Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет86/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   195
кітап тарбие туралы

(«Құнанбайұлы А. Шығарма-
ларының екі томдық толық жи-
нағы» кітабынан, Т.1., 63-64-бб.)
Адамгершілік-имандылық 
тәрбиесі туралы
 
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз. 
(«Құнанбайұлы А. Шығарма-
ларының екі томдық толық жи-
нағы» кітабынан, Т.1., 60-бб.)
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы
Сенбе жұртқа, 
тұрса да қанша мақтап
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша 
мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.


163
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа 
еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, 
тастай көрме.
(«Құнанбайұлы А. Шығарма-
ларының екі томдық толық жи-
нағы» кітабынан, Т.2., 13-б.)
Абай Құнанбайұлының бала 
тәрбиесіне арналған 
тағылымдық өнегелі сөздері
Жетінші сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі 
мінезбен туады: біреуі – ішсем, же-
сем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –
тәннің құмары, бұлар болмаса, тән 
жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм 
өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі 
білсем екен демелік. Не көрсе соған 
талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен 
болса, оған қызығып, аузына салып, 
дәмін татып қарап, тамағына, бетіне 
басып қарап, сырнай-керней болса, 
даусына ұмтылып, онан ержетіңкіре-
генде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу 
күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгі-
ріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, 
«ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйте-
ді?» деп, көзі көрген, құлағы естіген-
нің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. 
Мұның бәрі – жан құмарлығы, білсем 
екен, көрсем екен, үйренсем екен де-
ген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген 
сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп 
білмесе, адамдықпен орны болмайды. 
Оны білмеген соң, ол жан адам жаны 
болмай, хайуан жаны болады. Әзел-
де Құдай тағала хайуанның жанынан 
адамның жанын ірі жаратқан, сол 
әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат 
жетпеген, ми толмаған ессіз бала күн-
дегі «бұл немене? ол немене?» деп, 
бір нәрсені сұрап білсем екен деген-
де, ұйқы, тамақ та есімізден шығып 
кететұғын құмарымызды, ержеткен 
соң, ақыл кіргенде, орнын тауып із-
деніп, кісісін тауып сұранып, ғылым 
тапқандардың жолына неге салмайды 
екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, 
құмарланып жиған қазынамызды 
көбейтсек керек, бұл жанның та-
мағы еді. Тәннен жан артық еді, 
тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. 
Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шу-
лап, қарғадай барқылдап, ауладағы 
боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас 
күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен 
соң, күш енген соң, оған билетпедік. 
Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәр-
сеге көңілмен қарамадық, көзбен де 


164
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
жақсы қарамадық, көңіл айтып тұр-
са, сенбедік. Көзбен көрген нәрсе-
нің де сыртын көргенге-ақ тойдық. 
Сырын қалай болады деп көңілге 
салмадық, оны білмеген кісінің несі 
кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса 
да ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, 
Тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» 
дейміз, артығын білмейміз, айтып 
тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде се-
нім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің 
хайуан малдан неміз артық? Қайта 
бала күнімізде жақсы екенбіз. Біл-
сек те, білмесек те білсек екен деген 
адамның баласы екенбіз. Енді осы 
күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайу-
ан білмейді, білемін деп таласпайды. 
Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп 
надандығымызды білімділікке бер-
мей таласқанда, өлер-тірілерімізді 
білмей, күре тамырымызды адырай-
тып кетеміз. («Құнанбайұлы А. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет