Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Басқару ғылымның мазмұны мен әдісі



Pdf көрінісі
бет70/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   144
21. Басқару ғылымның мазмұны мен әдісі
Басқару ғылымының объектісі
Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға 
қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика 
үрдісінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.
Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық 
өндіріс қажет, ал осы өндіріске қатысты қарым-қатынас адамдардың 
қоғамдық тұрмысын (болмысын) анықтап береді. Қоғамдық 
өндірістің ішкі шеңберінде тікелей өндіріс шешуші мәнге ие, 
«Өндіріс – тұтыну үшін тек затты ғана өндіріп қоймай, оның 
тұтынудағы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді» (К. Маркс). 
Онда болатын үрдістер мен оларды басқару осы ғылымның объектісі 
болып табылады.
Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару 
қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс (функция) 
ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық 
экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен 
еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға 
болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «...жеке 
орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі-ақ ойнай 
алады, ал оркестрге дирижер керек».
Өндіріс пен оның адамдарды басқару үрдісіне адамдардың бір-
біріне белгілі бір қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды 


151
оқып-білу – бұл ең алдымен өндіріс үрдісіне белгілі бір мақсатпен 
ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын 
зерделеу, басқару қатынастарын қалыптастыратын заңдарды 
анықтау. Осының негізінде басқару қызметінің қағидалары, оларды 
жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.
Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына 
қатысты басқару үрдістерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең 
шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, 
былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет-
бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін 
салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған 
қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты 
назарында ұстайтын объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар 
мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті 
басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының 
біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және 
тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Басқарудың бір объектісі – мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне 
өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты 
өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға 
олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі 
орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік 
әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты 
құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық 
байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы 
жатады. Аймақты басқару объектісі ретінде мемлекет пен ұлттық 
экономиканың (аймақ мемлекет сыңайлы болады), аймақ-нарық
аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей 
– экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика 
– бұл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас 
жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары 
қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық 
құралдар анықталады. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық 
деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы 
мен қозғалысын зерттеу үшін пайда-ланылады. Макроэкономика 
ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген 


152
экономикалық көрсеткіштерімен (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі 
өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.) айналысады.
Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты 
аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының 
ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін 
анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық 
халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен 
байланыстырып түсіндіруге болады.
Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар 
объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары 
кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл 
салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. 
Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-
ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік 
инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.
Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару 
жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл турасында 
жалпы ұғымға айналып кеткен К. Маркстің «...мәдениет – саналы 
түрде бағыт алмай, стихиялы дамитын болса... ол бос кеңістік қана 
болып қалады... » деген сөзі шындыққа келеді.
Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, 
өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда 
еңбек үрдістері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын 
түйіндеп айтуға болады. Оның көп қырлы сипаты болады әрі 
«басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәтіне жатады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет