Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


-тарау. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет117/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   195
кітап тарбие туралы

3-тарау. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ 
САҒАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ел-жұртымызды, туған жерімізді, 
оның өзен-көлдерін, оның бораны 
мен найзағайын ана тіліміз арқылы 
ғана қабылдап, соларға деген пер-
зенттік махаббатымызды ана тіліміз 
арқылы жеткіземіз.
2-жүргізуші: Қазақстан Респуб-
ликасының өз күшіне енген Консти-
туциясында мемлекеттік тіл – қазақ 
тілі деп жазылған. Еліміздің аза-
маттары бірінші – қазақ тілін білуі 
тиіс. Оның үстіне қазіргі кезде тіл-
дің қоғамдық өмірде орны өте үл-
кен, маңызы зор. Оған себеп мынау: 
қоғамның дамуына қарай тілдің атқа-
ратын қызметтерінің саны да өсе бас-
тайды. Мысалы, қазір халықаралық 
деңгейге көтерілген тілдердің қоғам 
өміріндегі атқаратын міндеттерінің 
саны елуден асады. Ал қазақ тілінің 
қоғамдағы атқаратын міндеттерінің 
саны шамамен оншақты ғана. Тілдің 
қоғамдағы орны өскен сайын, сол тіл-
ді қолдайтын этностың да мәдениеті 
жоғарылай түседі.
1-жүргізуші: Ана тілі... Бұл ту-
ралы қаншама айтылып келеді. Ал 
ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та 
түгесу мүмкін емес. Бала кезінде бал-
дай сорып ана сүтімен бойға сіңген 
3.1. Адамгершілік тәрбиесіне 
арналған тәрбие 
сағаттарының үлгісі
Тақырыбы: 
Ана тілім – айбыным менің
Мақсаты: Тәуелсіз елдің әрбір 
жас ұланын туған халқының тілін 
қастерлейтін саналы да парасатты 
азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақы-
рыпқа лайықты безендіру, нақыл 
сөздер жазылған плакаттар, газеттер, 
шығармалар.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. 
Хор: «Менің Қазақстаным»
1-жүргізуші: Қазақ тілі – хал-
қымыздың тарихы, шежіресі арманы 
мен үміті, қайғысы мен қуанышы, 
күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – 
халқымыздың өткен, қазіргі және ке-
лешек ұрпағын тарихы біртұтастық
мызғымас бірлік, ажырамас туыстық 
жағдайда мәңгілік біріктіретін ең 
сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы 
ғана біз халқымызды, Отанымызды 
танып-білеміз, 
халық 
рухының 
сарқылмас бастауы да сонда жатыр. 


219
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
қасиетті туған тілдің арқасында ғана 
жаныңды поэзия шуағына бөлей-
сің, біле-білгенге адамдағы ұлттық 
мақтаныштың алғашқы ұшқындары 
да жүрекке тіл арқылы ұялайды. 
Туған тілге деген сүйіспеншілік 
бала кезден басталмаса кейін қиынға 
соғады. Айналаңдағы адамдарға
өзің өскен ортаның табиғаты мен 
халқының мәдениетіне, дәстүріне де-
ген көзқарас та туған тіліңді білуден 
басталады. 
«Туған тілім» өлеңін оқиды (Ди-
хан Әбілев).
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – данам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет