Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет118/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   195
кітап тарбие туралы

2-жүргізуші: Еміреніп айтса да, 
тебіреніп айтса да өз тілі жөнінде 
өзекжарды сөз айтуға әркімнің-ақ 
хақысы бар. Бірақ бұлай деу – өз тілін 
асқақтатып, өзгенікін аласарту деген 
сезімді ойдан тумаса керек. Тілге тіл-
дің жаулығы жоқ. «Өзге тілдің бәрін 
біл, өз тіліңді құрметте» дегендей 
өзге тілді құрметтеу алдымен өз ті-
ліңді құрметтеуден басталады. Әр-
бір адамның өзінің ана тіліне деген 
көзқарасын қарап, оның мәдени дең-
гейіне ғана емес, сонымен бірге аза-
маттық қасиеттері жөнінде де мүлтік-
сіз баға беруге болады. Өз Отанына 
деген махаббат – өз ана тіліне деген 
шынайы махаббатсыз болуы мүмкін 
емес. Өз ана тіліне немқұрайлықпен 
қарайтын адам хайуанмен тең. 
1-оқушы:
Тіл құдіреті
Тілім менің өмірдегі тірегім, 
Тілімменен тарихымды білемін.
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,
Қастерлеп те, қадірлеп те жүремін.
Қазақ тілі – дана тілі, асыл тіл,
Қазақ тілі – баба тілі, ғасыр тіл.
Қазағымның қуанышын сен жырлап, 
Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.
Қазақ тілім – сөз байлығы малыңған,
Тусын мәңгі ай мен күнің оңыңнан.
Өз тілім деп тебіренген ерлердің,
Ерейікші бүгінгі күн соңынан.
2-оқушы:
Тілді қорға!
Қадірлемей туған жерін, даласын
Сайратса ұлын басқа тілге баласын
Бабам еккен қасиеттен айрылып, 
Мәңгүрт болып, 
қазақтықтан қаласың.
Жайлап алса дабыры көп қоқыс ән,
Жүрегіне басқа тілді тоқысаң. 


220
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Қазақ болып жазылуың бекер-ақ 
Абай жырын аудармамен оқысаң.
Теріс қарай бұрылмасын күн бүгін,
Жатқа еліктеу жайылмасын індеті
Абыройын сақтау үшін еліңнің, 
Тілін қорғау әр адамның міндеті. 
1-жүргізуші: Әрбір саналы адам-
ның өз ана тілінде дұрыстап сөйлей 
білуді мәдениеттіліктің басты белгі-
сі деп ұғынуы тиіс. Ахмет Жұбанов: 
«Әр халықтың ана тілі – білімнің 
кілті», – дейді. Ал кемеңгер жазушы-
мыз М. Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, 
әдебиетін білмеген адам интеллигент 
емес» деген пікір айтса, халық жазу-
шысы Ғ.Мүсірепов осы ойды: «Ана 
тілін тек өгей ұлдары ғана менсін-
бейді, өгей ұлдары ғана аяққа ба-
сады», – деп одан әрі тереңдетеді. 
Мағжан Жұмабайұлының мына 
өлеңі дәл айтылғандай: 
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, 
бақ, ардың, 
Жауыз тағдыр жойды бәрін 
не бардың.
Алтын күннен бағасыз 
бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, 
сен қалдың!
Қорытынды сөз.
Сара жолды салып кеткен зиялы 
бабаларымыз: «Тіліңнің көсегесін 
көгерт, қазақ!» дегендей, болашақ 
ұрпақ, біз ана тіліміздің көркеюіне өз 
үлесімізді қосуымыз керек. 
Тілдің құдіреті, адам өміріндегі 
маңызы туралы жас ұрпаққа талай 
ақын-жазушылардың шығармалары 
белгілі. Сондықтан әрбір адам елінің 
болашағы үшін тіл дәрежесінің көте-
рілуіне өз үлесімізді қосу керек деген 
ойымызды мына өлең жолдарымен 
аяқтағымыз келеді:
Анамның тілі – ардақтым менің, 
Ойлантар әркез тағдырың сенің.
Арманым – алда дамытып тілді, 
Азамат болсам көркейтер елін.
Талғамы, ойы жоғары халық. 
Келеді өрлеп жаңа жол салып.
Заманмен бірге, айбынды тілім,
Мәртебең биік болары анық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет