231
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
жақтары да туралы ұмытпағанымыз
жөн. Бiздiң мәдениетiмiзге жат ба-
тыс
халқының шектен тыс әдеп-
сiздiк элементтерi елiмiздегi ұлттық
тұтастығымызға әлдеқандай зиян ти-
гiзуде.
Сонау XIX ғасырда орыстың гума-
нист жазушысы Федор Достоевский
«Еуропаға бет бұрысымызды оның
келеңсiз нәрселерiн бойға сiңiруден
бастадық» деп айтып кеткен екен.
Келiсесiздер ме?
2-жүргізуші: Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының мәлiмдемесiнде: «Егер
бiз жаһанданудың пайдалы жақтарын
алуға және жағымсыз жақтарынан
арылуға тиiстi болсақ,
бiз өзiмiздi
жақсы басқара бiлуге үйренуiмiз қа-
жет» деген.
Бұл сөзді аша кетсек, көптеген
ұйымдар – БҰҰ, Еуропалық Одақ
және Дүниежүзiлiк Сауда ұйымдары
сауда қатынастарының ашық болуын
қамтамасыз етуде халықтар мен мә-
дениеттер арасындағы кедергілердi
жоюға тырысып бақты. Бiрақ қазiргi
таңдағы көптеген халықтар арасын-
дағы жанжалдар осы әрекеттердiң
жемiсi деп түсiнген жөн.
Өзiмiздiң халқымызға келетiн бол-
сақ,
ежелден ата-бабаларымыздың
қалдырған мұрасы – рухани мәде-
ниетiмiзден айырылып қалу қаупi
туып тұр. Қалайша бiз рухани мәде-
ниетiмiздi сақтап қалмақпыз?
Дамыған елдер туралы айтсақ
(Англия, Испания, Жапония, Араб
елдерi), олардың өркендеу жолында
ең басты берiк ұстап келе жатқан дү-
ниесi рухани байлығы екенiн бiлемiз.
Демек, рухани байлығынан айырыл-
ған ел бәрiнен айырылады. Тiлi
жоқтың – елi жоқ, дiнi жоқтың – рухы
жоқ. Жылтыраған дүние тек бүгiннiң
ғана қуанышы, көз құртының бүгiнi
ғана жұбанышы болып қала бермек.
Дүние иесiмен сәндi болмақ. Ал
иесi рухани жаны таза, тiлiне, дiнiне
берiк болғанда ғана дүниесiнiң иесi
қала бермек.
Бүкiл ел алдыңғы қатардағы өсiп
келе жатқан мемлекеттер 1-орында
мектептерде дiн тарихын оқытуды
жолға қояды екен. Себебi дiн сабағы
ең үлкен тәлiм-тәрбиенiң жолы емес
пе? Дiн жүрекке иман ұялатады.
Иманды кiсi кез келген өз iсiне сенiм-
мен қарайды. Әрбiр iстi қолға алған-
да ақылға салып,
ертең оның сұра-
уы бар ғой деген оймен ағаттыққа
ұрынбайды. Мұхаммед с.ғ.с. пайғам-
барымыз: «Қоғамның барлық iсiн өр-
кендету үшiн шынайы әдептілiк бо-
луы керек. Ұлт – қоғамды берiк сақ-
таудың жолы. Қағазда жазылғанмен
iс жүзiнде (еркiндiк) болмаса, ой тура
жолға салынбаса, онда мемлекет күй-
рейдi деген сөз» деп өсиет қалдырған
екен. Өзiмiздiң қазақ қоғамымызда
да ежелден әдептiлiк нормаларында
қаншама даналық жатыр: «Безбептi
қазақ малсыздан, безбептi қазақ ар-
сыздан»
дегендей, бiрiншi орынға
«Ар», «Абырой», «Ождан» ұғым-
232
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
дарын қой ған туыстық қарым-қа-
тынас нормасын бұзған адамды ұр-
май-соқпай-ақ, атып-аспай-ақ, сол
өз ортасы жатсынып, оған «елден
шыққан», «қара бет», «жетесiз»,
«мәңгүрт» деген айып
тағылатын бо-
лған. Көшпендiлер қоғамының тәр-
биесiн көрген денi дұрыс адам үшiн
мұнан ауыр жаза жоқ.
Мына сұрақтарға жауап берiңiздер:
• «Жетi атасын бiлмеген ұл – же-
тесiз». Бұл даналық тұжырымды қа-
лай түсiнесiздер?
• «Дiнiне берiк», «дiнi қатты», «дi-
нi аман» деген сөздердi қалай түсi-
несiздер?
• «Жетi атасын бiлген ұл жетi
жұрттың қамын жер, өзiн ғана бiл-
ген ұл құлағы мен жағын жер» деген
сөздi қалай түсiнесiз?
• «Бостандық бостандықты туды-
рады». Неге?
Қорытындылай келе, Жұбан Мол-
дағалиевтің «Менiң халқым» атты
өлеңiнен үзiндi береміз:
Елi бар бақ жұлдызы жанып тұр ған,
Жерi бар жаралғандай жарық нұрдан.
Ер халқым, көтерiлшi өн бойыңа,
Ғаламды таңырқатсын алып тұлғаң.
Ел болдың, ерiктiсiң, күшiң өктем,
Күзiң – жаз, гүл-жазира,
қысың – көктем.
«Қазақтың ұлымын»
деп Еуропада
Мен сенi көкірегiме қысып өтем.
Тар жолдан таймай өткен
халық – батыр,
Алдыңда бұдан да әсем өмiр жатыр.
Дариға-ай, дәурен жетiп көрсем сенi,
Тойыңа толған шақта толы ғасыр, –
деп ойымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: