222
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
сапарлас деген ұғымды білдіреді.
Бұған қарағанда, ертеректе халық
ұзақ сапарға немесе жорықтарға бір-
ге аттанатын серіктерін «жолдас» деп
атаса керек.
Бұған қазақ ертегілері
мен батырлар жырын зейін қоя оқы-
сақ, айқын көз жеткіземіз. Ертегінің
кейіпкеріне жауды жеңетін таусоғар,
көлсоғар, желаяқ сияқты серіктер
жолдан қосылып «жолдас» болады.
Ал эпостағы ержүрек батырлар жау-
ға жолдас ертпей жалғыз аттанып,
қысылған шақта оларды есіне алады
немесе «Қырық жолдасы» артынан
келіп жәрдем етіп жүреді. «Жолға
шықпай тұрып жолдасыңды сай-
ла», «Жолдасын таппаған ер азады»,
«Жолдасы жоқ жігіттің олжасы жоқ»
деген сияқты мақал-мәтелдер және:
Жалғыз жүрсең, жолмен жүр
Жолдан
жолдас қосылар
Жолдан жолдас қосылса,
Жолың болмай несі бар, –
деген қанатты жолдар бұл ойымызды
дәлелдей түседі. Бұл сөз кейінірек
сыйлас, пікірлес, ниеттес, тілектес
адамдардың
қарым-қатынасын біл-
діретін ұғымға айналады. Дәстүрлі
түсінікте жолдас таңдауға ерекше
мән берген. Халықымызда «Жол-
дасың жаман болса, көңілің азар,
жолдасың жақсы болса, күнде базар»
деген қанатты сөздер бар. Жарасым-
ды жақсы жолдастық, қарым-қатынас
бірте-бірте достыққа ұласады.
Дос
Қазақ екінің бірін досым деп атай
бермейді. Достық жан дүниесімен,
арман-мұратымен, іс-әрекетімен, мі-
нез-қылығымен тұтаса жақындасқан
адамдардың берік одағы.
Шынайы
дос бола білу әркімнің қолынан келе
бермейді. Достық – адамгершілік
асыл қасиеттердің жемісі. Қазақтың
көне дәстүрінде дос болған адамдар-
дың арасында серттесу, анттасу рә-
сімі болған. Сондықтан халықымыз
«Есептескен
дос болмас, аңдысқан
ауыл болмас» деген өнегелі сөздер
бар. Достың арасында шек болмайды.
Ал «Доссыз өмір – тұзсыз ас» немесе
«Жүз сомың болғанша, жүз досың
болсын» деп халық достықты ерекше
қадір тұтады.
Құрдас
Халқымыз бұл сөздің астарына да
үлкен мағына сыйғызған, ол бір жыл-
да, бір айда, бір күнде туған адамдар
деген мағынаны білдіреді. Жалпы
адамгершілік
тәрбиеде құрдастық,
достық жолдастық жолымен келе-
ді. Эпостық жырларда батырлардың
құрдастарына да көп орын беріледі.
Мәселен, хандардан қорлық көріп,
жалғыз жүріп тарыққан шағында Ер
Тарғынның елде қалған «Тарғын-
223
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Тарғын дейтұғын,
қолынан сарқыт
жейтұғын» қырық құрдасын сағына-
тыны естеріңде болар.
Пәк көңілден көктем гүлін сыйлаған
Достарыммен қоштасарда қиналам.
Дірілдейді жүректерде сыр сезім
Мөлдірейді қара көздер қимаған
Бір-ақ минут. Қалада олар, көктеммен
Осы бір сәт қымбат,
Оған жетер нең?
Қайран өмір қауышатын құшақтар,
Дәл
осындай қимастықпен
өтер ме ең?!
Әлем әсем, бұлдыры жоқ ешқандай,
Күні де күліп, біздер үшін
шыққандай.
Достасу мен қоштасудың бар сырын,
Ой-хой, бүгін аспан асты ұққандай.
Достарыңызбен бөлісу: