Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет101/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   195
кітап тарбие туралы

дылар. Ағартушы Аймауытұлы 
Жүсіпбек бала тәрбиесіндегі от-
басының роліне, онда балаларды
тәрбиелеудің жолдарына ерекше
тоқталады. Өз еңбектерінде мұға-
лімге қойылатын талаптарды, ди-
дактика мәселелерін оқытудағы
және тәрбиелеудегі ана тілінің мә-
нін, жекелеген пәндердің оқыту
әдістемесін қарастырады. Айма-
уытұлы Жүсіпбектің психология-
лық мұрасының ғылыми мәнінің
күні бүгінге дейін маңызы зор бо-
лып табылады.
1929 жылы «халық жауы» де-
ген желеумен тұтқынға алынып,
1931 жылы ату жазасына кесіле-
ді. Кейін толық ақталды.
Туып-өскен жері – Павлодар 
облысының Баянауыл ауданына қа-
расты бұрынғы «Қызыл ту», қазір-
гі Жүсіпбек Аймауытұлы ауылы. 
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, 
арғы аталары Дәндебай мен Қуан 
атақ-абыройлы, бай, ел арасында 
білікті кісілер екен. Жүсіпбек жас-


192
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
тайынан араб ша хат тану, оқу үйрен-
ген. 1907 жылынан бастап Баянауыл-
дағы орысша-қазақша екі кластық 
мектебінде, Керекудегі (Павлодар) 
қазыналық ауылшаруашылық мек-
тебінде, Керекудегі екі класты орыс 
қазақ мектебінде оқиды. Сонымен 
қатар бала оқытып, қаражат табады. 
1911-1914 жылдары ауылда мұға-
лім болып істейді. 1914 жылы Се-
мейдегі оқытушылар семинариясы-
на қабылданады. Оны 1918 жылы 
аяқ тап шығады. Мұнан соң алашор-
дашылардың істеріне араласып, Се-
мейде «Абай» журналын шығарысып, 
Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен таны-
сады. Кейін Алашордадан бөлініп, 
Коммунистік партия қатарына өтеді 
(1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрыл-
тайы съезіне делегат болып қатысып, 
Қазақ АҚСР Халық ағарту комисса-
риаты комиссарының орынбасары 
болып тағайындалады (1920 жылы). 
Көп ұзамай Семей губерниялық оқу 
бөлімінің меңгерушісі (1921 жылы), 
«Қазақ тілі» газетінің редакторы. 
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-
1924 жылдары), Ташкентте шығатын 
«Ақ жол» газетінің бөлім меңгеру-
шісі (1924-1926 жылдары), Шымкент 
педагогикалық техникумының дирек-
торы (1926-1929 жылдары) қызметте-
рін атқарады [1, 110-б.]. 
1929 жылдан басталған кеңестік 
қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы 
ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар 
деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тер-
геуден кейін 1931 жылы ату жазасы-
на сырттай үкім шыға рылған. Шым-
кенттегі педагогика техникумының 
директорлығы – міне, мұның бәрі 
Жүсіп бек Аймауытұлының жаңа 
өмірді орнықтыру жолындағы күрес 
жолын, өмір белестерін көрсетеді. 
1929 жылы басталған зобалаң кезін-
де жалған жалаға ілінген Жүсіпбек 
Аймауытұлы 1931 жылы атылған. 
Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қу-
атты да қызық, әлеуметтік төңкеріс-
тер мен ұлы революция лар заманын-
да өмір сүрген Жүсіпбек Айма-
уытұлы өзінің осы қысқа ғұмырында 
артына аса бай, бағалы әдеби, ғылы-
ми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. 
Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. 
Пушкин, Л. Толстой шығармаларын 
және «Интернационалды», бірқатар 
ғылыми еңбектерді аударды, педа-
гогика, психология, методика, эсте-
тикалық тәрбие туралы зерттеулер 
тудырды. Оның әдебиет, эстетика, 
сын саласына қатысты сан алуан пу-
блицистикалық мақалалары жарық 
көрді. Атап айтар болсақ, «Қартқо-
жа», «Күнікейдің жазығы», «Шерни-
яз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» 
пьесалары, «Комплексті оқыту жол-
дары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», 
«Мағжанның ақындығы туралы» 
еңбектері күрделі таланттың қазақ 
әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны 
бар шығармалар болып табылады. 
1918-19 жылдары Семей қаласын-


193
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
да М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» 
журналын шығарды. Осы журналда 
М. Әуе зовпен бірлесіп, «Абайдың 
өмірі және қызметі» (1918, № 2), 
«Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 
1918, № 3) деген мақалалар жаз-
ды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің 
беймәлім қырлары сөз болып, оның 
поэтикалық мұрасының аса құн-
дылығы көрсетіліп, кейінгі ақын-
дардың хакім ұстаздан үйренуі шарт 
екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әде-
биетінде қандай тарихи қызмет атқар-
са, Абай да қазақ әдебиеті үшін сон-
дай тарихи іс тындырғаны орнықты 
дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің 
қалыптасуына, оның поэтикалық 
мәдениетінің жетілуіне Абай шығар-
маларының қаншалықты әсері бар-
лығын көрсеткен. Абай поэзиясының 
ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Ба-
тыс әдебиеттерімен байланысы қа-
растырылған. Академик С. Қираба-
ев: «Жүсіпбек Аймауытұлы – қазақ 
әдебиетінде Абайдың педагогикалық 
мұраларын ілгері жалғастырған ең ірі 
тұлғалардың бірі болатын және са-
налы ғұмырын халық педагогикасын 
зерттеуге арнаған», – деп келтіреді [2, 
95-б.].
Жүсіпбек Аймауытұлы педагоги-
калық оқу орындарында қызмет іс-
тей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты 
білім алуымен тәрбиесін көздеген 
еңбектер, оқу құралдарын жазды. 
Оның педагогика, психология және 
методика саласында жазған ірі еңбек-
тері өз уақытында елеулі роль атқар-
ды. Олардың ішінде «Тәрбиеге же-
текші» (1924 жылы), «Психология» 
(1926 жылы), «Жан жүйесі және өнер 
таңдау» (1926 жылы), т.б. ірі ғылы-
ми еңбектерін қалдырған. Бес том-
дық шығармалар жинағында оның 
өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, 
«Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң 
қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәр-
бану», «Шернияз» атты пьесалары, 
көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», 
«Ақбілек» романдары, «Күнікейдің 
жазығы» повесі, балаларға арналған 
ертегілері, сын мақалалары мен ау-
дармалары енген.
Жүсіпбек Аймауытұлының ғылы-
ми мұрасын жан-жақты зерттеген 
академик С. Қирабаевтың он том-
дық «Қазақ әдебиетінің тарихының» 
жетінші томының он төртінші бе-
тінде «Дербес қазақ мемлекетінің 
болашағын түрік халықтары ынты-
мағымен байланыстыра қараған 
Жүсіпбек Аймауытұлы «Арғы атам 
ер түрік» деп, жаңа ұлт мемлекетін 
қорғарлық ерлік дәстүрлерді еске 
салды» деген пікірі алаш қайраткері-
нің түркі халықтарының тарихында 
маңызды орын алатынын көрсетеді. 
Ел тәуелсіздігін көзімен көріп кет-
кен асылдың сынығы Гүлнәр Мір-
жақыпқызы Дулатова да бұл өлең-
нің «Алаш маршы» болғанын автор-
ларын атай отырып, естеліктерінде 
жазып қалдырған.
Енді «Абай» журналының 1918 
жыл ғы 7 нөмірінде жарияланған 


194
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
«Ғас кер өлеңі» деген атпен жарық 
көрген «Алаш ұраны» өлеңінің мәті-
ніне назар аударайық:
Арғы атам ер түрік,
Біз қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл,
Сарыарқа жеріміз.
Сай сайлап, мал айдап
Сайрандап, иен жайлап,
Ерке өскен Арқаның
Еркесі серіміз.
Біз жүрген Алаштың
Шын кемеңгеріміз!
Егессек ел бермес
Еңіреген еріміз, – 
деп басталатын рухты өлең жолда ры 
Ж. Аймауытұлы шығармаларының 
жи нақтарында жарияланып жүрген 
«Ұран» деген өлеңімен сарындас ке-
леді. Мәселен, осы «Ұран» өлеңінде-
гі:
Ұраным, қорғаным, сен Алаш,
Жолыңа құрбандық мал мен бас.
Өнер тап, өрге шап, қару ат,
Аллалап алға бас, ал Алаш!!! – 
деген шумақтағы халықты жігерлен-
діру, өнер табуға, қару атуды үйрену-
ге шақыру «Алаш ұраны» өлеңіндегі:
Алаштың ақ туын
Қолға алып, ақырып,
«Алаш!» деп шапқанда,
Жауға ойран саламыз!
Ер түрік ежелден
Оқ тескен етіміз!
Қаймығып еш жаудан,
Қайтпаған бетіміз.
Жаусын оқ, ақсын қан,
Шықсын жан, қорқу жоқ.
Алаштың жолында,
Жан қимақ – ниетіміз, –
деген жолдар ерлік рухына, ұлтты 
бостандық жолындағы күреске үндеу 
сияқты жасампаз идеяға ауысқан. Де-
мек, бұл өлеңдегі азаттық үшін жан- 
қиярлыққа шақыру идеясына назар 
салсақ, шындығында сол кезеңдегі 
әлі рухы сынбаған Алаш азамат-
тарының күрескерлік ұраны болғаны 
күмән туғызбайды. 
Жүсіпбек Аймауытұлының пе-
дагогикалық мұраларының қай-
қайсысы да оның кесек дарын 
иесі екендігінің, гуманист-педа-
гог, елін сүйген патриот екенді-
гінің жарқын айғағы. Оның педа-
гогикалық мұралары өзі ғұмыр 
кешкен заманның, өзі араласқан 
қоғамның әлеуметтік мұқтажын 
өтеуге, бала тәрбиесіндегі орнын 
анықтауға арналған. Жүсіпбек Ай-
мауытұлының ғылыми мұрасының 
құндылығы, идеялық ұстаным-
дарының сонылығы мен өміршең-
дігіне кепіл болмақ.


195
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет