер» мектебі ұйымдастырудың әлдеқайда 
жалпы формаларын зерттеуге талпынды. Ұйымдағы жүйенің негізгі 
бөліктеріне, осы мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, индивид (жеке 
адам), ресми және бейресми факторлар, топтар, топтық қарым-
қатынас, мәртебелердің түрлерін және топтағы рөлдер жатады. 
Жүйе бөліктері ресми және бейресми құрылымдарға, коммуникация 
арналарына, шешім қабылдау үрдістеріне қатысты белгілі бір 
ұйымдастырудың формаларымен байланысқан.
Бұл мектептің ең көрнекті өкілдері – Д. Марч, Г. Саймон және 
т.б.
Қорытынды. «Әлеуметтік жүйелер» мектебі кәсіпорынды өзара 
ықпалдасатын факторлардан тұратын күрделі кешенді жүйе ретінде, 
ал ұйымдағы адамды – факторлардың бірі ретінде қарастырады. 
Алайда ол әлеуметтік өндірістік қатынасты өндірістік үрдісті 
ұйымдастырумен бірдей қойып теңестіреді.
«Жаңа» мектеп
«Жаңа» деп аталатын мектеп ғылымға басқару әдістері мен дәл 
ғылымдардың аппаратын енгізуге ұмтылуымен сипатталады.
Жаңа мектептің көрнекті өкілдері – Р. Акофф, Л. Берталанфи, С. 
Бир, Л. Клейн және т.б. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетиканың 
пайда болуымен және операцияларды зерттеумен байланысты. 
Бастапқыда операцияларды зерттеу сандық талдаудың тәсілдерін 
әзірлеу ісіне тура келді.
Операцияларды зерттеу одан әрі дербес ғылым саласына 
айналды. Ол (осы сала) екі негізгі бағытта дамыды. Оның біріншісі 
басқару ісінде жиі кездесетін құбылыстардың математикалық 
үлгілерін жасаумен байланысты болды. Оның ішінде, қорларды 
басқару, ресурстарды бөлу, жаппай қызмет көрсету міндеттері
болжауға келмейтін белгісіз жағдайда тәртіп стратегиясын таңдау 
сияқты құбылыстарды қамтиды.
Екінші бағыт жүйені зерделеуге көңіл бөлді. Бұл – «жүйе 
техникасын» құруға алып келді.


150
Одан ары «жаңа» мектепте дербес ғылыми пән басқару 
шешімдерінің теориясы қалыптасты.
Қорытындысы. Басқару теориясының «жаңа» мектебі 
ғылымға басқарудың әдістері мен дәл ғылым аппараттарын 
енгізуге ұмтылуымен сипатталады. Оны басқару міндетін шешуде 
математикалық аппараттың пайдаланылатынынан байқауға болады.
Шетелдердегі басқару теориясының негізгі даму бағыттарын 
қысқаша айтып өтсек, ол жақта басқаруды оңтайландырудың жаңа 
формалары мен әдістері ұдайы іздестірілетінін байқауға болады.
Бүгінгі таңда ұйымды қайта құрудың және болжам жасаудың 
әр түрлі әдістерімен, нарықтағы фирманың стратегияларымен 
байланысты салаларда ізденіс жұмыстары кеңінен жүзеге 
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет