Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет10/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   195
кітап тарбие туралы

Негізгі әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдептану негіздері: Оқу құралы. 
V-VII сыныптарына арналған. – Алматы: Мұраттас, 1997. – 153 б.
2. Тайжанов А.Т. Этномәдени білім мен тәрбие /Оқу құралы. – Ақтөбе, 2009. – 122 б.
3. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби да-
йындау. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. – 304 б.
4. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. – Алматы, 2000. – 208 б.
5. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. 
Монография. – Алматы: Комплекс, 2000. – 330 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Беркімбаева Ш.К., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлімінің тарихы. Оқу құралы. – Алматы, 
2005. – 187 б.
2. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби да-
йындау. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. – 304 б.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы /Құрастырған Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – 
Алматы: Рауан, 1994. – Т. 1. – 320 б.
4. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 
1987. – 231 б.
5. Сейталиев Қ. Жалпы психология. – Алматы, 2010. – 296 б.


21
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
1.2. Жеке тұлға туралы жалпы 
түсінік
Жоспары:
1. Жеке тұлға туралы ғылыми-зерт-
теулер.
2. Бала дамуына әсер ететін әлеу-
меттік, биологиялық факторларлар-
дың орны.
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. 
Белгілі жас кезеңдеріне бөлінуі.
Негiзгi ұғымдар: жеке тұлға, тәр-
бие факторлары, даму, қалыптастыру, 
педология, инстинкт, тұқымқуалау-
шылық.
Басқа пәндермен байланысы: 
философия, психология, педагогика, 
физиология, анатомия, генетика.
1. Жеке тұлға туралы ғылыми- 
зерттеулер. Жеке адам бір-бірінен 
ерекшеленетін және оған пәрменді 
түрде ықпал ететін биологиялық бел-
гілерімен сипатталады. Жеке адам 
болу үшін психикалық дамудың бел-
гілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адам-
дарға қарағанда өзгешелігі бар еке-
нін білетіндей біртұтас тұлға болуы 
тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің 
нәтижесінде жеке адамның жеті-
луін қалыптасу дейді. Жеке адамның 
қалыптасуы күрделі, ағзаның өсуі 
мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, 
мақсатты әрі ұйымдасқан тәрбие-
ні қамтитын қарама-қайшылықты 
процесс болып табылады. Жеке 
адамның қалыптасуы өмірге келген 
сәтінен басталады, жеткіншек және 
жасөспірім шақта жедел жүреді, 
ересек шақта өзінің біршама аяқта-
лу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке 
адамның дамуы деген ұғымға тү-
сінік беретін болсақ, дамуға ағза-
ның өсуі мен дамып жетілу процесі 
жатады. Бұл психикалық даму мен 
өзара тығыз байланыста өтеді, оған 
ықпал жасайды, бірақ адамның жеке 
адам ретінде қалыптасуын белгілеп 
бере алмайды. Жеке адамның дамуы 
оның рухани өсуінің, жетілуінің 
процесі жеке адам үшін елеулі болып 
табылатын барлық салаларды іс-әре-
кетте, өзін қоршаған құбылыстарға, 
адамдарға деген қарым-қатынасқа, 
танымдық процестерінде болатын 
сапалық өзгерістер болып табыла-
ды. Жеке адамның, әсіресе балалық 
және жасөспірімдік шақтарында 
дамып, жетілуі ең алдымен тәрбие-
нің ықпалы арқылы жүреді. Деген-
мен, тәрбие әсерінің дәрежесі мен 
сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму 
заңдылықтарын қаншалықты ескер-
геніне байланысты болады. Сөйтіп, 
тәрбие мен дамудың арасында екі 
жақты байланыс болады. Сондықтан 
жеке адамның даму заңдылықтарын 
тереңірек қарастырған жөн. Жеке 
тұлға мен қоғамдық ортаның 
қарым-қатынасы философия, пси-
хология, педагогика, әлеуметтану, 
т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен 
айналысып жүрген көкейкесті мәсе-
лелерін құрайды. Бұл туралы фило-


22
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
софиялық, педагогикалық, психоло-
гиялық, этикалық еңбектерден бел-
гілі ғалымдар Қ.Б. Жарықбаевтың, 
С. Қалиевтің, Қ.Б. Сейталиевтің, 
А.Т. Тайжановтың, Г.К. Нұрғалие-
ваның, 
К.Ж. 
Қожахметованың, 
К.А. Оразбекованың еңбектері жа-
рық көрді. Адам баласы материал-
дық және рухани өмірдің ортасын-
да тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп 
отырған қоғамның, ұжымның, ұлт-
тың, рудың мүшесі ретінде өзін дік 
ақыл-парасатымен, жеке басына тән 
ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық 
ерекшелігімен көрінуге тырысады. 
Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ 
біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің 
болуы мүмкін емес. Әр адам – өзін-
ше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерек-
шелігі дегеніміз – оның өзіне тән 
мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, 
көзқарасындағы ерекшелігімен да-
ралануы. Қоғамда тұлғаларға ортақ 
этикалық бірыңғай талаптардың бо-
луына қарамастан, қоршаған орта 
жөнінде әр адамның қалыптасқан 
өзіндік ойының, көзқарасының бо-
луы, олардың құбылысқа деген пікі-
рін білдіруі заңды болып табылады. 
Мәселен, біреулер айналасындағы 
құбылысқа таңдана, тамашалай қара-
са, енді біреулер сын көзімен қарап, 
ой қорытуы, сын пікірлер айтуы мүм-
кін. Адамдардың қоршаған ортадағы 
құбылыстарды түсініп қабылдауы да 
әр түрлі. Ол әр адамның жеке басы-
на тән физиологиялық, психология-
лық, биологиялық ерекшеліктеріне 
байланысты. Жеке тұлғаның ой-са-
насының, білім көлемінің толысуына 
байланысты оның өмірге көзқарасы, 
белгілі құбылыстарға баға беруін-
де де өзгерістердің болуы, толысып 
жаңарып отыруы заңды құбылыс. 
Өмірде бір анадан туған егіз бала-
лардың түр жағынан бір-біріне ұқсас 
болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, 
өмірге деген икемділігі, қабілеті бір-
дей болмайды. Сондықтан әр адамды 
өзінше даралаған жеке тұлға деп қа-
раймыз. Адамның психологиялық қа-
сиеттерін анықтайтын оның санасы 
болып табылады. Сана ақыл-ойдан 
туындайды. Адамның ақыл-ойы бір-
келкі дамымайды. Адамдар бір-бі-
рін бағалауда қателіктер жіберуі де 
мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке 
басын басқалардан артық бағалауға 
тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиет –
ақыл, ес, яғни ол өмірді өзінің са-
на-сезім өлшемімен қарап бағалау-
ға бейім тұруы. Сондықтан өмірді 
танып-білу – миллиондаған жеке 
тұлғалардың 
сезім, 
түсінігінен 
тұрады. Жеке тұлғаның еске сақта-
уы өзге адамдардың тәжірибесін жи-
нақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға 
оларды оқып, көріп, оқығанын, ес-
тігенін, көргенін өз ойына тоқып, 
содан сабақ алу арқылы да өзінің 
іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-се-
зімін байытады. Адам өмірде өзі жі-
берген қателіктерден де, басқалар-
дың қателіктерінен де сабақ алады. 
Оны қайталамауға тырысады. Мұны 
педагогикада адамның өзін-өзі тәр-


23
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
биелеуі деп атайды. Басқалардың 
өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзі-
нің жақсы қасиетіне айналдыру өмір 
заңы болып табылады. 
Тұлға – жеке адамның мақсатының 
орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, 
өзі жөніндегі ойын, еркін жүзе-
ге асыруға дайындығы және оның 
нәтижесімен сипатталады. Ерік-жі-
гер механизмі дегеніміз – адамның 
өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. 
Адам ойына келген іс-әрекетті жүзе-
ге асыруда ерікке жол береді. Бірақ 
адам бір нәрсені бастарда алдымен 
еркін ақыл-парасат таразысына 
салып, оны қолдану жөн бе, басқа-
лар оған қалай қарар екен деген ойға 
қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы 
ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде 
кейбір адамдар жоспарланған шаруа-
ны жүзеге асыру үшін өте байыппен 
қарап, осының нәтижесі қалай бо-
лар екен деп «он ойланып, жүз тол-
ғанып» іске кіріседі, ал кейбіреулер 
ойына алғанын бірден іске асырып, 
кейін опық жеп жатады. Осының бәрі 
адамның ерік-жігер күшінің түріне 
байланысты. Тұлға дегеніміз – сезім-
нің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің 
бойға жинақталған көрінісі. Алайда 
әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі 
әр басқа. Біреу жауыздықты көрген-
де айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің 
сыртқа шығуына еркіндік берсе, екін-
ші біреу іштей булығып, көгеріп-саза-
рып, тас-түйін болып қатып қалады. 
Бұл – әр тұлғаның эмоциялық сезімі 
өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты 
құбылыс. Адамның дамуы және 
қалыптасуы жайында осы уақытқа 
дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар 
орын алып келеді. Атақты грек фи-
лософтары Платон мен Аристотель 
адамның дамуын алдын ала тағдыр 
белгілеген тұқымқуа лаушылық та-
биғатынан деп дәлелдеді. Аристо-
тель құл болушылық немесе бағы-
нушылықты табиғаттың заңы дей-
ді. Тұқымқуалаушылық тео риясын 
қолданушы және уағыздаушы лар –
преформистер. Преформизм – XVIII ға-
сырда биология саласында үстемдік 
еткен адамның дамуы жайлы диалек-
тикаға қарсы философиялық ағым. 
Преформистер ересек адамдардың 
барлық қасиеттері мен белгілері ана 
құрсағындағы сәбидің ағзасында бо-
лады, сондықтан жеке адамның да-
муын алғашқы рет ұрықта пайда бол-
ған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен 
сан жағынан артуы деп қарастырады. 
Ал даму – жеке адамды жетілдіру-
дің өте күрделі және диалектикалық 
процесі. Балада анадан туа біткен 
белгілі идеялар мен түсініктер және 
өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез 
болмайды. Платонның адамгершілік, 
әуестік, белсенділік және батылдық 
сияқты қасиеттері даму процесінде 
қалыптасады. Өйткені оның өсіп- 
жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие 
мен орта әсер етеді. Адамның да-
муы және оның дүниені тануы түрлі 
әлеу меттік жағдайларға байланысты. 


24
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
Сондықтан оның мінезінде әр түрлі 
ерекшеліктер мен процестер пайда 
болады. Баланың дамуына ықпал ете-
тін факторларға тұқымқуалаушылық, 
әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. әсер ете-
ді. Тұқымқуалаушылық – ұрпақтың 
ата-ананың биологиялық ұқсастығын 
елестетуі. Кейбіреулері баланың 
сыртқы пішініне қарап, бірден қалай 
әкесіне не шешесіне ұқсап қалған 
деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ 
нәрсе емес. Өйткені баланың шашы 
мен көзінің бояуы, терісінің пигмен-
ті, бет келбеті мен басының формасы, 
жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым-
қуалаушылық арқылы берілетін био-
логиялық ұқсастығының белгісі. Бала 
қозғалыс мүшелерін, жүйке жүйесі-
нің функционалдық қасиеттерін, ал 
кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, 
математикаға қабілеттілігі сияқ ты 
өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуа-
лау арқылы алады. Бірақ өте нәзік 
ерекшеліктердің тұқым қуалау жо-
лымен берілуі сирек кездесетін жағ-
дай. Мысалы, әйгілі композитор Ио-
ганн Себастьян Бахтың ұрпақтарын-
да 300 жыл ішінде тек қана 20 адам-
дай музыканттар болған. Мұны бір 
жағынан отбасы мүшелерінің табиғи 
мүмкіншіліктердің (нышанның) бо-
луына, екінші жағынан отбасындағы 
музыкалық дәстүрге, музыкалық тәр-
биеге байланысты деп қарастырған 
жөн. Орта адам дамуына табиғи және 
әлеуметтік ықпал жасайды. Табиғи 
орта – түрлі табиғат жағдайының 
адам тұрмысына, қызметіне ықпал 
жасауымен сипатталады. Жылы және 
суық климат жағдайы да адамдардың 
тұрмысына, іс-әрекетіне елеулі ықпал 
етеді. Климаты ыстық жерлерде егін 
шаруашылығымен шұғылданады. Ал 
солтүстікте аңшылық, бұғы шаруа-
шылығымен айналысады. Табиғат 
жағдайына байланысты олардың мі-
нез-құлықтарында да ерекшеліктер 
байқалады. Әлеуметтік орта – жеке 
адамның мінез-құлқының дамуына 
ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, 
олардың көп қырлы іс-әрекеттері. 
Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал 
жасауы нәтижесінде баланың дү-
ниеге көзқарасы, эстетикалық және 
осы сияқты болымды қасиеттері 
дамып қалыптасады. Егер адамдар-
дың қалыптасуына ортаның қатысы 
шамалы болса, онда орта адамдар-
дың талабын қанағаттандырмайды. 
Сондықтан адам өзінің дамуы үшін 
қажетті материалдарды осы әлеу-
меттік ортадан жинайды. Егер бала 
әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда 
оның даму дәрежесі жануарлардан 
жоғары болмайды. Мысалы, Афри-
ка, Үндістан, Индонезия елдерінің 
ормандарында түрлі себептермен аң 
үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс 
өмір сүретін жас баланың қабіле-
тін дамытудың мүмкін емес екенді-
гіне ғылыми мәліметтер дәлел бола 
алады. 1920 жылы Үндістанның Га-
дамури елді мекенінде тұрғындардың 
хабарлауымен аңшылар қасқырдың 


25
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
апанынан бет әлпеті адамға ұқсай-
тын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі 
қыз баланы табады. Оларға Камала 
және Амала дейтін ат қояды. Камала 
7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Ама-
ла көп кешікпей қайтыс болады, ал 
Камала күн сәулесінен және оттан 
қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана 
күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбіне 
күндіз ұйықтап, түнде бөлме ішін 
кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат он-
дарда, түнгі сағат бірлерде, таңға 
жақын – үш мезгіл ұлитын уақыты 
болған. Камаланы адамға айналдыру 
өте қиын болды. Адам арасында жүр-
ген 2 жылдан кейін Камала түреге-
ліп тұруды және екі аяғымен жүріп, 
бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты 
қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін 
үйрету бұдан да қиын болған. Жеті 
жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне 
білді. 15-ке келгенде оның есі екі жа-
сар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрі-
сінің дамуы 4 жастағы баланың дең-
гейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа 
дейін өмір сүрген. Адам жеке тұлға 
болып қалыпты өсуі және дамуы 
үшін тек қана адамдар арасында өмір 
сүруі қажет. Соңғы кезде Орталық 
Австралияда және Филиппиннің 
Минданао аралы ормандарынан та-
былған жабайы адамдардың сана-се-
зімінің өте төменгі сатыда екендігі 
байқалады. Олардың тіршілік әреке-
тінің де алғашқы қауымдағы жабайы 
адамдардың өмір сүріп, күн көру 
әрекетіне ұқсастығы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет