Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет130/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   195
кітап тарбие туралы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Оқушы
Сынып жетекшісі: Енді, елдер-
дің астаналарына тоқталайық. Сіздер 
білесіздер, тарихта бірнеше аста-
на болған, бір қаладан екіншісіне 
ауыстырылып отырған. Қанекей! 
Оқушы: Қазақ хандығы қалып-
тасқан және көркейген кезеңде еліміз-
дің астанасы Түркістан қаласы бол-
ған. Ежелгі кезде Түркістан «Йасы» 
деп аталған. Ол аса маңызды керуен 
жолдары торабында ірі әкімшілік
шаруашылық және діни орталық ре-
тінде ерекше көзге түскен. VІІ ғасыр-
да қала Түркістан деп атала бастаған.
Оқушы: Иә, қазақ жерінің түк-
пір-түкпірінен, Орта Азиядан, Сібір-
ден келген сауда жолдары осында 
тоғысқан. Орыс патшасының қазақ 
хандарына жіберген елшілері Түркіс-
танға келіп, ханға грамота тапсырған. 
Түркі тілдес мұсылмандардың әулие-
сі Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі 
салынғаннан кейін бұл қала түркілер-
дің діни орталығына айналған. 
Оқушы: 1920 жылы Кеңес үкіме-
ті орнап, Қазақстан республика бо-
лып жарияланғанда, оның астанасы 
ретінде Орынбор қаласы таңдап 
алынды.
Оқушы: Орынбор Қазақстан мен 
Орта Азияға баратын үлкен керуен 
жолының үстінде жатты. Кейінірек 
Одақтас Республикалардың шекара-
ларын белгілегенде Орынбор Ресей-
дің жерінде қалды да, астананы басқа 
қалаға көшіруге тура келді. 
Оқушы: 1925-1929 жылдары 
Қазақстанның астанасы ежелгі қа-
ла – Қызылордада орналасты. Оған 
қаланың Орынбор-Ташкент темір 
жол бойында жататындығы, Мәскеу-
мен тікелей байланыс жасауға оңтай-


235
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
лылығы себеп болды. Дегенмен, 
табиғат жағдайларының тым қо-
лайсыздығы бұл қаланың астана ре-
тінде өсіп, кеңеюіне мүмкіндік бер-
меді. 
Оқушы: 1929 жылы астана Ал-
матыға көшірілді. Тарихи деректерге 
қарағанда, қазіргі Алматының орнын-
да ежелгі заманда Алмалы деген 
қала болған. Ол керуен жолдарының 
тоғысқан жерінде орналасқан. 
Оқушы: Ал 1854 жылы орыс әс-
керлері Іле Алатауының бөктерінде 
ежелгі мекеннің орнына Верный де-
ген бекініс құрған. Көп ұзамай бе-
кініс Жетісу аймағының әкімшілігі 
және мәдени орталығына айналған. 
Дегенмен, қаланың жан-жақты өсуі 
оның еліміздің астанасы мәртебесін 
алуымен байланысты болды. 
Оқушы: Еліміз егемендік алған-
нан кейін оны басқару жүйесіне күр-
делі өзгерістер енгізілді. Соған орай, 
астананың қиыр шетте жатуы мем-
лекетті басқару ісіне қолайсыз екен-
дігі байқалды. Сондықтан Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жар-
лығымен 1997 жылы 10 желтоқсан-
нан бастап Ақмола қаласы Қазақстан 
Республикасының астанасы болып 
жарияланды. Ол іргесі қаланғаннан 
Ақмола кейіннен «Целиноград» деп, 
1992 жылы қайтадан «Ақмола», ал 
1998 жылы 6 маусымнан «Астана» 
деп аталды. Астана – Қазақстанның 
бас қаласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет