301
ГЛОСCАРИЙ
Ағартушылық – қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік
идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам
кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, тұрмысын өзгертуге күш
салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Лессинг, Шиллер,
Гёте, т.б. болды. Олар өз уағыздарын қоғамның барлық топтары мен жіктері-
не, әсіресе билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі
адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді.
Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы ролі туралы түсінік-
терге ден қойды. Ағартушылық идеясы XVIII ғасырда әлеуметтік көзқарастар-
дың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама
өзіндік сипатта өркен жайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында Абай Құнанбайұлы,
Ыбырай Алтынсарин, т.б. тұлғаларды айтуға болады.
Адамгершілік тәрбиесі – жеке тұлғаның, жасөспірімдердің,
оқушылар-
дың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және
оларға өздерінің бір-біріне,
отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке,
Отанға
деген көзқарасын, пікірін анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін
қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі.
Азаматтық тәрбие – азаматтықты адамға өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі
және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін тұлғалық интегратив-
тік қасиет ретінде қалыптастыру.
Ар-ұят – ізгілік пен мейрімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіре-
тін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекеті
мен мінез-құлқына баға беруі мен байланысты туындайтын қасиет. Бұл адам-
ның өзінің қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін
терең сезінуінен
туындайды. Ұят ішкі сезіммен байланысты туындап, сыртқы бет әлпет пішін-
нен көрініс табады.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ
отбасында ата-ананың ролі ерекше мәртебеге ие. Осыған сәйкес олардың ті-
келей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндет-
ті. Қазақ стан Республикасының Конституциясында
ата-аналар мен олардан
тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өр-
кениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қан-