Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет103/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   195
кітап тарбие туралы

масы хақында»:
«Малдың баласы туысымен тәл-
тіректеп, аяғын басып, біраздан 
соң буынын бекітіп, жүріп кете-
ді. Денесінің жетіліп, күшті болып 
туғандығынан, ширақтықтан, аса 
суық болмаса, жеңіл-желпі салқын-
да туған қозы, бұзаулар өліп қал-
майды. Бұл өңінің қалыңдығынан, 
шыдамдылықтан, тауықтың бала-
паны жұмыртқадан шығысымен ене-
сімен бірге қаздаңдап жүгіріп, тамақ 
шоқып, жей бастайды.Үйректің бала-
паны жұмыртқадан шыққан соң ене-
сіне еріп жүре береді, ал торғайдың 
балапаны жұмыртқадан қызылшақа 
болып туады да, жуырда ширай ал-
май бірнеше заман шырылдап, тамақ 


196
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
сұрап жатады. Иттің, қасқырдың, 
мысықтың балалары көзін ашып, 
жер бауырлап, жүріп кеткенше бір-
талай заман. Құмырсқаның баласы 
алғашында ұзыншақ қана ақ құрт
қимылдай алмай жатады, жүре-жүре 
өсіп, мүшелері білініп, қанат пай-
да болып, ұшып кетеді. Сонан кейін 
қанаты түсіп, кәдімгі құмырсқа бо-
лады…
Жоғарғы айтылғандардан көрі-
неді: әр хайуанның баласы әр түрлі 
хәлде туып, кейбірі тез ширап, тамақ 
жеуге жарап, кейбірі баяу ширап, 
кеш өсетіндігі. Бірақ қайсысына да 
болсын, аз яки көп күтім – асырап, 
сақтау, үйрету, баулу керек. Бұл ай-
тылған хайуандардың баласы көп 
бол са, бір-екі айдың ішінде өз бе-
тімен жүріп-тұруға, кейбірі тамақ та-
уып жеуге де жарап кетеді.
Ал, енді адам баласын қарасақ, 
хайуан баласынан анағұрлым нашар, 
болбыр, нәзік болып туады. Аяғы 
басуға, қолы ұстауға, көзі көруге 
көпке дейін жарай алмайды. Өңінің 
жұқалығынан, денесінің нәуетекті-
гінен ыстыққа да, суыққа да шыдам-
сыз болады. Бір жылда, жыл жарым-
да аяғын әзер ғана басады. Онда да 
тамақ тауып жей алмайды. Денесі 
қуатты, мүшелері ширақ болған хайу-
ан баласына азды-көпті күтім, асырау 
керек болса, денесі әлсіз, сезімде-
рі жетілмеген адам баласына күту, 
асырау, сақтау, үйрету – бір сөзбен 
айтқанда, тәрбие өте керек…
Хайуан баласын тамақ аулауға, 
ыстық-суықтан, жаудан, пәледен 
бас қорғауға үйретеді. Адам баласы-
на хайуан сықылды тамақ табу, бас 
қорғау ұшын ғана берілген тәрбие 
жеткілікті болмайды. Себебі: хайуан 
мен адамның тұрмысы, мақсаты екі 
басқа. Хайуан бет-бетімен тамақ ау-
лап, жан сақтап жүре береді. Адам 
жеке-жеке жүріп күнелте алмайды, 
себебі: адамның хайуандардай азуы, 
тұяғы, тырнағы, мүйізі жоқ, суық 
пен ыстыққа шыдамсыз һәм адам ол 
хайуан қалпынан кетіп қалды. Және 
адамның кәрі-жасы, ауруы, дімкәрі 
бар. Бұларды не керек қылмай хай-
уанша тастау, не жиып қою керек, 
болмаса, асырау керек. Осы күнгі 
өмір жүзінде көмектесіп, серіктесіп 
істемесе, бір кісінің қолынан келе 
бермейтін жұмыс көп. Хайуан жара-
тылыстан өзіне біткен бір сезімнің 
қуатымен өзіне лайық болған қыл-
мыстан артық еш нәрсе істемейді. 
Адам жүгенсіз, бетімен кетсе адам-
дыққа лайықсыз талай қылмысты іс-
тейді. Сондықтан адам жалпыға бір-
дей канонға (зәкөн) мойын ұсынуға 
керек. Қысқасы, адам баласы бірігіп, 
қауым болып тұруға мұқтаж. 
Бір қауымды денеге ұқсатсақ, әр-
бір адам сол қауымның мүшесі. Әр 
мүше өзіне тиісті қызыметін атқарып 
тұрса, дене тіршілік қылмақ болмаса 
дене әлсізденіп, дімкәрланбақ. Міне, 
осы сияқты, адамның малдан тұр-
мысы басқа болған себепті, адамның 


197
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
тәрбиесі де малдан артық һәм қиын. 
«Хайуанның адам сықылды қауым 
болып тұратыны бар емес пе?» дер 
біреу. Рас, құмырсқа, бал құрттары 
қауым болып тұрады, жалпы қызмет 
қылады, бірақ олар туралы кейін то-
лық жазбақпыз. Тәрбие екі түрлі: 
дене тәрбиесі, жан (рух) тәрбиесі. 
Хайуан көбінесе денесін тәрбиелей-
ді. Адам баласына дене тәрбиелеудің 
үстіне жанын (рухын), ақылын, се-
зімдерін, жігерін, – мінезін тәрбие 
қылу керек. Денесі мен жаны бірдей 
тәрбиеленбеген кісі сыңаржақтау 
бола береді. Мысалы мынау: біреу 
денесі күшті, бірақ ақымақ, біреу 
ақылды, бірақ денсаулығы нашар. 
Біреу рахымды, бірақ ақылы аз. Біреу 
ақылды, рахымы аз. Біреу қайратты, 
бірақ пейілі арам. Біреу ақ пейіл, бі-
рақ жігер жоқ. Біреу мақтаншақ, біреу 
қорқақ, біреу ұялшақ. Мінездің, ақыл, 
қайраттың әр түрлі болмағы тәрбие-
нің түрлі-түрлі болмағынан. Адам 
баласының арасында ұрлық, зорлық, 
өтірік, алдау, кісі өлтіру, талау сықыл-
ды неше түрлі бұзықтықтың көптігі 
тәрбиенің жетпегендігінен.
Мәдениет жүзінде адам баласы 
құс болып ұшып, балық болып жүзіп 
алысты жуық, бұлдырды анық қалып 
отырса да бірін-бірі өлтіруі, зорлығы, 
қиянаты қалмай отыр. Неге? Адам 
тәрбиенің құлы болуға жетпей әлі 
күнге табиғаттың құлы болып жүр-
гендік. Адам баласы қашан табиғат-
қа құл болудан құтылады? Анық 
ақылға билетіп жалпы жұрт жақсы 
тәрбиелі болғанда құтылмақ. Адам-
шылықтың тарихына көз жіберсек
өмір жүзінен мысал қарастырсақ, 
атақты данышпандардың пікірін, сө-
зін байқасақ тәрбие адамды бұзуы, 
түзеуі көрінеді. Ескі юнан халқында 
спәртәнистер ұлтшыл, жау жүрек, 
күшті жұрт болған. Аштыққа, шөлге, 
ыстық-суыққа шыдамды екен. Бірақ 
ахлақ жағы осал болған екен. Неге? 
Себебі: спәртәнистер ұлтқа қызмет 
қылатын күшті кісі керек қылып, 
денені ғана артық тәрбиелеп, ахлақ 
жағын ескермегендіктен.
Алғашқы екі ғасырдай афинандар 
құлықты, ғылымды, күшті жұрт бол-
ған. Неге? данышпан «солонның» 
жасаған ережесімен жақсы тәрбие-
ленгендіктен. Рум халқын атақты, 
күшті қылған кім? Тәрбие. Ескен-
дірді данышпан хәкім қылған кім? 
Әристөтелдің тәрбиесі. Ниронды за-
лым қылған кім? Философ «сенене-
нің» қате тәрбиесі. Неміс жұртының 
ұлтшылдық, бірлікшілдігі неден? 
Тәрбиенің қуаты. Абыл кісіге бір 
ауыз қатты сөз айтуға ұялады. Қа-
былға кісі өлтіру бұйым емес. Мұны 
қылған кім? Тәрбие. Тәрбие туралы 
еңбек қылып, кітап жазып, сөз сөй-
леп кеткен философтар: Солон, 
Сөкрәт, Аплатон, Әристөтел, Тсиеит-
сиеерөн, Лутер, Бекөн, Көменский, 
Лөкк Руссо, Пистәлөский, Ушенс-
кий, Толстой һәм басқалар. Бұлардың 
әрқайсысының әр түрлі пікірі бар. 


198
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Ол туралы кейін жазылар. Ал тәр-
бие жөнінен Абайдың бір сөзі: «Мен 
егер зәкөн қуаты қолында бар кісі 
болсам, адам баласының мінезін тү-
зеп болмайды деген кісілердің тілін 
кесер едім» деген. Міне, тәрбиенің 
зор ғылым екендігіне, адам баласын 
бұзатын да, түзейтін де тәрбие екен-
дігіне дәлел осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет