Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет147/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   195
кітап тарбие туралы

Сайыстың 3-бөлімі «Өз құқы-
ғыңды білесің бе?» 
Сынып жетекшісі: бұл бөлімде 
әр топ мүшелері Қазақстан Респуб-
ликасының «Балалар құқығы Кон-
венциясынан» және «Қазақстан Рес-
публикасының Конституциясы» бап-
тарынан үзінділер оқып, оның мағна-
сын түсіндіруді келесі топқа ұсынады. 
Уақыт мерзімі – 7 минут. Сайыстың 
4-бөлімі «Ой талқылау».
Сынып жетекшісі: парақта 
жазылған жағдаяттардың қайсысын-
да бала құқығы қорғалуы керектігін 
айқындау керек.
Парақтағы жағдаяттар:
1. Автобус жүргізушісі есіктің ал-
дын босатып, салонның ортасына қа-
рай ығысуды талап етті.
2. Анасы ұлының көшеде кешкі 
сағат 9-дан кейін қыдыруына тыйым 
салды.
3. Әкесі ұлына мектептен «екі-
лік» алып келсе жазалайтынын айт-
ты.
4. Мектеп директоры ауыстыра-
тын аяқкиім ала келуге бұйырды.
5. Құқық қорғау органының өкілі 
жасөспірімді көшеден кездестіріп
дереу өзінің кабинетіне алып келіп, 
жауап алуға кірісті.
6. Ағасы 6-сыныпта оқитын інісі-
нен көшеде машиналарды жуып, та-
быс табуын талап етті. 
Сайыстың 5-бөлімі «Таным-
тағылым».


252
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Сынып жетекшісі: команда-
лар құқықтану бағытында берілген 
тақырыптарға эссе жазады. Уақыт 
мерзімі – 10 минут. Ең жоғарғы ұпай – 
5, қанағаттанарлығы – 3 ұпай. 
Тақырыптар: 
1. «Адам құқығы» деген сөзді
қалай түсінесің?
2. «Қоғам» дегенді қалай түсінесің?
Сынып жетекшісі:   Жоспарлан-
ған сайыс түрлері өткізілді. Екі ко-
манда мүшелері барлық тапсырма-
ларды толық орындауға тырысты. 
Енді осы жұмыстарымыздың қоры-
тындысын анықтау үшін келесі сөзді 
әділқазылар алқасына беремін. 
Қазылар алқасының төрағасы са-
й ыс қорытындысын жариялайды. 
Жеңім паз команда капитанына мақ-
тау қағазы тапсырылады.
Қорытынды: Сынып жетекшісі 
сабақты қорытындылай келе, әр ко-
манда жауабындағы кемшіліктерге 
тоқталып, оқушылардың құқықтық 
білімін толықтыру үшін алынатын 
шаралар туралы мәлімдеме жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет