225
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Автор: 17
жасынан сөз өнеріне
араласып, дуалы ауызды би Ша-
банбайдан бата алған Жанқұтты жа-
ман мен жақсыны, адалдық пен аяр-
лықтың, қысқа өмірдің мәнін терең
білген кісі еді. Жолы түсіп Құнан-
байдың үйіне ат басын тіреді. Он-
дайда игі жақсы сәлем бермек, бір
ауыз аталы сөзін естіп қалмақ ел
дәстүрімен ауылдың үлкен-кішісі
қоғадай жапырлап келіп Жанқұттыға
сәлем береді. Солардың ішінде Абай
да бар еді.
Жанқұтты: Абай шырағым, дү-
ние неге сүйенеді?
Абай. Дүние үмітке сүйінеді.
Жанқұтты: Көздің көрмесі бола
ма?
Абай. Иә, көз қабағын көрмейді.
Жанқұтты: Шам жарығы түспес
жер бола ма?
Абай. Шам жарығы түбіне түспей-
ді.
Жанқұтты: Болат пышақтың
кеспесі бола ма?
Абай. Болат пышақ өз сабын
кеспейді.
Жанқұтты: Тамағына тартпай-
тын мақұлқат бола ма?
Абай. Өз тамағына тартпайтын
мақұлқат болмайды. Ата,
сізден бір
сауал сұрасам рұқсат етесіз бе?
Жанқұтты: Ата баладан сұраған
сұрақты бала атасына қойған несі
айып, сұра, шырағым.
Абай: Ата, сұрасам, арсыз не,
қымбат не, дауасыз не?
Жанқұтты: Мұны сен текке сұра-
мадың-ау, балам! Е, шырағым, арсыз
өтірік, қымбат – шындық, дауасыз –
кәрілік.
Абай. Оныңыз рас, ата. Артыңыз-
да айта жүрер өсиет болса, соны ес-
тиін деп едім. Оны естіп, көңілім жай
тапты.
Жанқұтты: Балам, мен бүгін бір
жасап қалдым. Құнанбай мырзаның
әкесінен оза туған, Өскенбай атасына
жете туған баласы бар естуші едім.
Соған көзім жетіп қойған жоқ, көріп,
көңілім тасып отыр, жанарыңның
оты бар екен – ойлылығың шығар, се-
зіміңнің нәрі бар екен – елің сұраған-
да шөл қандырар бұлағы боларсың.
(Батасын береді.)
Бір
сөз айтсаң жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі
Өзін-өзі мақтайды
Көкірегі соқырға
Өмірде тоқ айтпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл,
Қап түбінде жатпайды.
Қазақ
халқының музыкасы Абай
есімімен тығыз байланысты. «Абай
сазгер» деген тақырып бойынша
«Желсіз түнге жарық ай» әні орын-
далады. Оқушыларға танымдық
сұрақтар:
– Абай атаның 500-ге тарта өлеңде-
рі бар. Абайды әлемге танытқан кім?
226
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
–
Мұхтар Әуезов қандай роман
жазды?
Достарыңызбен бөлісу: