Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет27/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   195
кітап тарбие туралы

2. Отбасы тәрбиесiнiң құқықтық 
негізі. Отбасы тәрбиесiнiң, ата-
ананың 
әлеуметтiк-жауапкершiлiк 
қыз меті мен іс-әрекетi ретiнде басты 
құқықтық негiзi бар. 1989 жылы 
20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы 
қабылдаған «Бала құқығы туралы 
Конвенция» – негiзгi маңызды құжат. 
«Балаға, дене жағынан және ақыл-
ойының жетiлмегендiгiнен, арнайы 
қорғау мен қамқорлық, соның iшiнде 
туылғанға дейiнгi және туылғаннан 
кейiнгi тиiстi құқықтық қорғау ке-
рек» деп келтірілген. 
Олай болса, баланың өмiр сүру, 
оқу, ойын және салауатты даму құ-
қығын жариялай отырып, аталған 
Конвенцияда баланың жеке тұлғалық 
дамуында өзiнiң дербестiгiн, да-
ралығын сақтау құқығына ерекше 
көңiл бөледi. Сондай-ақ баланың 
ата-анаға деген құқығы да ескерiледi. 
Ата-ана «баланың мақсат-мүддесi 
үшiн қажетін» орындамаған жағдай-
да ғана өз құқықтарынан айырылады. 
Осы Конвенцияға қол қойған мем-
лекеттер мына мiндеттердi орындауы 
тиiс: ақысыз және бәрiне мiндеттi 
бастауыш бiлiм енгiзу, орта және кәсi-
би бiлiм алуға жағдай жасау, жоғары 
бiлiм алуға жол ашу. Конвенцияның 
28-тарауында: «Мектептегi тәртiп ба-
ланың адами қадiр-қасиетiне құрмет 
көрсететiн әдiстер арқылы жүргiзiлуi 
тиiс» деп келтіреді. 
Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассам-
блеясының 1959 жылы 20 қарашада 
қабылдаған «Бала құқығының дек-
ларациясы», «Адам құқықтарының 
жалпы декларациясы» және басқа да 
көптеген халықаралық құжаттары, 
Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясының отбасы, сондай-ақ 
қатынастарды, баланың отбасы мен 
қоғамдағы тәрбиесi және ағарту-
шылығы мәселелерiн қамтитын та-
раулары негiз болды. Қазақстан Рес-
публикасының Конституциясының 
27-бабында: «1. Неке мен отбасы, ана 
мен әке және бала мемлекеттің қорға-
уында болады. 2. Балаларына қамқор-
лық жасау және оларды тәрбиелеу –
ата-ананың негізгі құқығы әрі мін-
деті. 3. Кәмелетке толған еңбекке 
қабілетті балалар еңбекке жарамсыз 
ата-анасына қамқорлық жасауға мін-
детті» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясында бекiтiлген отбасы 
тәрбиесiнiң құқықтық принциптерi 
«Неке және отбасы туралы» Кодексін-
де нақтыланған. Онда қазiргi заманғы 
отбасы құқығының бiр некелiк, неке-
ге тұрудың бостандығы мен еркiндiгi, 
ерлi-зайыптылардың отбасы қатына-
сындағы тең құқығы сияқты негiзгi 
принциптерi жазылған. Бұл құқықтар 
отбасы өмiрiндегi, отбасы ұжымын-
дағы өзара байланыстың терең де-
мократияға жол ашады. Аталған ко-
дексте «Баланың отбасында өмір 
сүру және тәрбиелену құқығы» ту-
ралы 60-бабында: «Баланың өз ата-
анасы тарапынан тәрбиеленуiне,


61
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
оның тiлек-талаптарының орында-
луына, жан-жақты дамуына, адам-
гершілік қа дiр-қасиетiн сыйлауға 
құқығы бар» деп нақты келтірілген. 
Бала ата-ана билiгiне тәуелдi объект 
ретiнде емес, өзiндiк құқық субъек-
тiсi ретiнде қарастырылады. 
Қазақстан Республикасының «Бi-
лiм туралы» Заңында елдегi бiлiм 
беру-тәрбиелiк процестi мемлекет-
тiк-құқықтық реттеудiң мәселелерi-
не айрықша көңiл бөлiнген. Бұл құ-
жаттың нақты жасалған құқықтық 
негiзi бар, ол ата-аналарға және ба-
лаларға, олардың қазiргi заманның 
талабына сай зиялы бiлiм алуларына, 
құқықтық кепiл бередi. Ата-ана және 
басқа құқық өкiлдерi балаларға өмiр 
сүру мен бiлiм алу үшiн салауатты 
және қауiпсiз жағдайлар жасау керек, 
бала жеке тұлғасының интеллектуал-
ды және адамгершілік қасиеттерiнiң 
дамуын қамтамасыз етулерi керек. 
Жалпы алғанда, Қазақстан Респуб-
ликасында елдегi бiлiм беру мен 
тәрбие процесiн жүзеге асыратын, 
қызмет етiп тұрған құқықтық негiз 
бар, отбасының дамуына кепiл бе-
ретiн және отбасы өмiрiнiң, отбасы 
ұжымындағы өзара байланыстың те-
рең демократиялық бағытын қамта-
масыз ететiн құқықтық нормалардың 
жүйесi жетiлген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет