Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 ббк б 45



бет7/111
Дата20.09.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503826
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111
жобалау негіздері

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жобалауға тән белгілер қандай?

  2. Жобалау категориясын айқындайтын ұғымдар мен түсініктер.

  3. «Жобалау» түсінігінің мәні.

  4. Жобалауды теория мен тәжірибеде пайдалану идеялары

  5. Жобалаудың тәжірибелік–бағдарлы ғылым ретінде қарастырылуы.

  6. Жобалауды ұйымдастырушылық мәдениеттің жаңа түрі ретінде қарастыруға мысал келтіріңіз.

  7. Жобалауды жүйелі ой - әрекет әдіснамасы негізінде қалыптасатын басқару қызметі ретінде қарастыру мүмкідігін мысал арқылы дәлелдеуге тырысыңыз.

  8. Жобалауды әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына сай ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде қарастыру мақсатында белгілі бір мақсатты ала отырып, оның ресурстарын мақсатқа сай ұйымдастыруды жобалаңыз.

  9. Жобалау қызметінің жүйені дамытуда тиімді механизм екенін өзіңіз білім алатын, не жұмыс істейтін білім беру ұйымын мысалға ала отырып дәлелдеп көріңіз.

  10. Осы бөлім бойынша қандай ұғымдарды глоссарий құрамына енгізуге болатынын анықтап, анықтамалық сөздікті жалғастырыңыз.

3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда болды, оны бүгінгі зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениет деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ ғасырда әлеуметтік–мәдени жүйелерді интеллектуалдық ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары кеңінен тарай бастады. Сонымен қатар, оның негізіне тек теориялық білімдер емес, көбіне осы бағыттарды тәжірибелік талдау қызметтері алынғаны байқалады. Бұған дейінгі ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. – жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын өнімді ғана емес, жалпы технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.
В.А.Никитин дәстүрлі ұйымдастырушылық мәдениетті адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы кезеңдері деп қарастырып, ондағы әрекет жолдары мен амалдарын сол қоғам тұрғысынан сипатттайды. Корпоративтік - қолөнерге бағытталған ұйымдастырушылық мәдениеті ортағасырлық діни иерархия құрылымы, қалалар мен университеттер жағдайларындағы білім мен дағдыларға үйрету әдістері түрінде қарастырылады. Одан кейінгі кәсіби (ғылыми) ұйымдастырушылық мәдениетті барлық бағыттардағы кәсіби орталарды біріктіретін әрекет ретінде ғылым алынады, кәсіби мәдениеттің негізіне ғылыми білім қойылып, барлық материалдық және рухани өндірістердің негізіне білім мен ғылым жатқызылды. Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойына ұйымдастырушылық мәдениеттің кәсіби түрі жетекші роль атқарып келді.
ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуында қайшылықтар пайда бола бастады, олар:
− ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі туындатқан парадигмалар ауысуынан пайда болған ғылыми білімнің құрылысы арасындағы қайшылық;
− ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны өндірудің технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің өзгеруіне, соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі;
− қоғамның тегіс салалануымен қатар, көпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің өз тарихы мен өзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда. Сонымен қатар, дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі, универсалды болмауы ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық -технологиялық) түрін қажет ете бастады.
Осы үдерістер өзімен бірге әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени ситуациялардың тұрақсыздануы мен өзгермелілігін алып келді, сөйтіп, бірінен соң бірі пайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де үнемі өзгеріп отыруын қажет етіп отыратыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет